Тығылатын жер қалмады: Жасанды интеллект Жерді ғарыштан өзі-ақ аңди бастады

Енді жердегі тіршілікті бақылау үшін адамның да қажеті жоқ.

Алаш баласы||1 мин оқу
Тығылатын жер қалмады: Жасанды интеллект Жерді ғарыштан өзі-ақ аңди бастады
Сурет: SpaceX

Ғарыштан аңдудың жаңа деңгейіне қош келдіңіздер: енді жердегі тіршілікті бақылау үшін адамның да қажеті жоқ. Loft Orbital компаниясының YAM-9 жерсерігі тарихта бірінші рет жер бетіндегі нысандарды оператордың нұсқауынсыз, жасанды интеллектің күшімен өзі тауып алды. Иә, бізді төбеден бақылайтын темір-терсектің енді өз «миы» бар. Бұл – орбитада визуалды-сөйлеу моделінің (VLM) тікелей қолданылған алғашқы жағдайы.

Бұл тәжірибеге NASA-ның NAVI-Orbital бағдарламасы мен Google DeepMind жасаған Gemma 3 моделі жұмылдырылған. Бұрын жерсеріктер түсірген тонналаған суреттерін «мә, өздерің талдап алыңдар» дегендей Жерге жіберетін болса, енді ол ақпаратты ғарыштың өзінде қорытып, кәдімгі адам тіліндегі іздеу бұйрықтарын орындай береді. Сынақ кезінде бұл «ақылды» аппарат қала мен табиғат шекарасын, теміржол маңындағы инфрақұрылымдарды оп-оңай тауып берген.

Жасаушылардың айтуынша, бұл технология Жерге жіберілетін мәліметтер көлемін азайтып, маңызды оқиғаларды тезірек тіркеуге көмектеседі-мыс. Ал болашақта мұндай жерсеріктер берілген аймақтарды кірпік қақпай күзетіп, кез келген «күдікті әрекетті» бірден хабарлайтын болады. Демек, Жердегі әрбір қадамымызды үзіліссіз қадағалайтын жасанды интеллект тобырының ауылы алыс емес. Тіпті бұл тәжірибе ертең Ай мен Марсқа баратын астронавттарға цифрлық көмекші жасауға да негіз болмақ. Ең бастысы, сол көмекшілер ғарышта көтеріліс жасап кетпесе болғаны.

Толығырақ оқу: ozgeris.info | TechCrunch

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 27 шілде 2026, 11:10

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz