VK Apple-ді сотқа берді: Ресейлік компания не талап етіп отыр?

Ресейлік IT-алыптың негізгі бағдарламалары мен Max мессенджері енді App Store мен Google Play дүкендерінде жоқ. Apple-дің бұл тосын қадамына жауап ретінде VK Мәскеу сотында шағым түсірді. Олардың басты талабы — жүйені қайтару ғана емес, бұғатталған хабарламалар (push) үшін де жауапқа тарту. Технологиялық алпауыттардың бұл текетіресі немен аяқталмақ?

Алаш баласы||1 мин оқу
VK Apple-ді сотқа берді: Ресейлік компания не талап етіп отыр?
Сурет: ЖИ

Ресейлік «VK» IT-холдингі америкалық Apple корпорациясын сотқа берді. Басты себеп — App Store платформасынан холдингке тиесілі қосымшалардың ешбір ескертусіз, сыпырылып өшірілуі. Қазіргі таңда іс Мәскеудің Арбитраж сотында қаралып жатыр.

Соттағы жауапкерлер қатарында тек бас компания Apple Inc. қана емес, сондай-ақ Apple Distribution International Ltd. пен ресейлік «Эппл рус» ЖШС де бар.

«Apple біздің қосымшаларды App Store-дан ескертусіз, біржақты тәртіпте өшіріп тастады. Біз сот арқылы бағдарламаларымызды дүкенге қайтаруды және қолданушыларға хабарлама (push) келу жүйесін қалпына келтіруді талап етеміз. Оған қоса, сот шешімі орындалмаған жағдайда айыппұл өндіріп алуды көздеп отырмыз», — деп мәлімдеді VK баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, биылғы маусым айында Apple корпорациясы VK холдингінің басты қосымшаларын және Max мессенджерін өз платформасынан алып тастаған болатын. Ол кезде ресейлік компания өздерінің ешқандай санкциялық тізімде жоқ екенін алға тартып, бұл қадамның негізсіз екенін айтқан. Алайда, шілде айының ортасынан бастап VK мен Max ресми түрде Еуропалық Одақ санкциясына ілігіп, іле-шала Google Play дүкенінен де аласталды.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қазан 2026, 02:20

Ұқсас мақалалар

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Бүгінде экраннан көргеннің бәріне сене беруге болмайды. TikTok саясаткерлер мен мемлекеттік органдарға өз бет-бейнесін рұқсатсыз пайдаланған жасанды интеллект контентін тауып, оған шағым түсіруге мүмкіндік беретін құрал ұсынды.

|Технология
Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Он жыл бойы Бингтің қолынан келмегенді жасанды интеллект санаулы күнде жасады: Енді біз ақпаратты мүлдем басқаша іздейтін боламыз, себебі...

|Технология
Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Он миллиард доллары бар адам бір миллиарды бар адамнан он есе көп тамақ іше алмайды: Илон Маск болашақта байлық пен ақшаның мүлде құнсызданатынын және адамзаттың роботтардан жақсы істей алатын бірде-бір кәсібі қалмайтынын болжады.

|Технология
Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырған сәтте, деректеріңіздің бір бөлігі мұхит түбімен, қараңғы әрі суық тереңдікте, жарық жылдамдығымен жүгіріп жатқан болуы мүмкін.

|Технология
Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Көліктің нөмірін жасырсаңыз да, бетперде кисеңіз де бәрібір құтылмайсыз! Алматы облысында 9 мыңнан астам камераны бір орталыққа бағындырған «Sergek» жүйесі енді адам ойына келмейтін әдістермен жұмыс істей бастады.

|Технология
Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Кессеңіз де, фильтр қоссаңыз да өшпейді: Жасанды интеллект жасаған видеоларды әшкерелейтін көзге көрінбейтін таңба қалай жұмыс істейді?

|Технология
LiveInternetZERO.kz