eGov-та қазақстандықтар көптен күткен жаңа функциялар пайда болды

12 шілдеден бастап eGov порталында мәліметтеріңізді қай мемлекеттік орган сұратып жатқанын оқып біле аласыз.

Алаш баласы||1 мин оқу
eGov-та қазақстандықтар көптен күткен жаңа функциялар пайда болды
Сурет: egov.kz

16,3 миллион қазақстандықтың жеке дерегі ғаламторда желдей ұшып, нағыз "ашық есік күні" өткеннен кейін барып, үкімет қауіпсіздік туралы ойлана бастаған сыңайлы. 12 шілдеден бастап eGov порталында жаңалық: енді сіздің мәліметтеріңізді қай мемлекеттік орган сұратып жатқанын өз көзіңізбен көре аласыз. Бұрын мұндай ақпарат қатардағы қолданушы үшін жабық тақырып болатын.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің бұйрығымен енді жеке кабинетте «цифрлық оқиғалар» тіркеледі. Яғни, мемлекеттік органдардың сіздің деректеріңізге қатысты әрбір қадамы профиліңізде тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Оған қоса, порталда қандай өтініш тастағаныңыз және оның қай сатыда жатқаны туралы толық есеп пайда болмақ. Бұл өзгерістердің бәрі push-хабарлама, SMS немесе электронды пошта арқылы ескертіліп отырады, әрі олардың баптауларын өз ыңғайыңызға қарай реттей аласыз.

Тағы бір аса маңызды, бірақ өте кешігіп жеткен функция — электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) лезде бұғаттау. Алаяқтар жұрттың атына онлайн несие рәсімдеп, талайдың шашын ағартқаннан кейін ғана осы бір қарапайым шешім табылыпты-ау. Енді ЭЦҚ-ңыз бөтен біреудің қолына түсті деген күдік туса, жеке кабинеттен-ақ бір батырмамен оның күшін жоя аласыз. Әрине, бұл өзгерістердің бәрі жақсы, тек мұның бәрі бүкіл халықтың дерегі ұрланбай тұрып, баяғыда-ақ жасалуы керек дүниелер екенін ескермесек.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:20

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz