«Жылауың көп, өксігің мол...» Жүсіпбек Аймауытов Мағжан Жұмабаевты неге қатаң сынады?

Алаш зиялыларының рухани болмысы мен өзара сыйластығы олардың хаттарынан айқын көрініс табады. Жүсіпбек Аймауытовтың 1924 жылы Мағжан Жұмабаевқа жолдаған хаты – қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше құжат.

Ераман Талапқанұлы||2 мин оқу
«Жылауың көп, өксігің мол...» Жүсіпбек Аймауытов Мағжан Жұмабаевты неге қатаң сынады?

Аса қадірлі Мағжан!

«Мағжан» деп іш тарта есіміңді келтіріп, осы қазір өзіңнің дініңе еніп, дәлімді білдіргім келеді. Әдетте я көргені мол көне көз кісі, я болмаса аяушылығы басым жолдас-жора ақыл айтқыш; өз басым ақылгөйсуден аулақпын. Сырымды айтудан әрі бармаспын. Қазақ әдебиетінің көгіне көтерілген күн секілді өз сәулеңді әрдайым сезініп, біліп, болжап отыруды әдетке айналдырғанбыз.

Ақындық – қасиетіңе айналған. Әдебиетімізге «Жаралы жан», «Қорқыт», «Баян» секілді біртуар сөз кестесін берген ақыннан әлі күтеріміз көп. Өз соңынан ізбасарларын ертіп, келешек көкжиегіне ентікпей жетер талантты дүниелер туғызу сенің ғана қолыңнан келер іс. Поэзияның қанатты пырағын әзірше қабатыңнан ұшыратпай жүрміз. Ең ғажабы: өлеңіңнің өтірігі жоқ. 

Баз бірде ала-құлалықты сезіп тіксіне қалатынымызды несіне жасырайық; жылауың көп, өксігің мол, өз мұңына өзің көміліп жүріп алатындайсың. Пушкинді Пушкин еткен оның өлең жазғыштығы емес, өмірдің өзге көрмеген сәттерін елден бұрын сезе білуі, алғыр ақылы, тіршіліктен ең қажеттісін таңдай білу балгерлігі секілді ғой. 

«Қазағым» деп қамығып жүрсің. Таспақаша мимырт жүрсең – көп нәрсені қамтисың, арғымақша ағындап жүйткіп өткеннен гөрі сол мимырттық мазмұнды, маңдайдағы көзбен емес, көкіректегі көзбен қамтышы. Жиырмасыншы ғасырдың перзентісің.  Өз сөзіңмен атасақ «опасыз өмірдің», «қаскөй тағдырдың» заманы туған кезде, адам өз өмірінің қожасына айналып, жаңа үмітпен, жарыққа, жарылқаушыға бет бұрған мезгілде – сөз дарыған мықты ақын бейтарап отыруға тиісті емес. 

Бүгінгі күн қаншама қамыққыш болса да Байронның өзін төңкерісшіл деп жүрміз. Төңкерісшіл ақын алға ұрандап шаба берсін деуден аулақпын, шынымды айтсам, күн санап, сағат санап сезім шырғалаңынан шығып, тақырып шеңберін кеңейтіп, шынның жүзіне тура қарап талант тағылымыңызды жетілдіре беруіңізді тілер едім. Тілеу деген жай сөз ғой. Оқушы қауым атынан аманат айтар едім. 

Біреуге өйте ғой, бүйте ғой деп өтініш ету бұл заманда қалып барады, әсіресе ақынға бұйрық, өтініш өтпейді, өктемдік жүрмейді. Әйтсе де, себепсіз салдар тумайды. Осы ретте сіз бен бізді қазекемнің қасиетті сөзі жақындастыра түссе, ойымызға ой, отымызға от қоса білсе – мақсатымызға жақындай түсеріміз баршаға аян. Даңқтың дабылкеші болмай-ақ, мақсаттың құлы бола білсек жетеді. Не жазып жүргеніңізді білгім келеді. 


Сәлеммен себепшіңіз Жүсіпбек Аймауытов

1924 жылғы 16 мамыр

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:24

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz