Ақша бәрін шешпейді: Gemini авторы неліктен басты бәсекелеске ауысып кетті?

Gemini жобасының тең төрағасы әрі инженерия жөніндегі вице-президенті Ноам Шазир бәсекелес OpenAI қатарына қосылатынын мәлімдеді.

Алаш баласы||2 мин оқу
Ақша бәрін шешпейді: Gemini авторы неліктен басты бәсекелеске ауысып кетті?
Сурет: habr.com

Google ең бағалы маманынан айырылды. Дәлірек айтсақ, өз қолымен ұшырып алды. Gemini жобасының тең төрағасы әрі инженерия жөніндегі вице-президенті Ноам Шазир бәсекелес OpenAI қатарына қосылатынын X желісінде ресми мәлімдеді. Ең қызығы бұл емес. Қызығы сол, Google осыдан екі жылға жетер-жетпес уақыт бұрын ғана оны қайтарып алу үшін Character.AI стартапын 2,7 миллиард долларға сатып алған болатын. Сонда техноалыптың судыратып санап берген миллиардтары небары данышпанды уақытша жалға алудың ақысы болғаны ма?

Ноам Шазир – жасанды интеллект әлеміндегі аты аңызға айналған тұлға. Ол қазіргі GPT мен Gemini сияқты ірі тілдік модельдердің іргетасы саналатын 2017 жылғы әйгілі трансформер архитектурасын жасап шығарған сегіз автордың бірі. Тіпті қатардағы автор емес, негізгі компоненттерді қолымен құрастырған шебер. Одан бөлек, бүгінгі флагман модельдердің көбі сүйенетін Mixture-of-Experts пен модельдердің жұмысын айтарлықтай арзандатқан multi-query attention технологиялары да осы Шазирдің туындысы.

Google-ге сонау 2000 жылы келіп, 2021 жылы алғаш рет кетіп қалған еді. Себебі басшылық оның жасап шығарған Meena чат-ботын "қауіпті" деп, көпшілікке ұсынудан бас тартқан. Артынша ол Character.AI стартапын құрып, оны миллиард долларлық жобаға айналдырды. 2024 жылдың тамызында Google оны "лицензия сатып алу" деген желеумен, шын мәнінде 2,7 миллиардқа командасымен қоса кері сатып алған еді.

Оқиғаның нағыз ирониясы мынада: Шазир трансформерді Google қабырғасында ойлап тапқанымен, компания өнімге айналдыруға батылы бармай, жылдар бойы сары майдай сақтады. Ал OpenAI осы технологияны іліп әкетіп, ChatGPT-ні жасады да, бәсекеде Google-ді шаң қаптырып кетті. Енді міне, сол архитектураның авторы өз идеясын дәуірдің басты өніміне айналдырған, бір кездері өзін шаң қаптырған басты бәсекелеске кетіп қалды.

Жаңалық Google жаңа Gemini 3.5 Flash пен Gemini Spark өнімдерін таныстырғаннан кейін және OpenAI-дың IPO-ға шығуға құпия өтінім берген тұсында болып отыр. Ал Google болса, әдеттегідей "Ноамның қосқан үлесіне алғыс айтамыз" деген құрғақ пікірмен ғана құтылды. Оның OpenAI-да қандай қызмет атқаратыны әзірге белгісіз, бірақ алдағы апталарда бұл да белгілі болып қалар.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 4 қазан 2026, 20:29

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz