DeepSeek пен ChatGPT әлемді жаулағанда, Еуропа не істеп отыр?

Көз алдымызда нағыз технологиялық қырғи-қабақ соғыс жүріп жатыр. АҚШ билігіне қайта келген Дональд Трамп жасанды интеллект (ЖИ) саласына миллиардтаған доллар төгетінін мәлімдеп, үстелді бір ұрды. Ал Қытай болса әлемдік нарыққа арзан, қарапайым, бірақ адам сенгісіз ақылды DeepSeek-R1 чат-ботын шығарып, қарсыластарын нокаутқа түсірді. Осы алапат тартыста Еуропа қайда қалды?

Алаш баласы||2 мин оқу
DeepSeek пен ChatGPT әлемді жаулағанда, Еуропа не істеп отыр?
Сурет: ЖИ

Людвиг-Максимилиан атындағы Мюнхен университетінің профессоры Бьёрн Оммер дабыл қағып отыр: "Жаңа бизнес-модельдер көз ілеспес жылдамдықпен пайда болуда. Егер біз бұл пойызға үлгермей қалсақ, құнымыз көк тиын. Газды басатын кез келді!"

Шындығына көшейік: мәтін, сурет немесе видео жасайтын іргелі модельдер (генеративті ЖИ) нарығын АҚШ пен Қытай әлдеқашан бөліп алған. Біз күнде қолданатын ChatGPT, Gemini, Midjourney, енді міне, қытайлық феномен DeepSeek — бәрі солардікі.

Еуропаның да «бұлшық етін» көрсетпек болған кездері бар. Мысалы, немістердің Black Forest Labs стартапы жасаған сурет генераторын қазір Илон Маск өзінің X (бұрынғы Twitter) желісіне кіріктіріп қойған. Бірақ бұл — теңіздегі тамшы ғана. Басқа неміс компаниясы, гейдельбергтік Aleph Alpha, өзінің чат-ботын жасаймын деп нарыққа шыққанымен, алыптардың тасасында қалып, ақыры бағытын өзгертуге мәжбүр болды.

Бьёрн Оммердің айтуынша, Еуропаға ChatGPT-мен жағаласып, құр босқа ақша шашудың қажеті жоқ. Алтын көмбе басқа жерде жатыр. Қай жерде дейсіз бе? Медицина, өнеркәсіп және клиенттерге қызмет көрсету саласында!

Еуропада ақылды бас аз ба? Жоқ, жетіп артылады. Дортмундтағы Ламарр институтының негізін қалаушы Катарина Мориктің сөзінше, ғылыми зерттеулер жағынан еуропалықтар әлемде бірінші қатарда тұр.

Бірақ бір үлкен «БІРАҚ» бар. Угвирситет қабырғасынан шыққан жас данышпандар Еуропада қалғысы келмейді. Себебі мұнда оларға тек уақытша келісімшарт пен төмен айлық ұсынады. Ал мұхиттың арғы жағындағы АҚШ оларды миллиардтаған долларлық инвестициямен қарсы алады.

Оған қоса, жергілікті бизнес жаңашылдықтан қорқады. «Неміс компаниялары ЖИ өнімдерін тегін алғысы келеді», — деп налиды зерттеуші. Соның кесірінен неміс университетінен шыққан RapidMiner сияқты мықты технологиялар шетелдіктердің қолына су тегін кетіп жатыр.

Егер Еуропа осы бейқамдығынан арылмаса, Катарина Мориктің сөзімен айтқанда, «кәдімгі өнеркәсіптік музейге» айналады.

Бірақ үміт үзуге ерте. Еуропаның басты күші — зауыттар мен сенсорлық жүйелерде. Елестетіп көріңізші: интернетте адаммен сөйлесетін бот емес, нақты өндіріс процесін бақылап, қателікті өзі түзейтін көзге көрінбейтін датчиктер. Мысалы, Wilo сорғы өндірушісінің бір ғана «ақылды зауытында» жасанды интеллектіні қолданудың 82 түрлі жолы табылған! Міне, нағыз революция осы жерде жасалуы тиіс.

Еуропаға қазір өзгеге жалтақтамайтын технологиялық тәуелсіздік ауадай қажет. АҚШ компаниялары Еуропадан өз кеңселерін ашып жатқанына қуанудың қажеті жоқ.

Егер ертең технологиялық алпауыттар саяси немесе экономикалық себептермен Еуропаға өз жүйелерінің есігін тарс жапса ше? Сол үшін еуропалықтар өз деректерін өздері өңдеп, IAIS институты жасаған Teuken-7B немесе франциялық Mistral AI сияқты отандық жобаларды барынша күшейтуі керек.

Жасанды интеллект жарысы енді ғана қызып келеді. Ал бұл додада кімнің жеңіп, кімнің «музей экспонатына» айналатынын тек уақыт көрсетеді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 22 қыркүйек 2026, 05:52

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz