Қазақстандық инженертiң стартапы $5,4 миллиардқа бағаланды

Intel мен Goldman Sachs сияқты алыптар миллиондаған доллар инвестиция құйған жобаның артында қазақстандық маман тұр. Бүгінде 238 мемлекеттің тұрғындары қолданатын бұл платформа визуалды контент өндірісінде нағыз төңкеріс жасап жатыр. Қазақ ақылынан туған өнім жаһандық трендті қалай басқарып отыр және оның келесі қадамы қандай болмақ?

Алаш баласы||2 мин оқу
Қазақстандық инженертiң стартапы $5,4 миллиардқа бағаланды
Сурет: 7kun.kz

Қазақстандық кәсіпкерлер негізін қалаған жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы Higgsfield стартапы жаңа инвестициялық раундта $400 миллион қаржы тартты. Осы мәміленің нәтижесінде компанияның нарықтық құны $5,4 миллиардқа жетіп отыр. Бұл туралы беделді Financial Times басылымы хабарлады деп жазды - 7kun.kz сайты.

Технологиялық алпауыттардың назарын аударған бұл раундқа DST Global, Goldman Sachs, Liberty Global, Intel және тағы басқа бірқатар халықаралық инвестициялық қорлар қатысқан. Тартылған қыруар қаражат енді корпоративтік өнімдерді дамытуға, қауіпсіздік жүйелерін күшейтіп, есептеу қуатын арттыруға жұмсалмақ.

Higgsfield-тің нарықтағы бағасы небәрі бірнеше айдың ішінде еселеп өсті. Осы жылдың басында ғана стартап $80 млн инвестиция тартып, жалпы құны $1,3 млрд деп бағаланған болатын. Енді, міне, бұл көрсеткіш төрт есеге жуық ұлғайып, $5,4 миллиардқа жетті.

Компанияның қаржылық көрсеткіштері де таңғаларлық қарқынмен өсіп келеді. Financial Times дерегіне сүйенсек, 2026 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Higgsfield-тің жылдық табыс көрсеткіші $700 миллионға жеткен. Салыстыру үшін айтсақ, бір жыл бұрын бұл сома небәрі $20 миллион төңірегінде еді. Қазіргі таңда бұл нейрожеліні әлемнің 238 еліндегі 30 миллионнан астам адам күнделікті тұтынады.

Соңғы уақытта Higgsfield жекелеген контентмейкерлерден гөрі ірі корпоративтік секторға басымдық бере бастады. Компания негізін қалаушылардың бірі Алекс Машрабовтың айтуынша, қазіргі табыстың басым бөлігі нақ осы бизнес-клиенттерден түсіп жатыр. Ал жыл басында ғана B2B (бизнестен бизнеске) бағытындағы клиенттердің үлесі 25%-ға да жетпейтін.

Higgsfield деген не және оны кімдер құрды?

Бұл жоба – генеративті жасанды интеллект арқылы видео және визуалды контент жасауға арналған заманауи құрал. Платформа нейрожелінің көмегімен сурет пен видео жасап қана қоймай, оларды өңдеуді, маркетинг пен SMM-ге қажетті визуалды өндірісті толық автоматтандыруды ұсынады.

Жобаның басында қазақстандық AI-инженер Ерзат Дулат пен Алекс Машрабов тұр. Машрабов бұған дейін әйгілі Snap компаниясында Generative AI бағытын басқарған әрі 2020 жылы дәл сол Snap 166 миллион долларға сатып алған AI Factory стартапының негізін қалаушылардың бірі.

Жаңа инвестициялық бағалаудан кейін Higgsfield Қазақстанмен тікелей байланысы бар ең қымбат технологиялық стартаптардың біріне айналып отыр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:46

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz