
Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?
Сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырған сәтте, деректеріңіздің бір бөлігі мұхит түбімен, қараңғы әрі суық тереңдікте, жарық жылдамдығымен жүгіріп жатқан болуы мүмкін.

Сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырған сәтте, деректеріңіздің бір бөлігі мұхит түбімен, қараңғы әрі суық тереңдікте, жарық жылдамдығымен жүгіріп жатқан болуы мүмкін.

Ибн Сина эволюция теориясын ашқан жоқ. Бірақ оның мың жылдық метафизикасы бүгінгі биология философиясының ең қиын сұрақтарының біріне жауап іздеуге көмектесе алады — американдық ғалым Джон МакГиннистің 2025 жылғы зерттеуі дәл осыны көрсетеді.

Жасанды интеллект адамдарды молшылыққа жеткізуі мүмкін. Бірақ сол технологияны кім басқарады? Илон Масктың болжамынша, болашақта бұл мүмкіндік тіпті ең бай адамдардың қолында да қалмауы ықтимал. Уолтер Айзексонмен сұхбатында кәсіпкер ЖИ-дің адамға бағынуы, ақшаның маңызы және машиналар барлық жұмысты атқаратын қоғамдағы адамның орны туралы ой бөлісті.

«Мен өзімді жабық саябаққа қараңғыда жасырын кіріп кеткендей сезінемін», — деп сыбырлады Астананың бос көшелерінде үрейі ұшқан америкалық турист. Миллиардтар жұмсалған алып мегаполистен бірде-бір тірі жан таппай қара терге түскен шетелдіктер, кездейсоқ қалалық автобусқа мінгенде мүлдем басқа тосын шокқа ұшырады.

Әлеуметтік желіде бір ролик жүр: тозған покрышканы темір құбырға тығып қыздырасыз да, шүмектен бензин ағады. Астында — «зауыт салсаң, ақшаны күреп аласың» деген уәде. Мұндай видеоның астында әрдайым бір сұрақ тұрады: рас па?

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

«Арзанның сорпасы татымас» дейді халық. Смартфон нарығында бұл мақал бұрынғыдан да өткір естіледі. Бірдей ақшаға алынған екі телефонның бірі бес жыл бойы мүдірмей істейді, ал екіншісі екі жылдан кейін кідіре бастайды, қосымшаларды жауып тастайды, қауіпсіздік жаңартуларын алмай қалады. Сырттай қарасаңыз, екеуінің де қорабында «120 Гц», «108 МП», «5G» деген жазулар тұр.

Бір жылдан кейін шотыңызды банк емес, такси немесе курьер қосымшасы ашуы әбден мүмкін. Қазаннан бастап Қазақстанда шот ашып, ақша аудара алатын, бірақ депозит алмайтын және несие бермейтін «төлем банктері» пайда болады. Ұлттық банктің мәліметінше, лицензияға 10-нан астам ұйым құжат дайындап жатыр. Yandex Qazaqstan басшысы лицензияға «тәбетінің» бұрынғыдан әлдеқайда артқанын жасырмады. Бірақ әлем тәжірибесі бір нәрсені ескертеді: нарықты ашу оңай, ал оны ашық ұстап тұру қиын.

Скандинав руналары мен көне түркі бітігі - бір әліпбидің екі нұсқасы деген пікір интернетте мыңдаған рет қайталанды. Ғылым бұл болжамды бес тармақ бойынша тексерді. Нәтиже екі жақтың да көңілінен шықпайды.

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

Бұрын бір сағат жұмсаған тапсырмаңызды енді он минутта орындадыңыз делік. Қалған елу минутта демаласыз ба, әлде тағы бес тапсырма аласыз ба?

2026 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толды. Қырық жыл бойы жүргізілген 456 ядролық сынақ қазақ даласына ғана емес, миллиондаған адамның өміріне өшпес із қалдырды. Архивтік құжаттар мен кинохроника сол қасіретті кезеңнің адам тағдырына қалай әсер еткенін бүгінгі ұрпаққа үнсіз жеткізіп тұр.

Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК елорда тұрғындарына АИТВ-ға тегін тексерілуге мүмкіндік бар екенін хабарлады

«Айналамды 360 градуста көріп тұрғандаймын»: Миындағы 11 миллиметрлік ісіктен жасанды интеллекттің көмегімен құтылып, бір апта ішінде аяққа тұрған ер адамның таңғажайып оқиғасы. Медицинадағы жаңа дәуірдің басталу құпиясы ашылды.

Қазақстандық әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамыздан басталады. Бағдарлама арқылы бастапқы және қайталама нарықтан баспана сатып алуға болады. Бұл жолы бағдарлама талаптары жаңартылып, несие сомасы 50 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Алматы облысында автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесіне сот үкімі шықты. Олар қылмысқа қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

25 тамыздан бастап Қазақстанда электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынды. Енді самокат жүргізушілері веложолдарды пайдалануы керек, ал олар болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен қозғала алады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сессия 28 тамызда Астанада өтеді.

Қазақстанда Digital Nomad бағдарламалары арқылы 262 шетелдік IT маманы тиісті мәртебеге ие болды. Astana Hub жүзеге асырып отырған бағдарламалар халықаралық технологиялық таланттарды тартуға және елдің IT экожүйесін дамытуға бағытталған.

Көлік түрлерінің ішінде жүк және жолаушы тасымалы бойынша бірдей кері динамика көрсеткен жалғыз сала – теміржол көлігі.

Жетісу облысының тұрғыны есірткі таратуға қатысты тыйым салынған интернет-ресурстардың сілтемелерін граффити түрінде жазғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

2026 жылдан бастап Отбасы банкінің салымшылары мен баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін тұрғын үй алудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бұл өзгерістер мемлекеттік сыйлықақыны тағайындау тәртібін өңдеп қана қоймай, пәтерлерді кезектегі отбасыларға шаршы метріне емес, бөлме санына қарай үлестіруді көздейді.

Астана мен Бурабайда жаһандану дәуіріндегі ұлттық бірегейлікті сақтау және рухани мәдениетті жаңғырту мәселелеріне арналған ауқымды халықаралық ғылыми конференция өтті. Екі күнге созылған алқалы жиын Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Польша ғалымдарының басын қосып, дәстүр мен заманауи дамудың өзара сабақтастығын талқылаған маңызды пікірталас алаңына айналды.

Үндістанның Бихар штатында ғалымдар Үнді-Ганг жазығының жер асты суларында тіршілік ететін Gangaichthys indonepalicus атты жаңа балық түрі мен жаңа туысын анықтады. Бұл — Ганг алабынан тіркелген алғашқы жерасты балығы.

Араб әлеміндегі ең танымал деректі фильм түсіруші, YouTube-те 20 миллионнан астам жазылушысы бар Джо Хаттаб (Joe HaTTab) Қазақстан туралы толықметражды фильмін жариялады. Орысша нұсқасы «Самая недооцененная страна мира» деген атпен шықты.

Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жарату бағдарламасын қайта жандандыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба іске қосылса, жарамдылық мерзімі өтіп, қолданыстан шыққан көлігін арнайы қабылдау орындарына тапсырған азаматтарға Қазақстанда өндірілген жаңа автокөлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат ұсынылады.

Бабаларымыз қалта сағаты мен қабырға күнтізбесінсіз «бүгін нешесі, қазір сағат неше» дегенді қалай білген? Тойға шақырғанда қандай сөз айтқан? Дала неге кешігуді кешірген? Көшпенді өркениеттің уақыт жүйесі туралы толық әңгіме.

Афина маңындағы жаппай қабірден кісенделген 79 ер адамның сүйегі табылды. Жаңа зерттеу олардың сырттан келген жауынгерлер емес, өз жерінде туып-өскен жергілікті тұрғындар болғанын көрсетті. Ғалымдар мұны олардың тіс эмаліндегі химиялық іздер арқылы анықтаған.

ШҚО-ның Самар ауылында алты баланың анасы бұрынғы күйеуінің шабуылынан кейін ауруханаға түсті. Әйелдің айтуынша, ер адам жұмыс үзілісі кезінде оған пышақпен тап берген. Жәбірленуші ауыр жарақат алып, құлағының бір бөлігінен айырылды.

Қазақстанның мемлекеттік қарызы өскенімен, оның құрылымында маңызды өзгеріс байқалды. DALA INSIDE Telegram арнасының мәліметінше, Үкімет сыртқы қарызды біртіндеп азайтып, қаржыландырудың басым бөлігін ішкі нарыққа бағыттай бастаған. Сарапшылар мұны қаржылық тұрақтылықты күшейтетін оң үрдіс деп бағалайды.

Қазақстан алдағы екі жылға Түркі тау шаңғысы курорттары одағына төрағалық етуді қабылдады, ал ұйымның жаңа басшысы болып Shymbulak курортының бас директоры Ринат Абдрахманов сайланды. Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен Өзбекстандағы Amirsoy курортында өткен Одақтың Екінші саммитінің қорытындысы бойынша Shymbulak коммуникациялар департаменті мәлімдеді.

Қазақстан экономикасы қағаз жүзінде қарыштап дамып жатқанымен, халықтың әмияны бұл өсімді сезініп отырған жоқ. Үкімет ЖІӨ-нің рекордтық көрсеткіштерімен мақтанған тұста, қарапайым халықтың нақты кірісі соңғы жиырма жылда болмаған деңгейде төмендеуде.

Алаш зиялыларының рухани болмысы мен өзара сыйластығы олардың хаттарынан айқын көрініс табады. Жүсіпбек Аймауытовтың 1924 жылы Мағжан Жұмабаевқа жолдаған хаты – қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше құжат.

Ғасырлар бойы жалғасқан күрделі тарихи оқиғалар қазақ және жоңғар халықтарын тағдырлас етіп, өзара тығыз мәдени әрі генетикалық байланысқа алып келді. Бүгінде кешегі жоңғарлардың ұрпақтары қазақ этносының құрамына толықтай сіңіп, Төлеңгіт және Қалмақ рулары ретінде біздің ортақ тарихымыз бен бай мұрамыздың ажырамас бөлігіне айналып отыр.

Шалғайдағы малшыларға медициналық көмек көрсеткен этникалық қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары марапаты – «1 шілде» орденімен наградталды

80 жыл бойы қазақтан жасырылған ұлы шындық ашылды! Қазақстанның өзін ресми түрде Алтын Орданың тікелей мұрагері деп жариялауы Кеңестік жалған тарихтың күл-талқанын шығарып, Мәскеудің зәресін алуда. Белгілі тарихшы Жақсылық Сәбитов «Exclusive» журналына берген сұхбатында ұлттық санадағы бұл батыл қадамның астарында қандай үлкен саясат жатқанын және көршілердің біздің шынайы тамырымызбен қауышқанымыздан неге өлідей қорқатынын ашып айтты.

Елорда іргесіндегі Қараөткел мен Қаражар ауылдарының тұрғындары аптап ыстықта бір жұтым суға зар болып, күнделікті тіршілігі нағыз азапқа айналды. Жауапты мекеменің қаржылық айналымы миллиардтап саналғанымен, қарапайым халық су қосылса жарық сөнетін қорлықтан және шенеуніктердің бітпейтін құрғақ уәдесінен әбден шаршады.

Қазақстан мұнайынан түскен табыстың 98 пайызы шетелдіктердің қалтасына кеткенін білдіңіз бе? Ширек ғасыр бойы халықтан тарс жасырылып келген құпия келісімшарттардың шындығы әшкереленіп, жүз мың теңгенің затын он миллионға рәсімдеп, шығынды қолдан өсірген батыс алпауыттарынан Астана енді халықаралық төрелік сот арқылы 160 миллиард долларды өндіріп алмақ.

