Жасанды интеллект ми ісігін алу отасына алғаш рет қатысты

«Айналамды 360 градуста көріп тұрғандаймын»: Миындағы 11 миллиметрлік ісіктен жасанды интеллекттің көмегімен құтылып, бір апта ішінде аяққа тұрған ер адамның таңғажайып оқиғасы. Медицинадағы жаңа дәуірдің басталу құпиясы ашылды.

Ераман Талапқанұлы||2 мин оқу
Жасанды интеллект ми ісігін алу отасына алғаш рет қатысты
Сурет: ЖИ

Тарихта алғаш рет жасанды интеллект хирургтерге ми ісігін алу отасын жасауға бағыт-бағдар берді. Ота барысын тікелей талдау жүйесі дәрігерлерге маңызды қан тамырлары мен жүйке талшықтарын зақымдап алмауға көмектесті.

Лондон ауруханасының хирургтері көру қабілетінен айырылу қаупі төніп тұрған 48 жастағы науқастың миындағы ісікті алу үшін жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндігін пайдаланды. Жүйе ота кезіндегі бейнені тікелей эфирде талдап, ісік айналасындағы жүйке мен қан тамырларын мамандарға белгілеп көрсетіп отырған.

Бұл күрделі ота мамыр айында Ұлттық неврология және нейрохирургия ауруханасында (UCLH) жасалды. Денсаулық сақтау саласының өкілдері мұны жасанды интеллекттің көмегімен ми ісігін сәтті алып тастаған алғашқы ота деп бағалап отыр. Науқас Рис Хибберт толық оңалғанша, ота туралы ақпарат көпшілікке жарияланбаған.

Хибберттің гипофиз безінде көлемі 11 миллиметрлік ісік болған. Бұл аймақ көру қабілетіне жауап беретін жүйке мен ірі қан тамырларына өте жақын орналасқандықтан, хирургтерге қателесуге мүлдем болмайтын еді. Медиктердің айтуынша, бір миллиметрлік қателіктің өзі соқырлыққа, инсультке немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Жасанды интеллект дәрігерлерге қорғауды қажет ететін маңызды анатомиялық бөліктерді экранда түрлі түспен белгілеп берді. Бұған дейін аталмыш жүйе ауруханада тек зерттеу мақсатында қолданылып, нақты науқастарға жасалатын отада пайдаланылмаған еді.

Бедфордшир тұрғыны Хиббертке диагноз 2024 жылы қойылған. Басында дәрігерлер оны отасыз емдеуге тырысқанымен, кейін науқастың бойында ауыр гормоналды ауытқу пайда болып, көру қабілеті нашарлай бастады. Ота жасалмаған жағдайда ол толықтай соқыр болып қалуы мүмкін еді.

"Есімді жиғанда бөлмедегі барлық затты анық көрдім", – деді Хибберт The Guardian басылымына берген сұхбатында. Ол бір апта ішінде көзілдіріксіз және таяқсыз жүре бастап, тұтынушыларға қызмет көрсету менеджері жұмысына қайта оралған. "Айналамдағы барлық нәрсені 360 градус панорамада көріп тұрғандаймын", – деп қуанышын жасырмады науқас.

Жүйенің техникалық әзірлемесіне Лондон университеті колледжінің (UCL) робототехника және ЖИ бойынша доценті, доктор София Бано жетекшілік етті. Оның айтуынша, бағдарлама жүздеген хирургиялық бейнематериалды зерттеп, түрлі күрделі жағдайларды талдауды үйренген. Жүйе ота кезінде маңызды анатомиялық құрылымдарды, хирургиялық құралдарды және тіндердің өзара әрекетін анықтап, аса нәзік процедуралар кезінде хирургтерге қосымша сенімділік береді.

Бұл отаны Ұлттық денсаулық сақтау және медициналық күтімді зерттеу институты клиникалық сынақ аясында қаржыландырды. Инновациялар жөніндегі ғылыми директор Майк Льюистің сөзінше, бұл процедура дамыған жасанды интеллекттің хирургтерге қалай қолдау көрсетіп, пациенттерге күтім жасау сапасын арттыра алатынын дәлелдеді.

Хибберт өзі емделген аурухананың нейрохирургия саласында бай тарихы бар екенін атап өтті. "Бұл мекеме 1859 жылы құрылып, әлемдегі алғашқы мамандандырылған нейрохирургиялық аурухана болған еді. Сондықтан ЖИ көмегімен алғашқы нейрохирургиялық отаның дәл осы жерде жасалуы өте заңды құбылыс деп білемін", – деді ол.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 7 қыркүйек 2026, 09:53

Ұқсас мақалалар

Медаль дауы мәресіне жетті: Қырғызстан Қазақстанның жеңісін мойындады

Медаль дауы мәресіне жетті: Қырғызстан Қазақстанның жеңісін мойындады

Медальдар қайта саналды. Қырғызстандықтар бас жүлдені Қазақстанға табыстап, қазақ бауырларын шын жүректен құттықтады

|Жалпы
«Ақ жол» партиясының сьезі өтті

«Ақ жол» партиясының сьезі өтті

Дания Еспаева бастаған топ: Құрылтайға баратын 63 кандидат кім?

|Жалпы
Технологиялық көшірмелер: Өздігінен ойлануды доғарған кеңсе қызметкерлері

Технологиялық көшірмелер: Өздігінен ойлануды доғарған кеңсе қызметкерлері

Ертеңгі күні жұмыстан қысқарту басталғанда, тізімнің көш басында дәл осы «тірі делдалдар» тұрады. Себебі кез келген адам чат-ботқа сұрақты өзі-ақ қоя алады, ол үшін ортада делдал ұстаудың қажеті шамалы.

|Жалпы
ІІМ, Sergek және урбанистер оқушыларды жол апатынан қалай қорғамақ?

ІІМ, Sergek және урбанистер оқушыларды жол апатынан қалай қорғамақ?

Жаттанды ереже мен камералар толық пайдасы жоқ: Урбанистер мен ІІМ сарапшылары қазақстандық жүргізушілерді балалардың өмірін сақтап қалу үшін шұғыл өзгеруге шақырды

|Жалпы
Жаңа iPhone 18 Pro мен Pro Max Қазақстанда қаншадан сатылуы мүмкін?

Жаңа iPhone 18 Pro мен Pro Max Қазақстанда қаншадан сатылуы мүмкін?

Тим Кук қызметінен кетіп, орнына жаңа басшы келді: 9 қыркүйекте өтетін тарихи тұсаукесерде Apple миллион теңгелік алғашқы жиналмалы смартфонын көрсетуге дайын.

|Жалпы
16-ға толмадың ба – желі жоқ: Президент жаңа заң ұсынды

16-ға толмадың ба – желі жоқ: Президент жаңа заң ұсынды

Қазақстанда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тіркелуге заң жүзінде тыйым салынбақ. Бұл туралы Президент тамыз кеңесінде мәлімдеді.

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz