Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Жетісу облысының тұрғыны есірткі таратуға қатысты тыйым салынған интернет-ресурстардың сілтемелерін граффити түрінде жазғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ераман Талапқанұлы||1 мин оқу
Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Прокуратураның мәліметінше, ер адам есірткі бизнесін ұйымдастырушылармен келісіп, Балпық би ауылындағы қоршауларға, қақпаларға және электр желілерінің бағандарына интернет-сайттардың мекенжайларын жазған. Кейін жазбалардың фотосуреттері мен олардың орналасқан жерінің координаттарын кураторларына жіберіп отырған.

Көксу аудандық соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы — есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау бойынша кінәлі деп таныды.

Облыстық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 19:26

Ұқсас мақалалар

Тұңғыш кинолог қыз Ұлттық ұланда қалай қызмет етіп жүр?

Тұңғыш кинолог қыз Ұлттық ұланда қалай қызмет етіп жүр?

Көпшілік кинологияны тек ер адамдардың ісі деп санағанымен, қатардағы жауынгер Аружан Жүнісова стереотипті бұзды.

|Қоғам
2027 жылдан бастап қайырымдылық қорларының бірыңғай базасы іске қосылады

2027 жылдан бастап қайырымдылық қорларының бірыңғай базасы іске қосылады

Енді жеке шотқа ақша жинау заңсыз: Қазақстанда қайырымдылық қорларының жұмысын ашық ететін бірыңғай база құрылады

|Қоғам
Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесіне сот үкімі шықты. Олар қылмысқа қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сессия 28 тамызда Астанада өтеді.

|Қоғам
Отбасы банкінің жаңа ережелері салымшыларға қаншалықты тиімді

Отбасы банкінің жаңа ережелері салымшыларға қаншалықты тиімді

2026 жылдан бастап Отбасы банкінің салымшылары мен баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін тұрғын үй алудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бұл өзгерістер мемлекеттік сыйлықақыны тағайындау тәртібін өңдеп қана қоймай, пәтерлерді кезектегі отбасыларға шаршы метріне емес, бөлме санына қарай үлестіруді көздейді.

|Қоғам
Ескі көлігін тапсырған азаматқа жаңа көлік алуға жеңілдік берілуі мүмкін: экология минмистрілігі мәлімдеме жасады

Ескі көлігін тапсырған азаматқа жаңа көлік алуға жеңілдік берілуі мүмкін: экология минмистрілігі мәлімдеме жасады

Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жарату бағдарламасын қайта жандандыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба іске қосылса, жарамдылық мерзімі өтіп, қолданыстан шыққан көлігін арнайы қабылдау орындарына тапсырған азаматтарға Қазақстанда өндірілген жаңа автокөлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат ұсынылады.

|Қоғам
LiveInternetZERO.kz