Әскери сарапшы Ермек Сейітбатталов Динара Егеубаеваның YouTube-арнасында Қазақстан армиясының соғысқа дайын емес екенін мәлімдеді. Бұған қорғаныс саласындағы терең кадрлық дағдарыс пен тиімсіз әскери одақтарға мүшелік тікелей себеп болып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хантавирустың соңғы өршуі 2 шілдеде ресми түрде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Әлемнің ондаған елін аралаған танымал саяхатшы-блогер Francois Marc Қазақстанға алғаш рет тек 2024 жылы келіпті. Оның айтуынша, бұған дейін өзі де, айналасындағы адамдар да Қазақстан туралы мүлде білмеген. Алайда Астанаға келгеннен кейін блогердің пікірі түбегейлі өзгерген. Ол елорданы қауіпсіздігі, тазалығы мен заманауи келбеті жағынан әлемдегі көптеген қалалардан жоғары бағалап отыр.

АҚШ президенті – әлемдегі ең көне әрі үздіксіз сақталып келе жатқан мемлекеттік лауазымдардың бірі. Америка Құрама Штаттары жас мемлекет болғанымен, президенттік институт 1789 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Алтай тауларындағы Дөңдібұлақ үңгірінен табылған жартас суреттері әлемдегі ең көне шаңғы мәдениетінің дәлелі саналады. Ғалымдардың пікірінше, жасы 10–12 мың жылға жететін бұл петроглифтер адамзаттың қарлы ортаға бейімделу тарихын жаңа қырынан танытады.

Мариан шұңғымасы шамамен 11 шақырым тереңдікке дейін созылады. Жақында жүзеге асырылған MEER халықаралық ғылыми жобасы бұл аймақта бұрын ғылымға белгісіз болған мыңдаған микроорганизмдердің тіршілік ететінін көрсетті.

Норвегиялық студент Мартина Магнуссен 2008 жылы Лондонда өлтірілді. Алайда бұл іс арада 18 жылдан астам уақыт өтсе де жабылған жоқ — басты күдікті, йемендік миллиардер ұлы Фарук Абдулхак әлі күнге дейін сот алдына келген емес.

«Титан» батискафы неге су астында жарылып кетті? Мұхит түбіне саяхатқа шыққан 5 адамның өмірін қиған бұл апат – жай ғана сәтсіздік пе, әлде алдын алуға болатын қателік пе?

Кембридж университетінің ғалымдары жасанды интеллекттің (AI) көмегімен жасалған түбегейлі жаңа вакцинаны әзірледі. Бұл вакцинаның негізгі құрамдас бөлігі толығымен жасанды интеллект арқылы жобаланған және алғаш рет адамдарға сыналып көрілді.

Фри картобы картоптың денсаулыққа зиян тағам ретінде қабылдануына себеп болып жүрген негізгі өнім болуы мүмкін. Ғалымдар картоптың өзі емес, оның қалай дайындалатыны 2-типті диабет қаупіне әсер етуі ықтимал екенін анықтады.

Чернобыль жарылысы Украинада болғанымен, оның үнсіз зардабы Қазақстанға да жетті: мыңдаған қазақстандық ажалмен бетпе-бет келіп, көзге көрінбейтін радиациямен күреске жіберілді. Қырық жыл өтсе де, олардың ерлігі толық айтылып, жарасы толық жазылған жоқ — Чернобыль бүгін де ұмытылған тағдырлар арқылы сөйлеп тұр.

Кеменің жүгі Солтүстік Еуропада бұрын-соңды табылмаған ерекше олжа деп бағаланып отыр. Ал кеме қалдығы зерттеушілер тарапынан «уақыт капсуласы» ретінде сипатталды.

Mашина шынымен түсіне ме, әлде тек түсінгендей бола ма?

Мұқағали Мақатаевты қазақ халқы тірі кезінде-ақ сүйді. Бірақ халық жүрегінен орын алған ақынның өз жүрегі өмір бойы жаралы болды. Ол соғыстың салқынын көрді, әкесіз өсті, жоқшылықпен күресті, қызынан айырылды, әдеби ортадан қысым көрді. Бірақ ең ауыр сәттерде де қаламын тастамады. Керісінше, өз қасіретін қазақ поэзиясының мәңгілік үніне айналдырды.

Табиғи шаш — сұлулық индустриясындағы ең қымбат әрі ең даулы тауарлардың бірі. Парик, шаш жалғау, шиньон, қас пен кірпік секілді өнімдер дүкен сөресіне әдемі қаптамамен жеткенімен, оның артында бірнеше елге созылған күрделі өндіріс тізбегі жатыр. Бұл нарықта бір адамның шашы екінші құрлықтағы сән салонында жүздеген, тіпті мыңдаған долларға сатылатын өнімге айналады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңес отырысында сала қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттарын түсіндірді.

Ақмолада шоколад пен пірәндік шығарған қазақ кәсіпкері болған. Баймұхамбет Қосшығұловтың әулеті далада фабрика ашып, тіпті автозауыт салуды армандады. Бірақ бұл тәтті империяны тарихтың ең қатал кезеңі жұтып қойды.

Ауғанстанда қыз болып туу — тағдыр емес, үкімге айналғандай. Бір кездері сабақ берген, спортта ел намысын қорғаған, сұлулық салонын ашып, өз еңбегімен күн көрген әйелдер бүгінде үнсіздікке қамалып, қорқынышпен өмір сүріп жатыр.

Тундраға сырттай қараған адам ең алдымен суықты көреді. Қырық градус аяз, қардан алынған су, ағаш сырық пен бұғы терісінен тігілген чум, байланысы әлсіз, жолы алыс, өмірі ауыр кеңістік. Қала адамы үшін бұл — өркениеттен шет қалған мекен сияқты көрінуі мүмкін.

Кей адамдар өмірден кеткенде артында жай ғана естелік қалдырмайды. Олар өзімен бірге бір дәуірдің үнін, бір халықтың сағынышын, бір ұрпақтың жастық шағын қалдырады. Батырхан Шүкенов сондай тұлға еді.

Елорда аспанмен таласқан үйлерін көбейтіп жатқанда, жер астында ұмытылуға шақ қалған тұтас тарих үнсіз жатыр. Бұл — жоғалған ауылдардың, қорғалған зираттардың және өз өткенін ұмытпауға тырысқан қаланың оқиғасы.

Шыңғыс хан мен Әмір Темір — тарихты жай ғана өзгерткен жоқ, тұтас құрлықтардың тағдырын қайта жазған екі алып тұлға. Бірі әлемді жүйемен бағындырса, екіншісі от пен темір арқылы өз дәуірінің саяси картасын өзгертті.

1990-жылдары «Қыз Жібек» фильмінің пленкасы тозып, қазақ киносының ең маңызды туындыларының бірі жоғалып кету қаупіне тап болды. Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков фильмді қалпына келтіру үшін демеуші іздеп, архив материалдарын жинауға және елге жеткізуге өздері араласқан.

Интернетті бір сәтте құлататын ең қауіпті күш хакер емес, қарапайым балықшы болуы мүмкін. Себебі әлемдік интернет-трафиктің 99 пайызы мұхит пен теңіз түбімен тартылған суасты кабельдері арқылы өтеді.

Африка — кедей құрлық емес. Африка — байлығы көп, бірақ сол байлықтың игілігін өз халқы толық көре алмай отырған құрлық.

Шын мәнінде, бұл — адамды іштен физикалық тұрғыдан жоятын аса ауыр ауру. Ми тура мағынасында өле бастайды, тірі тіннің жүздеген грамынан айырылады.

Қазақ киносының аңызына айналған «Қыз Жібек» фильміндегі Жібек бейнесі Меруерт Өтекешеваны халық жадында мәңгі қалдырды. Бірақ экрандағы нәзік те қайсар кейіпкердің артында тағдырдың ауыр сынын үнсіз көтеріп келе жатқан шынайы адам бар. Актриса сұқбат барысында өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі — жары Құман ағаның өмірден өткен күнін еске алды.

Картаға қарап Африканы Гренландиямен шамалас, ал Ресейді әлемнің жартысы деп ойласаңыз, сіздің де көзіңіз ғасырлар бойғы картографиялық иллюзияға алданды деген сөз. Жер шарын жазық қағазға түсірген Меркатор проекциясы бағытты дәл сақтағанымен, мемлекеттердің шынайы ауқымы мен көлемін құрбан етті.

1956 жылғы Суэц дағдарысы — ХХ ғасырдағы отарлық жүйенің әлсіреп, жаңа әлемдік тәртіптің қалыптаса бастағанын айқын көрсеткен тарихи оқиға. Египеттің Суэц каналын ұлттандыруы Ұлыбритания мен Францияның бұрынғы империялық ықпалын шайқалтып, АҚШ пен Кеңес Одағының жаһандық саясаттағы рөлін күшейтті.

Империя бір күнде құлаған жоқ: Батыс қысымы, ішкі көтерілістер, әскери артта қалу және кеш басталған реформалар Цин жүйесін біртіндеп әлсіретті.

Өркешті кит — мұртты киттер тобына жататын теңіз сүтқоректісі. Аналығы төлін тірі туып, алғашқы айларда тек сүтпен қоректендіреді. Бірақ бұл емізу құрлықтағы жануарлардікіндей емес: төл су астында қоректенеді, ал сүт өте қою әрі майлы болады.

13 жаста басталған алкоголь, 15 жастағы алғашқы мефедрон, 16 жастағы артық дозалану, 18 жаста ересектер индустриясына тап болу және ақыры реабилитация. Бұл оқиға жеке адамның ғана драмасы емес. Бұл — синтетикалық стимуляторлар, жасөспірім психикасы, әлеуметтік осалдық, сексуалдық қанау қаупі және тәуелділіктен айығудың күрделі жолы туралы қоғамға қойылған ауыр сұрақ.

Ғалымдар неандертальдарды қайта тірілту мүмкіндігін талқылап жатыр. Бірақ басты сұрақ — бұл мүмкін бе емес, мұны жасауға бола ма?

Масктың пайымынша, алдағы онжылдықтарда әлемді тек жаңа технологиялар емес, адамның еңбекке, санаға, құндылыққа және өмірдің мәніне деген көзқарасы өзгертеді.

Сахара — үнсіз жатқан кеңістік пе, әлде Жердің көрінбейтін «қозғалтқышы» ма?

Қатерлі ісік көзге көрінбейтін күрес алаңы секілді. Бір жағында бақылаудан шыққан жасушалар, екінші жағында ағзаның қорғаныс жүйесі. Бұл тек ауру емес, тіршілік үшін жүріп жатқан үнсіз шайқас.

Адам маймылдан тарады деген түсінік көпке дейін қарапайым шындықтай қабылданып келді. Бірақ шын мәнінде бұл — эволюция туралы бұрмаланған көзқарас. Дарвин қателесті ме, әлде біз оның идеясын дұрыс түсінбедік пе?

Шығыс Африкадағы Туркана жазығының астында жер қыртысының бұрын болжанғаннан әлдеқайда жұқарып кеткені анықталды. Бұл – құрлықтың біртіндеп ажырау үдерісі әлдеқайда ілгері кезеңге өткенін көрсетеді. Болашақта бұл аймақта жаңа мұхиттың пайда болуына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар дәл осы геологиялық үдерістер адамның ежелгі қалдықтарының неге дәл осы өңірде жақсы сақталғанын да түсіндіреді. Зерттеу нәтижелері Nature Communications ғылыми журналында жарияланған.

Тынық мұхитының тереңінен табылған «алтын шар» бір кездері ғалымдарды да, көпшілікті де таңғалдырған ерекше құбылыс болды

Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебінің постдокторанты Әсел Шәрімова жас ғалымдарға арналған беделді халықаралық Майкл Фуллан атындағы Кәсіби капитал және қауымдастық (Michael Fullan Emerging Scholar in Professional Capital and Community Award) сыйлығының лауреаты атанды. Ол – осындай марапатқа ие болған бірінші қазақстандық қана емес, бүкіл посткеңестік өңірден алғашқы ғалым. 2026 жылы бұл сыйлық әлем бойынша тек екі зерттеушіге берілді.
2026 жылғы ең танымал ноутбуктер: Қазақстан нарығындағы нақты баға және таңдау