Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

Алаш баласы||1 мин оқу
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қазақстанда медицина саласындағы тарихи жаңалық орын алды: 9 қыркүйекте Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының базасында елімізде тұңғыш рет Yasargil микрохирургия және микронейрохирургия мектебі ресми түрде ашылды.

Бұл жаңа оқу ордасы еліміздегі травматолог-ортопедтер, қол хирургтері, нейрохирургтер мен жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыратын бірегей практикалық алаңға айналмақ. Мектептің негізгі мақсаты – ұсақ қан тамырлары мен жүйкелерді қалпына келтіру, зақымданған тіндерді реконструкциялау және ауыр жарақаттардан кейін науқастардың аяқ-қолын сақтап қалу секілді аса күрделі операциялық әдістерді отандық мармандарға тереңдетіп үйрету.

Мектептің ашылу салтанатына Қытайдан арнайы делегация келіп, орталық басшылығымен бірге лента қию рәсіміне қатысты. Атап айтқанда, Қытайдың Zhengzhou Renji Hospital директоры Хоу Цзяньси (Hou Jianxi) арнайы дәріс оқып, халықаралық тәжірибе мен заманауи тәсілдер туралы кәсіби пікір алмасты. Сонымен қатар тараптар бірлескен күрделі клиникалық жағдайларды талқылап, пациентті емдеу тактикасын қарастырды және жаңа медициналық жабдықтардың мүмкіндіктерін практиада сынақтан өткізді.

Бұл бастама жол-көлік немесе өндірістік жарақаттар салдарынан зақым алған азаматтарға көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Айта кетейік, жаңа мектептің ашылуы 10–11 қыркүйек күндері өтетін XIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:32

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
Медаль дауы мәресіне жетті: Қырғызстан Қазақстанның жеңісін мойындады

Медаль дауы мәресіне жетті: Қырғызстан Қазақстанның жеңісін мойындады

Медальдар қайта саналды. Қырғызстандықтар бас жүлдені Қазақстанға табыстап, қазақ бауырларын шын жүректен құттықтады

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz