Apple стратегиясын өзгертті: iPhone 18 биыл шықпайды

Биылғы күзде базалық iPhone 18 моделін шығарудан бас тартып, оның орнына қазіргі iPhone 17 өндірісін ұзартпақ.

Алаш баласы||2 мин оқу
Apple стратегиясын өзгертті: iPhone 18 биыл шықпайды

Желідегі сенімді инсайдерлер мен сарапшылардың мәліметінше, Apple компаниясы биылғы күзде базалық iPhone 18 моделін шығарудан бас тартып, оның орнына қазіргі iPhone 17 өндірісін ұзартпақ. Бұл — технология алпауытының смартфон шығару кестесіндегі соңғы жылдардағы ең үлкен стратегиялық өзгерістерінің бірі саналады.

Әдетте Apple қыркүйек айындағы тұсаукесеріне жақындағанда алдыңғы модельдердің өндірісін баяулататын. Алайда, қытайлық Fixed Focus Digital инсайдерінің хабарлауынша, биыл бәрі керісінше болмақ. Компания iPhone 17 өндірісін 2026 жылдың қарашасына дейін тоқтатпай, тіпті оның көлемін арттыруды көздеп отыр. Оның басты себептерінің бірі — Қытайда өтетін «Қос 11» (Double 11) жаппай сатылым маусымындағы жоғары сұранысты толық қанағаттандыру.

Дегенмен, биыл күзде жаңа құрылғылар мүлдем болмайды дегенді білдірмейді. Apple қыркүйекте тек премиум сегментке назар аударып, iPhone 18 Pro, iPhone 18 Pro Max және компания тарихындағы алғашқы жиналмалы смартфон - iPhone Fold (немесе iPhone Ultra) модельдерін таныстырады деп күтілуде. Ал көпшілік күткен базалық iPhone 18, оның қолжетімді нұсқасы iPhone 18e және жаңартылған iPhone Air 2 смартфондары келесі жылға, яғни 2027 жылдың көктеміне шегеріліп отыр.

Сарапшылар шешімнің астарында бірнеше маңызды фактор жатқанын алға тартады. Біріншіден, әлемдік нарықтағы микрочиптер мен жад (RAM) құнының өсуіне байланысты, компания базалық құрылғыларды жаппай шығаруды сәл кейінге қалдырып, қаржылық тәуекелді азайтпақ. Екіншіден, екіге бөлінген тұсаукесер кестесі компанияға күзде бар назарын жаңа буын 2 нанометрлік A20 процессорларына, жиналмалы экрандарға және жасанды интеллект (Apple Intelligence) мүмкіндіктеріне аударуға жол ашады. Сонымен қатар, бәсекелестік күшейген тұста қазіргі базалық модель өзектілігін әлі жоғалтпағандықтан, Apple iPhone 17-ні нарықтағы негізгі өнім ретінде барынша ұзақ уақыт сатқысы келеді.

Тиісінше, қарапайым iPhone 18 моделін сатып алуды жоспарлаған тұтынушыларға оның тұсаукесерін келесі жылдың көктеміне дейін күтуге тура келеді. Ал ең озық технологиялар мен жиналмалы телефонға қызығушылық танытатындар үшін биылғы қыркүйек айында өтетін дәстүрлі шара әдеттегідей өтеді. Қалай болғанда да, iPhone 17 алдағы бір жарым жылға жуық уақыт бойы ең сұранысқа ие, өзекті смартфондардың қатарында қала бермек.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Тегтер
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 12 қараша 2026, 16:28

Ұқсас мақалалар

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Бүгінде экраннан көргеннің бәріне сене беруге болмайды. TikTok саясаткерлер мен мемлекеттік органдарға өз бет-бейнесін рұқсатсыз пайдаланған жасанды интеллект контентін тауып, оған шағым түсіруге мүмкіндік беретін құрал ұсынды.

|Технология
Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Он жыл бойы Бингтің қолынан келмегенді жасанды интеллект санаулы күнде жасады: Енді біз ақпаратты мүлдем басқаша іздейтін боламыз, себебі...

|Технология
Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Он миллиард доллары бар адам бір миллиарды бар адамнан он есе көп тамақ іше алмайды: Илон Маск болашақта байлық пен ақшаның мүлде құнсызданатынын және адамзаттың роботтардан жақсы істей алатын бірде-бір кәсібі қалмайтынын болжады.

|Технология
Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырған сәтте, деректеріңіздің бір бөлігі мұхит түбімен, қараңғы әрі суық тереңдікте, жарық жылдамдығымен жүгіріп жатқан болуы мүмкін.

|Технология
Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Көліктің нөмірін жасырсаңыз да, бетперде кисеңіз де бәрібір құтылмайсыз! Алматы облысында 9 мыңнан астам камераны бір орталыққа бағындырған «Sergek» жүйесі енді адам ойына келмейтін әдістермен жұмыс істей бастады.

|Технология
Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Кессеңіз де, фильтр қоссаңыз да өшпейді: Жасанды интеллект жасаған видеоларды әшкерелейтін көзге көрінбейтін таңба қалай жұмыс істейді?

|Технология
LiveInternetZERO.kz