Қытайлық дәрігер ChatGPT көмегімен 20 жыл бойы шешілмеген математикалық гипотезаны дәлелдеді

Миды УДЗ-ға (УЗИ) түсіретін дәрігер жасанды интеллектінің көмегімен атақты Крузе гипотезасын дәлелдеп, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Ең қызығы, бұл істе оған соңғы үлгідегі ChatGPT чат-боты қолғабыс еткен.

Алаш баласы||2 мин оқу
Қытайлық дәрігер ChatGPT көмегімен 20 жыл бойы шешілмеген математикалық гипотезаны дәлелдеді
Сурет: ЖИ

Әлемдік математика қауымдастығында нағыз сенсация болды. Қытайлық қарапайым дәрігер Цзинь Шаньму ширек ғасырға жуық уақыт бойы ең мықты ғалымдардың тісі батпай келген күрделі математикалық проблеманы шешіп шықты. Ең қызығы, бұл істе оған OpenAI компаниясының соңғы үлгідегі ChatGPT чат-боты қолғабыс еткен.

Доктор Цзиньнің бұл жетістікке жету жолы ерекше. Оның негізгі мамандығы математика емес. Бакалаврды геология саласында тәмәмдаған ол, кейін медициналық білім алып, миды ультрадыбыстық сканерлеу зерттеулерімен айналысқан. Өз жұмысында жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін қолдану барысында дәрігер күрделі математикалық есепке тап болады. Тәуекелге бел байлаған ол түйінді чат-боттың көмегімен шешіп көруді ұйғарады.

Әңгіме шамамен 20 жыл бұрын француз математигі М. Крузе ұсынған гипотеза туралы болып отыр. Бұл теория деректерді өңдеу мен сызықтық теңдеулерді шешуде жиі қолданылатын «матрицаларға» (сандар кестесі) қатысты. Формулировкасы тым абстрактілі көрінгенімен, бұл проблема ұзақ уақыт бойы математиктер үшін үлкен кедергі болып келген еді.

Цзинь Шаньму арнайы математикалық білімі болмаса да, ЖИ-ді күрделі теоремаларды үйрену мен дәлелдеу құралы ретінде шебер пайдалана білді. Ол өзінің дәлелдемесін дайындап, ғалымдар назарына ұсынды.

Оқиғаның тағы бір қызықты тұсы бар. Корнелл университетінің профессоры Таунсенд те гипотезаны GPT арқылы тексермек болған екен. Бірақ чат-бот оған есептің үш күн бұрын ғана шешіліп қойғанын хабарлайды. Профессор Цзиньнің жұмысымен танысқан соң, оның дұрыстығына көз жеткізді.

Ақырында, қолжазбаны гипотезаның авторы М. Крузенің өзі тексеріп, дәлелдеменің толықтай дұрыс екенін ресми түрде мойындады.

South China Morning Post басылымы хабарлағандай, заманауи ЖИ модельдерінің тек күнделікті қарапайым тапсырмаларды орындап қана қоймай, іргелі ғылыми жаңалықтар ашуға да қауқарлы екенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 28 қыркүйек 2026, 13:30

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz