0% жасанды интеллект: Университеттердің абсурдқа толы жаңа талабы

Жоғары оқу орындары жасанды интеллектке қарсы күресеміз деп, ақыры студенттерді жаппай сүріндіріп жатыр.

Алаш баласы||2 мин оқу
0% жасанды интеллект: Университеттердің абсурдқа толы жаңа талабы

Жоғары оқу орындары жасанды интеллектке қарсы күресеміз деп, ақыры студенттерді жаппай сүріндіріп жатыр. Соңғы жаңартулардан кейін антиплагиат бағдарламалары кәдімгі дипломдық жұмыстарды робот жазған деп тауып, бәрін нейрожеліге теліп қоятын болған. Бұл туралы ITkodDV арнасы жазды. Жүйенің талабы күшейгені сонша, тіпті студенттің жеке тәжірибесіне сүйеніп жазған мәтіндерінің өзі бағдарламаның көзіне «жасанды» болып көрінеді екен. Ал университеттер болса, «мәтінде нейрожелінің ізі 0% болуы тиіс» деп қасарысып отыр.

Нәтижесінде нағыз трагедия аралас комедия басталды. Мәселен, журналистика факультетінің бір студенті өзі жазған мәтінді тексеруден өткізсе, «мұның 34 пайызын нейрожелі жазған» деген үкім шыққан. Ақыры, антиплагиаттың көңілінен шығу үшін ол байғұс әп-әдемі мәтінін бұзып, сөйлемдерін барынша жұтаңдатып, ең қарапайым деңгейге дейін түсіріп қайта жазуға мәжбүр болған. Ал тағы бір түлек 90 беттік дипломын жүйеден өткіземін деп дәл 13 рет қайта өңдепті.

Неге бұлай дейсіз ғой? Өйткені ChatGPT сияқты нейрожелілер кезінде өте сауатты, академиялық мәтіндер негізінде «білім алған». Тиісінше, егер студенттің сөз саптауы тым әдемі, грамматикасы мінсіз болса, антиплагиат детекторы оны бірден «мұны адам баласы бұлай қатесіз жазуы мүмкін емес, бұл сөзсіз роботтың ісі» деп күдіктенеді.

Сондықтан қазір антиплагиатты алдаудың бір-ақ жолы қалды: сауатты жазудың түкке де қажеті жоқ! Тексеруден сүрінбей өтем десеңіз, сөйлемдеріңізді шұбалаңқы қылмай, тіліңізді барынша кедейлеп, тіпті әдейі бір-екі стилистикалық қате қосып, олақ етіп жазғаныңыз абзал. Сонда ғана «ақылды» бағдарлама оны адамның туындысы деп мойындайды. Қазір студенттер бұл абсурд ережені қайта қарауды талап етіп жатыр. Әйтпесе диплом жазу ғылыми ізденіс емес, «темір детекторға қандай сөз ұнайды екен» деп бас қатыратын мағынасыз лотереяға айналып кетті.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 18 қыркүйек 2026, 08:44

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz