Медаль дауы мәресіне жетті: Қырғызстан Қазақстанның жеңісін мойындады

Медальдар қайта саналды. Қырғызстандықтар бас жүлдені Қазақстанға табыстап, қазақ бауырларын шын жүректен құттықтады

Алаш баласы||2 мин оқу
Медаль дауы мәресіне жетті: Қырғызстан Қазақстанның жеңісін мойындады

Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медальдық есебіне қатысты туындаған дау нүктесіне жетті. Ұйымдастырушылар техникалық қатені мойындап, Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғанын ресми түрде растады.

Бұған дейін қос мемлекеттің ұсынған мәліметтері екі түрлі болып, қоғамда біраз пікірталас тудырған еді. Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың 32 алтын, 20 күміс және 22 қоламен (барлығы 74 медаль) көш бастағанын мәлімдеген болатын. Алайда ұйымдастырушылар жариялаған кестеде Қырғызстан 30 алтынмен бірінші, ал Қазақстан 29 алтынмен екінші орында тұрды. Тіпті Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі Көшпенділер ойындарының тұжырымдамасына сәйкес жалпыкомандалық есеп мүлдем жүргізілмейтінін, басты мақсат — бәсекелестік емес, тарихи мұраны ұлықтау екенін алға тартқан.

Дегенмен жағдайға Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов араласып, арнайы мәлімдеме жасады. Ол доданың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, медаль санаудағы техникалық ақаудың түзелгенін жеткізді.

«Әсіресе көкпар мен жерұлақта қырғыз және қазақ командалары тамаша ойын көрсетіп, бәсекелестіктің тек алаңда ғана қалатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Жанкүйерлер арасында да ешқандай келеңсіздік туындаған жоқ. Бұл үшін спортшыларға және екі елдің жанкүйерлеріне ерекше алғыс білдіреміз. Командалық есептегі жалғыз техникалық айырмашылық медальдарды санау кезінде пайда болды. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының әрқайсысының медалін жеке есептеу туралы шешім қабылдады. Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынды иеленді. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Қырғызстандық спортшылар да бұл ойындарда өз күші мен шеберлігін лайықты көрсете білді. Медаль есебі — спорттың тек бір бөлшегі ғана, ал бұл ойындардың ең үлкен жеңісі — бәсекелестікті құрметпен өткізіп, бауырлас халықтардың ынтымағын тағы бір мәрте көрсете алғанымыз болды», — деді Асқат Алагөзов өз сөзінде.

Айта кетейік, биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтіп, оған үш мыңға жуық спортшы қатысты.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:56

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz