Техноалыптардың кезекті ермегі: Gemini енді көзге кірмек

Бұл жолы Google, Samsung және Qualcomm үшеуі бірігіп, Android XR платформасын өмірге әкелмекші.

Алаш баласы||2 мин оқу
Техноалыптардың кезекті ермегі: Gemini енді көзге кірмек

Бәрімізді киборгқа айналдыруды көздеген технология алпауыттары тағы да бас қосты. Бұл жолы Google, Samsung және Qualcomm үшеуі бірігіп, Android XR платформасын өмірге әкелмекші. Иә, кезекті «әлемді өзгертетін» инновация. Жоспар бойынша, жоба аясында ақылды көзілдіріктердің екі түрлі форматы жарық көреді. Біріншісі - көпшілікке таныс Meta Ray-Ban стиліндегі, дисплейі жоқ, бірақ камерасы мен динамигі бар қарапайым нұсқа. Ол айналаны көріп, ақпаратты тікелей құлағыңызға сыбырлап отырады. Ал екіншісі - нағыз ғылыми-фантастика фильмдердегідей толыққанды AR-гарнитура. Бұл нұсқада барлық ақпарат, мәліметтер мен хабарламалар тікелей көз алдыңызға, дәлірек айтсақ, көз алмаңызға қарай проекцияланады.

Биыл күзде осы технологиялық ғажайыптың алғашқы нұсқалары нарыққа шығады дейді. Әрине, темір-терсектің "миы" - өзіміз білетін Gemini жасанды интеллектісі болмақ. Оны дауыспен іске қосуға болады, бірақ оның басты ерекшелігі - сіздің қайда қарап тұрғаныңызды аңдып, кешіріңіз, мұқият бақылап отыратынында. Project Astra негізінде жұмыс істейтін бұл жүйе көз алдыңыздағы мейрамхананың мәзірі мен рейтиңгін шығарып, жол белгілерін танып, тіпті кез келген ғимарат немесе зат туралы лезде шағын «Википедия» оқып бере алады. Бұл ретте құрылғыға артық сұрақ қоюдың да қажеті шамалы, өзі назарыңыздың қайда бағытталғанын өзі-ақ түсінеді.

Навигация мәселесі де жаңа деңгейге шықпақ. Қолыңыздағы смартфонға үңіліп, бағанаға соғылып қалатын немесе бұрылыстан өтіп кететін кездер артта қалатын сияқты. Баратын жеріңізді айтсаңыз болды, бағыт-бағдарды көрсететін виртуалды нұсқаулық, бағдаршалар мен сызықтар тура көз алдыңызда, асфальттың үстінде жарқырап тұрады. Әрине, мұның бәрі қағаз жүзінде әрі әдемі презентацияларда өте керемет, мінсіз көрінеді. Бірақ күнделікті өмірде көзілдіріктер экожүйемізді шынымен жеңілдете ме, әлде көшеде өз-өзімен сөйлесіп, ауадағы көрінбейтін түймелерді басқан «біртүрлі» адамдардың санын еселеп көбейте ме, оны уақыт көрсетеді. Әзірге анығы сол: технология алыптары біздің назарымызды (және ақшамызды) жаулап алудың жаңа, әрі өте визуалды тәсілін ойлап тапты.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:18

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz