Интернет кімге тиесілі және неге балықшылар қауіпті?

Интернетті бір сәтте құлататын ең қауіпті күш хакер емес, қарапайым балықшы болуы мүмкін. Себебі әлемдік интернет-трафиктің 99 пайызы мұхит пен теңіз түбімен тартылған суасты кабельдері арқылы өтеді.

Ераман Талапқанұлы||2 мин оқу
Интернет кімге тиесілі және неге балықшылар қауіпті?

Қазір әлем бойынша шамамен 1,5 млн шақырым суасты оптикалық талшығы тартылған. Бұл — 597 жеке кабельдік жүйе. Яғни халықаралық байланыс, банк аударымдары, әлеуметтік желілер, бейнеқоңыраулар, стриминг сервистері мен деректер алмасу осы инфрақұрылымға тікелей тәуелді.

Алайда интернеттің ең осал тұсы да дәл осы жерде — теңіз түбінде жатыр. Суасты кабельдері жыл сайын жиі зақымданады. Орта есеппен әлемде мұндай желілерде 200-ге жуық апат болады. Ең қызығы, олардың негізгі себебі — күрделі кибершабуыл емес, қарапайым теңіз шаруашылығы: балық аулау тралдары мен кемелердің зәкірлері. Мұндай жағдайлар барлық зақымданудың шамамен үштен екісін құрайды.

Бұл дерек қазіргі цифрлық әлемнің қаншалықты нәзік екенін көрсетеді. Біз интернетті жасанды интеллект, дата-орталықтар, спутник, киберқауіпсіздік сияқты ұғымдармен байланыстырамыз. Бірақ шын мәнінде жаһандық байланыстың тағдыры кейде теңізде жүрген кеменің зәкіріне немесе балықшының ауына тәуелді болып қалады.

Суасты кабельдері интернет үшін әзірге баламасыз негізгі арна саналады. Спутниктік байланыс дамып жатқанымен, оның өткізу қабілеті заманауи оптикалық кабельдерден әлдеқайда төмен. Бір ғана жаңа буындағы магистральдық кабель секундына 300 терабиттен астам ақпарат өткізе алады.

Соңғы жылдары мұндай апаттардың салдары бірнеше рет байқалды. Қызыл теңіздегі кабельдердің зақымдануы Азия, Еуропа және Таяу Шығыс арасындағы интернет-трафикті басқа бағыттарға бұруға мәжбүр етті. Африка жағалауындағы суасты опырылымдары бірқатар елді тұрақты интернетсіз қалдырды. Ал 2022 жылы Тонга мемлекеті жанартау атқылауынан кейін жалғыз кабелінен айырылып, сыртқы әлеммен байланысын бірнеше аптаға жоғалтты.

Кабельдерді салу ісінде Alcatel Submarine Networks, SubCom, NEC және HMN Technologies сияқты ірі компаниялар жұмыс істейді. Ал соңғы жылдары бұл салаға Google, Amazon, Microsoft және Meta секілді технологиялық алпауыттар белсенді инвестиция құя бастады. Олар үшін суасты кабелі — жай байланыс арнасы емес, дата-орталықтарды тұрақты әрі тәуелсіз қосатын стратегиялық инфрақұрылым.

Мұндай инфрақұрылымды салу да, жөндеу де қымбат. Бір шақырым суасты кабелін тарту орта есеппен 50 мың долларға бағаланады. Ірі трансконтиненталдық жобалардың құны жүздеген миллион долларға жетеді.

Тағы бір мәселе — кабель төсейтін және жөндейтін арнайы кемелердің аздығы. Әлемде мұндай шамамен 80 кеме ғана бар. Оның басым бөлігі ескірген: қолданыстағы кемелердің шамамен 80 пайызы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген. Сондықтан кабель үзілген жағдайда жөндеу жұмыстары бірнеше аптаға, ал кейде бірнеше айға созылуы мүмкін.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 20 қараша 2026, 16:05

Ұқсас мақалалар

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Бүгінде экраннан көргеннің бәріне сене беруге болмайды. TikTok саясаткерлер мен мемлекеттік органдарға өз бет-бейнесін рұқсатсыз пайдаланған жасанды интеллект контентін тауып, оған шағым түсіруге мүмкіндік беретін құрал ұсынды.

|Технология
Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Он жыл бойы Бингтің қолынан келмегенді жасанды интеллект санаулы күнде жасады: Енді біз ақпаратты мүлдем басқаша іздейтін боламыз, себебі...

|Технология
Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Он миллиард доллары бар адам бір миллиарды бар адамнан он есе көп тамақ іше алмайды: Илон Маск болашақта байлық пен ақшаның мүлде құнсызданатынын және адамзаттың роботтардан жақсы істей алатын бірде-бір кәсібі қалмайтынын болжады.

|Технология
Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырған сәтте, деректеріңіздің бір бөлігі мұхит түбімен, қараңғы әрі суық тереңдікте, жарық жылдамдығымен жүгіріп жатқан болуы мүмкін.

|Технология
Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Көліктің нөмірін жасырсаңыз да, бетперде кисеңіз де бәрібір құтылмайсыз! Алматы облысында 9 мыңнан астам камераны бір орталыққа бағындырған «Sergek» жүйесі енді адам ойына келмейтін әдістермен жұмыс істей бастады.

|Технология
Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Кессеңіз де, фильтр қоссаңыз да өшпейді: Жасанды интеллект жасаған видеоларды әшкерелейтін көзге көрінбейтін таңба қалай жұмыс істейді?

|Технология
LiveInternetZERO.kz