«Қазақстан туралы ештеңе естімегенмін»: әлемді 19 жыл аралаған блогер Астанаға неге таңғалды?

Әлемнің ондаған елін аралаған танымал саяхатшы-блогер Francois Marc Қазақстанға алғаш рет тек 2024 жылы келіпті. Оның айтуынша, бұған дейін өзі де, айналасындағы адамдар да Қазақстан туралы мүлде білмеген. Алайда Астанаға келгеннен кейін блогердің пікірі түбегейлі өзгерген. Ол елорданы қауіпсіздігі, тазалығы мен заманауи келбеті жағынан әлемдегі көптеген қалалардан жоғары бағалап отыр.

Ераман Талапқанұлы|2026 ж. 22 маусым|2 мин оқу
«Қазақстан туралы ештеңе естімегенмін»: әлемді 19 жыл аралаған блогер Астанаға неге таңғалды?
Сурет: Digital Nomads

«Мен бірнеше күн бойы Астананы аралап жүрмін және мұнда шетелдіктерді өте сирек кездестірдім. Бұл маған таңғаларлық көрінді. Өйткені Астана мен болған көптеген қалалардан қауіпсіздеу, таза әрі заманауи сияқты», – дейді саяхатшы-блогер Francois Marc өзінің YouTube арнасында жариялаған видеосында.

Әлемді 19 жылдан бері аралап жүрген блогердің айтуынша, Қазақстанға келу туралы ой оның басына тек 2024 жылы ғана келген. Оның себебі қарапайым – Батыс елдерінде Қазақстан туралы ақпарат тым аз.

«Мен өскен ортада Қазақстан туралы ешкім естімеген. Егер қандай да бір ел туралы естімесеңіз, ол жаққа саяхаттауды да жоспарламайсыз», – дейді ол.

Блогердің пікірінше, Қазақстанның туристік әлеуеті жоғары болғанымен, халықаралық ақпараттық кеңістікте ел жеткілікті деңгейде таныстырылмай келеді. Ол тіпті Қазақстан туралы алғаш рет 1997 жылы шыққан «Air Force One» фильмінен естігенін айтады.

Астанада өткізген бірнеше күн ішінде Francois Marc-ты ерекше таңғалдырған мәселе – қауіпсіздік деңгейі болған.

«Мен күндіз де, түнде де жалғыз жүрдім. Қаланың орталығында да, туристік емес аудандарында да болдым. Бірақ өз өміріме қауіп төндіретін ешқандай жағдайды сезінбедім», – дейді ол.

Саяхатшының сөзінше, жергілікті тұрғындар шетелдіктерге қызығушылық танытқанымен, ешкім мазаламайды.

«Адамдар тек қайдан келгенімді сұрайды. Кейде суретке түскісі келеді. Бірақ одан ары қарай әркім өз шаруасымен кетеді», – дейді блогер.

Francois Marc Астананы тіпті өзі 15 жылдан бері тұрып келе жатқан Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулмен салыстырады.

«Шынымды айтсам, Астана маған барған сайын Сеулді көбірек еске салады», – дейді ол.

Оның айтуынша, қалада заманауи сәулет нысандары көп, жаңа тұрғын үйлер, демалыс орындары, саябақтар салынып жатыр. Сонымен қатар тұрғындардың салауатты өмір салтына бет бұруы да ерекше әсер қалдырған.

Блогер қаладағы жол қозғалысы мәдениетіне де назар аударған. Оның айтуынша, жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жол беруге ерекше жауапкершілікпен қарайды.

«Кейде көліктер жоғары жылдамдықпен келіп, жаяу жүргінші жолағына жеткенде бірден тоқтайды. Мұндайды тіпті Кореяда да жиі көрмеймін», – дейді ол.

Francois Marc-тың пікірінше, көптеген туристер Қазақстан десе ең алдымен Алматыны елестетеді. Ал Астана халықаралық деңгейде өзіне лайық назарды әлі ала алмай отыр.

«Астана лайықты бағасын алмай жүрген қала. Адамдар бұл қала туралы көп білмейді. Бірақ білуі керек», – деп түйіндейді блогер.

Осылайша, әлемнің көптеген елдерін аралаған саяхатшының пікірінше, Астананың басты мәселесі қауіпсіздік немесе инфрақұрылым емес. Керісінше, әлемнің көп бөлігі бұл қала туралы әлі күнге дейін жеткілікті деңгейде хабардар емес.

Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 31.07.2026

Ұқсас мақалалар

Хайуанаттар бағы жануарларды аман алып қалу үшін қандай ерекше тәсіл тапты?

Хайуанаттар бағы жануарларды аман алып қалу үшін қандай ерекше тәсіл тапты?

Итбалықтарға – салқын бассейн, керіктерге – мұз: Bioparco хайуанаттар бағы ыстықпен қалай күресіп жатыр?

|Саяхат
Қабандар Аррабида жағажайларында туристердің тамағын ұрлап жүр

Қабандар Аррабида жағажайларында туристердің тамағын ұрлап жүр

Еуропаның таңдаулы курортындағы күтпеген жағдай болып жатыр. Аппақ құм жағалауында туристердің сөмкесін қабандар ақтарып жүр.

|Саяхат
Ұзындығы бір миль, ішінде 80 мың адам: әлемдегі тұңғыш «жүзбелі қалаға» қош келдіңіз

Ұзындығы бір миль, ішінде 80 мың адам: әлемдегі тұңғыш «жүзбелі қалаға» қош келдіңіз

Жер шарын айналып жүзетін 80 мың адамға арналған тұтас бір «жүзбелі қала» салу жоспарланып жатыр.

|Саяхат
Ел туризмі: 2 миллион қонақ және 69 миллиард теңге табыс

Ел туризмі: 2 миллион қонақ және 69 миллиард теңге табыс

Шетелдік қонақтардың елде 2,9 миллиард доллар жұмсауы – орасан жетістік.

|Саяхат
Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

Қазақтардың шын ата-бабасы кім және Ресей бұдан неге өлідей қорқады?

80 жыл бойы қазақтан жасырылған ұлы шындық ашылды! Қазақстанның өзін ресми түрде Алтын Орданың тікелей мұрагері деп жариялауы Кеңестік жалған тарихтың күл-талқанын шығарып, Мәскеудің зәресін алуда. Белгілі тарихшы Жақсылық Сәбитов «Exclusive» журналына берген сұхбатында ұлттық санадағы бұл батыл қадамның астарында қандай үлкен саясат жатқанын және көршілердің біздің шынайы тамырымызбен қауышқанымыздан неге өлідей қорқатынын ашып айтты.

|Тарих
Қараөткелдің тұрғыны қара суға зар болып отыр

Қараөткелдің тұрғыны қара суға зар болып отыр

Елорда іргесіндегі Қараөткел мен Қаражар ауылдарының тұрғындары аптап ыстықта бір жұтым суға зар болып, күнделікті тіршілігі нағыз азапқа айналды. Жауапты мекеменің қаржылық айналымы миллиардтап саналғанымен, қарапайым халық су қосылса жарық сөнетін қорлықтан және шенеуніктердің бітпейтін құрғақ уәдесінен әбден шаршады.

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz