2027 жылдан бастап қайырымдылық қорларының бірыңғай базасы іске қосылады

Енді жеке шотқа ақша жинау заңсыз: Қазақстанда қайырымдылық қорларының жұмысын ашық ететін бірыңғай база құрылады

Алаш баласы||2 мин оқу
2027 жылдан бастап қайырымдылық қорларының бірыңғай базасы іске қосылады
Сурет: ЖИ

Елімізде қайырымдылықтың атын жамылып, жұрттың жанашырлығын табыс көзіне айналдырғандарға тосқауыл қойылмақ деп хабарлады inform.kz. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай цифрлық базасы іске қосылады. Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 9 қазанда бекіткен жаңа ережеге сәйкес, енді кез келген қордың тыныс-тіршілігі, атқарып жатқан жобалары мен қаржылық есебі алақандағыдай ашық болады. Бұл деректерді кез келген азамат еркін көріп, тексере алады.

Жаңа жүйеге тіркелу үшін қорлар электронды өтініш беріп, заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын анықтамасын ұсынуы шарт. Құжаттар тексерістен өткен соң, ұйымға жеке кабинет ашылады. Осы сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қор өкілдері өздері туралы барлық мәліметті базаға енгізуге міндетті. Деректер толық болмаса немесе қате кетсе, оны белгіленген мерзімде түзету талап етіледі. Сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары жылына бір рет, есептік жылдан кейінгі 31 наурызға дейін қазақ және орыс тілдерінде жылдық есебін жариялап отырады. Деректерді тоқсанына кемінде бір рет жаңартып, ал қандай да бір өзгеріс болса, оны он жұмыс күні ішінде жүйеге енгізуі тиіс. Құзырлы орган есептің уақтылы шығуын ғана емес, ондағы әрбір цифрдың шынайылығын да жіті бақылайды.

Мұндай қатаң талаптар бекерден-бекер енгізіліп отырған жоқ. Соңғы кезде әлеуметтік желіде жалған диагноз жамылып немесе ойдан құрастырылған аянышты оқиғалармен халықтың қалтасын қағатындар көбейіп кетті. Мәселен, жақында Астанада 23 жастағы жігіт Threads желісінде «әскерде қорлық көрдім» деп жалған ақпарат таратып, елден ақша жинамақ болған. Тексере келе, оның әскер қатарында мүлдем болмағаны, ал көрсетілген банк шоты бөтен адамға тиесілі екені анықталды. Бұған дейін де елордада ауру баланың еміне деп жиналған 1,3 миллиард теңгенің талан-таражға түскені қоғамды дүр сілкіндірген еді.

Jibek Joly телеарнасындағы «Бүгін Live» бағдарламасында заңгер Аржан Садуақас осындай резонансты жағдайлардан кейін заң талаптары күшейтілгенін атап өтті. Маманның айтуынша, енді жеке тұлғалар өз бетінше қайырымдылыққа ақша жинай алмайды. Қол ұшын созғысы келетін жандар тек арнайы қорлар арқылы көмектесе алады, ал көмекке мұқтаж азаматтар сол қорларға ресми түрде тіркелуі керек.

Өзін науқас ретінде көрсетіп, жалған ақпаратпен ақша жинау — заң тілімен айтқанда, барып тұрған алаяқтық. Тіпті адамның денсаулығында расымен кінәрат болған күннің өзінде, жиналған қаражатты басқа мақсатқа жұмсау немесе негізсіз артық ақша тарту заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады. Ал жаңадан құрылатын бірыңғай платформа халықтан жиналған әрбір тиынның қайда, қалай жұмсалғанын көрсетіп, осындай заңсыздықтардың жолын кеспек. Сондықтан заңгер қайырымдылық жасамас бұрын эмоцияға берілмей, ақпараттың рас-өтірігін мұқият тексеріп, күмән туса, ұйымның құрылтай құжаттарын талап етуге кеңес береді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 20 қазан 2026, 17:09

Ұқсас мақалалар

Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесіне сот үкімі шықты. Олар қылмысқа қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сессия 28 тамызда Астанада өтеді.

|Қоғам
Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Жетісу облысының тұрғыны есірткі таратуға қатысты тыйым салынған интернет-ресурстардың сілтемелерін граффити түрінде жазғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
Отбасы банкінің жаңа ережелері салымшыларға қаншалықты тиімді

Отбасы банкінің жаңа ережелері салымшыларға қаншалықты тиімді

2026 жылдан бастап Отбасы банкінің салымшылары мен баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін тұрғын үй алудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бұл өзгерістер мемлекеттік сыйлықақыны тағайындау тәртібін өңдеп қана қоймай, пәтерлерді кезектегі отбасыларға шаршы метріне емес, бөлме санына қарай үлестіруді көздейді.

|Қоғам
Ескі көлігін тапсырған азаматқа жаңа көлік алуға жеңілдік берілуі мүмкін: экология минмистрілігі мәлімдеме жасады

Ескі көлігін тапсырған азаматқа жаңа көлік алуға жеңілдік берілуі мүмкін: экология минмистрілігі мәлімдеме жасады

Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жарату бағдарламасын қайта жандандыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жоба іске қосылса, жарамдылық мерзімі өтіп, қолданыстан шыққан көлігін арнайы қабылдау орындарына тапсырған азаматтарға Қазақстанда өндірілген жаңа автокөлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат ұсынылады.

|Қоғам
Қазақстан атышулы «Дайвинчикке» тиым салды

Қазақстан атышулы «Дайвинчикке» тиым салды

Жалған махаббат пен жымысқы тор. Алматы соты миллиондаған жастар қолданатын сервисті не үшін жауып тастады?

|Қоғам
LiveInternetZERO.kz