Google-дан Gemini 3.5 Live Translate: Аудармашылар, жұмыс іздей беріңіздер

Google кезекті рет дыбыстық модельдер нарығына Gemini 3.5 Live Translate моделін таныстырды.

Алаш баласы||2 мин оқу
Google-дан Gemini 3.5 Live Translate: Аудармашылар, жұмыс іздей беріңіздер

Google кезекті рет дыбыстық модельдер нарығын төңкеріп тастамақ болып, Gemini 3.5 Live Translate моделін таныстырды. Жай ғана чат-бот емес, сөйлеп жатқанда ілеспе аударма жасайтын таза аудио-стримиңдік құрал.

Бірақ, маркетиңдік жылтырақтың астында не жатыр? Сын көзбен қарап көрейік. Негізгі фишкалары:

  • Тікелей аудиодан аудиоға (Speech-to-Speech): Мәтін деген аралық кезеңді лақтырып тастаған. Дауысың кіреді, аударылған дауыс шығады. Тіпті интонацияң мен жылағысы келген дауысыңды да сақтап береді екен. Енді шетелдік серіктестеріңізге бұрынғыдан да шынайырақ ұрыса аласыз.

  • «Үзіліссіз» ағын (Continuous Streaming): Басқа модельдер сияқты сіздің сөйлеп біткеніңізді күтпейді. Сөйлеп жатқанда-ақ артыңыздан бірнеше секундқа қалып, ілесіп отырады. Яғни, нағыз тірі ілеспе аудармашы сияқты. Ойлануға уақыт қалдырмайтын модель.

  • 70+ тілді автоматты түрде тану: Тілдерді қолмен ауыстырып әуре болмайсыз. Модель кімнің қай тілде сайрап тұрғанын өзі табады.

  • Функционалдық кастрация (Жылдамдық үшін құрбандық): Ең қызығы – бұл модельде мәтіндік кіріс те, жүйелік нұсқаулықтар (system instructions) да, құралдар (tools) да жұмыс істемейді. Google өнімді баяулатпау үшін оның барлық «миын» алып тастап, тек таза аударма функциясын қалдырған. Логикалық шешім: «Ақылды болғың келсе – Gemini 1.5 Pro-ға бар, тез сөйлегің келсе – осы жерде қал».

Мұны қайдан көреміз?

  1. Google Meet: Осы айдан бастап корпоративтік клиенттер үшін жабық таныстырылымда. Кездесулердегі тілдік кедергілер жойылады дейді (іш пыстыратын жиналыстар енді 70 тілде қолжетімді).

  2. Google Translate қолданбасы: Қарапайым халыққа арналған. Құлаққапты киіп алып, телефонды құлаққа басып тұрып «тыңдау режимінде» сөйлесуге болады. Қоршаған ортаға естіртпей, құпия өсек айтуға таптырмас құрал.

  3. Live API: Әзірлеушілер үшін сынамды нұсқада ашық. Grab (Оңтүстік-Шығыс Азиядағы такси мен жеткізу алыбы) таксистер мен жолаушылар арасындағы түсініспеушілікті шешу үшін мұны айына 10 миллион қоңырауда сынап жатыр екен.

Кішігірім «бірақ»...

Google барлық туынды аудиоларға SynthID су белгісін (watermark) енгізіп қойған. Адам құлағына естілмейді, бірақ жүйе мұның жасанды интеллект екенін бірден біледі. Сіздің керемет интонацияңызды робот екен деп ешкім шатастырмауы үшін жасалған «қауіпсіздік» шарасы.

Google нарықтың қай бағытқа кетіп бара жатқанын жақсы түсінеді. Мәтін арқылы қарым-қатынас жасау дәуірі біртіндеп артта қалып, дауыстық интерфейстер алға шығуда. Бірақ бұл технология біздің қазақ тіліндегі диалектілер мен аралас сөйлеу манерамызды (код-свитчинг) қаншалықты деңгейде қорыта алатыны әлі үлкен сұрақ.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 6 қыркүйек 2026, 23:10

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz