Эвересттегі мәйіттің кім екені 30 жылдан кейін ғана анықталды

«Жасыл бәтеңкенің» сыры ашылды: Альпинистерді үрейлендірген мәйіт туралы шындық

Алаш баласы||2 мин оқу
Эвересттегі мәйіттің кім екені 30 жылдан кейін ғана анықталды
Сурет: Daily Mail

Daily Mail басылымына сілтеме жасаған Liter.kz порталының хабарлауынша, ондаған жыл бойы мыңдаған альпиниске бағдар болған мәйіттің кім екені ресми түрде анықталды. Әлемдегі ең биік шыңның беткейінде мұз бен қар құрсауында қалған адамның денесі 30 жылға жуық уақыт бойы Эвересттің ең танымал әрі үрейлі белгісі болып келген еді. Қар астынан анық көрініп тұратын ашық жасыл түсті тау бәтеңкесіне бола жұрт оны «Жасыл бәтеңке» (Green Boots) деп атап кеткен. Осы уақытқа дейін альпинистер қауымдастығы бұл сүйек 28 жастағы үндістандық өрмелеуші Цеванг Палжорға тиесілі деп есептеп келген еді. Алайда жақында жасалған ДНҚ-сараптама бұл тұжырымды жоққа шығарып, көпжылдық жұмбақтың түйінін тарқатты.

Үнді-Тибет шекара полициясы (ITBP) қайтыс болған адамның жеке басын ресми түрде растап отыр. Мұрағат деректеріне сүйенсек, ол – 1996 жылдың 10 мамырында Эверестті солтүстік беткейінен бағындыруға аттанған алты адамдық экспедиция құрамындағы 47 жастағы Дорже Моруп. Сол күні топты жойқын қарлы боран басып қалып, қатысушылардың үшеуі кері қайтуға мәжбүр болады. Ал Моруп, Цеванг Палжор және Цеванг Саманла сапарды әрі қарай жалғастыруға бел буады. Өкінішке қарай, олардың барлығы сол күні сегіз адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Альпинистер соңғы рет шыңға жеткендері туралы рация арқылы хабар берген. Бірақ көзге түртсе көргісіз түнек пен боранның кесірінен олар қателесіп, ең биік нүктеден 130 метр төменде болуы да әбден мүмкін еді.

Кейінірек құтқарушылар шамамен 8,5 мың метр биіктіктегі Екінші баспалдақ маңынан екі бас шамның жарығын байқайды, осыдан соң байланыс мәңгілікке үзілген. Дорже Моруптың денесі дауылды желден паналамақ болған шағын жартас қуысында бүргежектеген күйде қатып қалған. 8 мың метрден жоғары «өлім аймағында» құтқарушылардың өміріне аса үлкен қауіп төнетіндіктен, мәйіттер төменге сирек түсіріледі. Уақыт өте келе солтүстік-шығыс жотадағы «Жасыл бәтеңке» жатқан үңгір өзге экспедициялар үшін қорқынышты болса да, өте маңызды бағдарға айналды. Таукезерлер осы белгі арқылы 8,5 мың метрлік шектен өтіп, соңғы кезеңге қадам басқандарын түсінетін. ITBP өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта ведомство осы жазда өте қауіпті операцияны жүзеге асырып, Дордже Моруптың сүйегін Тибет жағынан төмен түсіру үшін арнайы тау құтқарушылар тобын іздестіріп жатыр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:29

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz