Қазақстан Түркі елдері тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді

Қазақстан алдағы екі жылға Түркі тау шаңғысы курорттары одағына төрағалық етуді қабылдады, ал ұйымның жаңа басшысы болып Shymbulak курортының бас директоры Ринат Абдрахманов сайланды. Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен Өзбекстандағы Amirsoy курортында өткен Одақтың Екінші саммитінің қорытындысы бойынша Shymbulak коммуникациялар департаменті мәлімдеді.

Ераман Талапқанұлы||2 мин оқу
Қазақстан Түркі елдері тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді
Сурет: shymbulak.kz

Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді. Алдағы екі жылға Одақтың төрағасы болып Shymbulak тау курортының бас директоры Ринат Абдрахманов сайланды. Бұл шешім Өзбекстандағы Amirsoy тау шаңғы курортында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) қолдауымен өткен Одақтың II саммитінде қабылданды.

 Одақ жарғысына сәйкес төрағалық ресми түрде Әзербайжаннан Қазақстанға өтті.

 «Алдағы екі жыл бойы Қазақстан Одаққа төрағалық етеді. Бұл – әріптестікті нығайтуға, бірлескен бастамаларды дамытуға және елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған үлкен жауапкершілік. Одақ төрағасы болып сайлану – зор мәртебе. Маған сенім білдірген әріптестеріме шынайы алғысымды білдіремін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында маңызды жобаларды жүзеге асырып, курорттар арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердегі тау туризмінің дамуына елеулі үлес қоса алатынымызға сенімдімін», – деді Ринат Абдрахманов.

Түркі тау шаңғы курорттары одағының II саммиті «Шыңдардан өркендеуге: түркі мемлекеттеріндегі тау және тау шаңғы курорттарын бірлесіп дамыту және оларды жаһандық туризм жүйесіне интеграциялау» тақырыбы аясында өтті.

Іс-шараға тау және тау шаңғы курорттарының басшылары, сондай-ақ Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркияның мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Саммит барысында қатысушылар курорттар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен туристік өнімдерді әзірлеу, жазғы тау туризмін ілгерілету, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу, кадрлар даярлау, сондай-ақ саланы климаттың өзгеруіне бейімдеу мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда Одаққа Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркиядағы тоғыз тау және тау шаңғы курорттар кіреді.

Ұйым 2024 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен құрылды. Оның негізгі мақсаты – ұйымға мүше елдердің курорттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және түркі өңірін тау және қысқы туризмнің біртұтас халықаралық бағыты ретінде ілгерілету.

 Суретте (солдан оңға қарай): Shahdag тау курорты басқарма төрағасы Рустам Наджафов, Shymbulak тау курортының бас директоры Ринат Абдрахманов, Amirsoy тау курортының бас директоры Рустамжон Раимжонов.

 

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:48

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz