Бұрынғы күйеуі алты баланың анасының құлағын кесіп тастады

ШҚО-ның Самар ауылында алты баланың анасы бұрынғы күйеуінің шабуылынан кейін ауруханаға түсті. Әйелдің айтуынша, ер адам жұмыс үзілісі кезінде оған пышақпен тап берген. Жәбірленуші ауыр жарақат алып, құлағының бір бөлігінен айырылды.

Ераман Талапқанұлы||1 мин оқу
Бұрынғы күйеуі алты баланың анасының құлағын кесіп тастады
Сурет: Телеграм канал: Атас Отандас

Жәбірленуші Мадина Нұрғалиева TikTok желісіндегі парақшасында оқиғаның қалай болғанын баяндап, арнайы бейнеүндеу жариялады. Оның сөзінше, сұмдық жағдай 2026 жылдың 25 шілдесінде жұмыс үзілісі кезінде, дүкеннің жанында болған.

"Бұрынғы күйеуім маған пышақпен шабуыл жасады. Ол мойныма пышақ сұғуға әрекеттеніп, құлағымның бір бөлігін кесіп тастады және маған бірнеше пышақ жарақатын салды. Бар күшіммен қорғанғанымның арқасында ғана аман қалдым", – дейді әйел.

Мадина бұл қорқынышты жағдайдың бір күнде басталмағанын айтады. Осыған дейін де бұрынғы күйеуі пышақпен қорқытып, өмірін қиятынын айтып қоқан-лоқы жасаған. Әйел өзінің және кәмелетке толмаған алты баласының қауіпсіздігі үшін жергілікті полицияға бірнеше мәрте шағымданған. Оған қоса, шабуылға дейін әлеуметтік желіде көпшіліктен араша сұраған. Алайда, оның сөзінше, тәртіп сақшылары арыздарға салғырт қарап, назар аудармаған. Бұл әрекетсіздік оның өмірін қия жаздады.

ШҚО Полиция департаменті ауыл тұрғынына пышақ жарақаты салынғаны туралы ақпаратты растап, күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Шабуыл жасаған 51 жастағы ауыл тұрғыны (жәбірленушінің бұрынғы жұбайы) қамауға алынды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, жәбірленушімен байланыс жасауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылды. Полиция мәліметінше, ер адам бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған, сондай-ақ ол ата-ана құқығынан айырылған. Қазір іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр және ол Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 22 қараша 2026, 16:14

Ұқсас мақалалар

Секунд ішінде сынған тағдырлар: Қазақстандағы жол қауіпсіздігі туралы деректі фильм жарық көрді

Секунд ішінде сынған тағдырлар: Қазақстандағы жол қауіпсіздігі туралы деректі фильм жарық көрді

Сіз күнде жүретін жол қаншалықты қауіпті? Неліктен Қазақстанда жыл сайын мыңдаған адам үйіне оралмайды? Жылдамдықты асырғандардың өмірі авариядан соң қалай өзгерді? Бұл сандардың артындағы шындықты естігенде төбе шашыңыз тік тұрады. Барлық шындық осы деректі фильмде: https://www.youtube.com/watch?v=RZd4L-K9VX0

|Қоғам
Тұңғыш кинолог қыз Ұлттық ұланда қалай қызмет етіп жүр?

Тұңғыш кинолог қыз Ұлттық ұланда қалай қызмет етіп жүр?

Көпшілік кинологияны тек ер адамдардың ісі деп санағанымен, қатардағы жауынгер Аружан Жүнісова стереотипті бұзды.

|Қоғам
2027 жылдан бастап қайырымдылық қорларының бірыңғай базасы іске қосылады

2027 жылдан бастап қайырымдылық қорларының бірыңғай базасы іске қосылады

Енді жеке шотқа ақша жинау заңсыз: Қазақстанда қайырымдылық қорларының жұмысын ашық ететін бірыңғай база құрылады

|Қоғам
Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында 800-ден астам көлік заңсыз тіркелген: 17 адам сотталды

Алматы облысында автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесіне сот үкімі шықты. Олар қылмысқа қатысу деңгейіне қарай 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сессия 28 тамызда Астанада өтеді.

|Қоғам
Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Қоршауларға есірткі сайттарының жарнамасын жазған тұрғын 3,5 жылға сотталды

Жетісу облысының тұрғыны есірткі таратуға қатысты тыйым салынған интернет-ресурстардың сілтемелерін граффити түрінде жазғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

|Қоғам
LiveInternetZERO.kz