Қазақстан атышулы «Дайвинчикке» тиым салды

Жалған махаббат пен жымысқы тор. Алматы соты миллиондаған жастар қолданатын сервисті не үшін жауып тастады?

Алаш баласы||2 мин оқу
Қазақстан атышулы «Дайвинчикке» тиым салды
Сурет: irecommend.ru

Қазақстанда жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралған «Дайвинчик» Telegram-сервисінің жұмысына толықтай тыйым салынды. Tengrinews басылымының мәліметінше, мұндай қатаң шешімді Алматы қаласы Алатау аудандық соты прокурордың шағымы негізінде шығарған. Бұл жай ғана кезекті бұғаттау емес, артында үлкен қылмыстық іс жатқан күрделі мәселе.

Бұл шектеуге кәмелетке толмаған қыздың басынан өткен ауыр оқиға себеп болды. Алматы қаласы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың қазан айында Алатау ауданының қадағалау органы сотқа арнайы қылмыстық іс жолдаған. Жәбірленуші жасөспірім аталмыш танысу чат-боты арқылы бейтаныс адаммен сөйлесіп, кездесуге барған. Алайда, виртуалды таныстықтың соңы қайғылы жағдайға ұласып, күдікті оған қатысты ауыр заңсыз әрекеттер жасаған.

Осы жаға ұстатарлық оқиғадан кейін құзырлы органдар «Дайвинчик» сервисін жіті тексеріп, оның ешқандай жас шектеуісіз жұмыс істейтінін анықтады. Яғни, кез келген бала еш кедергісіз тіркеліп, қауіпті адамдардың құрбаны болуы әбден мүмкін еді. Сондықтан прокуратура бұл каналдың қызметі балалардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді деп танып, Қазақстан аумағында оның жұмысын тоқтату туралы сотқа талап-арыз түсірді. Нәтижесінде, сот бұл талапты толықтай қанағаттандырып, платформаны заңсыз деп таныды.

Айта кетерлігі, бұл танысу алаңының қауіптілігі тек Қазақстанда ғана емес, көршілес елдерде де әлдеқашан дәлелденіп үлгерген. Мәселен, Ресей соттары соңғы екі жыл ішінде осы сервис арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша жиырмадан астам үкім шығарған. Ондағы қылмыстық схема өте қарапайым әрі қулыққа құрылған. Алаяқтар өздерін сұлу қыз ретінде таныстырып, желідегі жігіттердің сеніміне кіреді де, оларды түрлі жымысқы қылмыстық істерге тартып, торға түсірген.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 15 қараша 2026, 09:49

Ұқсас мақалалар

Секунд ішінде сынған тағдырлар: Қазақстандағы жол қауіпсіздігі туралы деректі фильм жарық көрді

Секунд ішінде сынған тағдырлар: Қазақстандағы жол қауіпсіздігі туралы деректі фильм жарық көрді

Сіз күнде жүретін жол қаншалықты қауіпті? Неліктен Қазақстанда жыл сайын мыңдаған адам үйіне оралмайды? Жылдамдықты асырғандардың өмірі авариядан соң қалай өзгерді? Бұл сандардың артындағы шындықты естігенде төбе шашыңыз тік тұрады. Барлық шындық осы деректі фильмде: https://www.youtube.com/watch?v=RZd4L-K9VX0

|Қоғам
Тұңғыш кинолог қыз Ұлттық ұланда қалай қызмет етіп жүр?

Тұңғыш кинолог қыз Ұлттық ұланда қалай қызмет етіп жүр?

Көпшілік кинологияны тек ер адамдардың ісі деп санағанымен, қатардағы жауынгер Аружан Жүнісова стереотипті бұзды.

|Қоғам
2027 жылдан бастап қайырымдылық қорларының бірыңғай базасы іске қосылады

2027 жылдан бастап қайырымдылық қорларының бірыңғай базасы іске қосылады

Енді жеке шотқа ақша жинау заңсыз: Қазақстанда қайырымдылық қорларының жұмысын ашық ететін бірыңғай база құрылады

|Қоғам
Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесіне сот үкімі шықты. Олар қылмысқа қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сессия 28 тамызда Астанада өтеді.

|Қоғам
Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Жетісу облысының тұрғыны есірткі таратуға қатысты тыйым салынған интернет-ресурстардың сілтемелерін граффити түрінде жазғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
LiveInternetZERO.kz