YouTube-тың дәуірі аяқтала ма? Bilibili видеосервисі әлемдік нарыққа шықты

Жүз миллиондаған қаралымы бар Bilibili халықаралық нарыққа есігін айқара ашып, әлемнің түкпір-түкпірінен комьюнити-менеджерлерді іздеп жатыр. Платформаның жаңа мүмкіндіктері қандай?

Алаш баласы||2 мин оқу
YouTube-тың дәуірі аяқтала ма? Bilibili видеосервисі әлемдік нарыққа шықты
Сурет: ЖИ

YouTube-тың тікелей бәсекелесіне айналған қытайлық Bilibili платформасы жаһандық нарықта өз үстемдігін орнатуға кірісті. Semafor басылымының мәліметінше, компания бұған дейін жабылып қалған халықаралық қосымшасын қайта іске қосып, толыққанды ағылшын тіліндегі сайт ашуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде АҚШ, Жапония және Еуропа елдеріндегі негізгі нарықтардан мықты мамандарды жұмысқа тарту басталды.

Бұл жай ғана жоспар емес. Айлық белсенді аудиториясы 376 миллион қолданушыдан асатын Bilibili батыстың танымал жұлдыздарымен келісімшартқа отырып жатыр. Олардың қатарында әлемге әйгілі MrBeast те бар. Мұндай ауқымды жаһандық экспансия YouTube-тың нарықтағы жеке-дара билігіне үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Дегенмен, сарапшылар кезінде TikTok тап болған цензура, контентті модерациялау және деректер қауіпсіздігіне қатысты мәселелер АҚШ-та қайта көтерілуі ықтимал екенін де жоққа шығармайды.

Жаңартылған халықаралық қосымшаның басты артықшылығы – шетелдік қолданушылардан жеке басты куәландыратын құжаттарды талап етуді тоқтатқанында. Платформа әкімшілігі Bilibili-дің әлемдік деңгейге шыққанын растап, АҚШ пен Қытайдағы сайттардың мазмұны бірдей болатынын мәлімдеді. Маркетингтік құжаттарға сүйенсек, бұл жоба инфлюенсерлер үшін табыс табудың жаңа көзіне айналмақ. Әсіресе, төлем қабілеті жоғары, білімді Z ұрпағымен (Gen Z) байланыс орнатуға басымдық берілген. Сондай-ақ, әлемдік брендтермен тікелей ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретін арнайы сауда алаңы да әзірленіп жатыр.

Қазіргі таңда қытайлық сайтқа видео жүктеу нұсқаулықтары белсенді таралып жатыр, ал ағылшын тіліндегі нұсқасы қызу өңделу үстінде. Компания Лос-Анджелес, Лондон, Мехико, Сан-Паулу, Ыстамбұл және Токио қалаларында комьюнити-менеджерлерді жұмысқа қабылдауда. Оған қоса, жасанды интеллектке негізделген контентті модерациялаудың жаһандық жүйесі де жасалып жатыр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 6 қазан 2026, 03:36

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz