Астана мен Бурабайда ұлттық бірегейлік пен рухани мәдениетке арналған халықаралық конференция өтті

Астана мен Бурабайда жаһандану дәуіріндегі ұлттық бірегейлікті сақтау және рухани мәдениетті жаңғырту мәселелеріне арналған ауқымды халықаралық ғылыми конференция өтті. Екі күнге созылған алқалы жиын Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Польша ғалымдарының басын қосып, дәстүр мен заманауи дамудың өзара сабақтастығын талқылаған маңызды пікірталас алаңына айналды.

Ераман Талапқанұлы||2 мин оқу
Астана мен Бурабайда ұлттық бірегейлік пен рухани мәдениетке арналған халықаралық конференция өтті

2026 жылдың 21-22 тамызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Дәстүр мен қазіргі заман диалогы: рухани мәдениет ұлттық бірегейліктің негізі ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз мәресіне жетті. Бұл алқалы жиын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Қазіргі заманғы ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы халық шығармашылығының әлеуметтік рөлін зерттеу: рухани мәдениетті модификациялау және қайта құру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде аталған жоба жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Теңгеш Қаленова сөз сөйлеп, 2025-2026 жылдар аралығында атқарылған ауқымды жұмыстар мен маңызды ғылыми нәтижелерді көпшілік назарына ұсынды.

Халықаралық басқосуға Қазақстаннан бөлек Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Польша елдерінен арнайы келген белгілі зерттеушілер қатысты. Атап айтқанда, ғылыми пікірталас алаңында Түркиядағы Қажы Байрам Вели университетінің профессоры Алпер Алып, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының А.А. Бакиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, профессор Ильхама Маммадова, Өзбекстандағы Әлішер Науаи атындағы Өзбек тілі мен әдебиеті университетінің кафедра меңгерушісі Камолахон Абдуразакова, Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры Гульмира Карабалаева, сондай-ақ Варшава университеті Шығыс зерттеулері кафедрасының меңгерушісі, профессор Анджей Вежбицки сынды танымал ғалымдар баяндама жасады.

Мәртебелі қонақтар ұлт-азаттық күрестің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі, дәстүрлі мәдениет пен әлеуметтік рәсімдердің маңызы, жаһандану дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау жолдары мен заманауи өзгерістердің ұлт болмысына ықпалы жөнінде сүбелі ойларын ортаға салды.

Алқалы жиынның алғашқы күні елордада басталса, екінші күні шара Бурабайдың көркем табиғаты аясында жалғасты. Ондағы «Nomadius» этнографиялық мұражайында «Қазақстандық бірегейлік мәдениетаралық диалогтың негізі ретінде: әлеуметтік-мәдени тәсілдер теориясы мен практикасы» тақырыбында арнайы дөңгелек үстел өтті.

Бұдан бөлек, конференция аясында тарих ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Жамбыл Артықбаевтың «Қазақ халқының салтанатты-ғұрыптық мәдениеті» атты жаңа оқу құралының тұсаукесері өтіп, ғылыми қауым мазмұнды еңбекпен танысты.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 6 қазан 2026, 21:14

Ұқсас мақалалар

 Бір адамның сөзіне сеніп, «еркінмін» деп у ішкен қыздар: Әйелдер қалай темекі шеге бастады?

Бір адамның сөзіне сеніп, «еркінмін» деп у ішкен қыздар: Әйелдер қалай темекі шеге бастады?

«Еркектер әлеміне қарсылық»: Әйелдердің теңдікке деген аңсарын байлық көзіне айналдырған айлакер маркетолог қыздарды қалай алдап соқты?

|Тарих
Маңғыстаулық археологтар 15 ғасырлық жәдігерді қайта жасады

Маңғыстаулық археологтар 15 ғасырлық жәдігерді қайта жасады

Үш бетперде мен 64 алтын тақташа: Маңғыстаулық ғалымдар V–VII ғасырдағы бекзат әйелдің сирек бас киімін қалпына келтірді

|Тарих
Викингтер жазуды Ұлы Даладан ұрлаған ба?

Викингтер жазуды Ұлы Даладан ұрлаған ба?

Скандинав руналары мен көне түркі бітігі - бір әліпбидің екі нұсқасы деген пікір интернетте мыңдаған рет қайталанды. Ғылым бұл болжамды бес тармақ бойынша тексерді. Нәтиже екі жақтың да көңілінен шықпайды.

|Тарих
Жаппай қабірден табылған кісенделген ер адамдар жергілікті тұрғындар болған

Жаппай қабірден табылған кісенделген ер адамдар жергілікті тұрғындар болған

Афина маңындағы жаппай қабірден кісенделген 79 ер адамның сүйегі табылды. Жаңа зерттеу олардың сырттан келген жауынгерлер емес, өз жерінде туып-өскен жергілікті тұрғындар болғанын көрсетті. Ғалымдар мұны олардың тіс эмаліндегі химиялық іздер арқылы анықтаған.

|Тарих
Жоңғарлар жойылып кетті ме?

Жоңғарлар жойылып кетті ме?

Ғасырлар бойы жалғасқан күрделі тарихи оқиғалар қазақ және жоңғар халықтарын тағдырлас етіп, өзара тығыз мәдени әрі генетикалық байланысқа алып келді. Бүгінде кешегі жоңғарлардың ұрпақтары қазақ этносының құрамына толықтай сіңіп, Төлеңгіт және Қалмақ рулары ретінде біздің ортақ тарихымыз бен бай мұрамыздың ажырамас бөлігіне айналып отыр.

|Тарих
Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

80 жыл бойы қазақтан жасырылған ұлы шындық ашылды! Қазақстанның өзін ресми түрде Алтын Орданың тікелей мұрагері деп жариялауы Кеңестік жалған тарихтың күл-талқанын шығарып, Мәскеудің зәресін алуда. Белгілі тарихшы Жақсылық Сәбитов «Exclusive» журналына берген сұхбатында ұлттық санадағы бұл батыл қадамның астарында қандай үлкен саясат жатқанын және көршілердің біздің шынайы тамырымызбен қауышқанымыздан неге өлідей қорқатынын ашып айтты.

|Тарих
LiveInternetZERO.kz