Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Миға қонымсыз мемдер мен зымыран соққылары: Трамптың тролльдер армиясы Покемон мен Нарутоның беделін қалай түсіріп жатыр?

Алаш баласы||2 мин оқу
Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді
Сурет: The Pokemon Company

Жапонияның үкімет өкілдері Трамп әкімшілігінен әлеуметтік желілерде жариялайтын саяси жазбаларында Pokémon, Nintendo, Naruto және т.б. танымал франшизаларды пайдалануды доғаруды бірнеше рет сұраған. Осы аптада Mainichi Shimbun басылымының хабарлауынша (IGN арқылы), Жапонияның Сыртқы істер министрлігі маусым айының өзінде-ақ Трамп әкімшілігіне бұл бассыздықты тоқтатуды сұрап, ресми өтініштер жолдаған.

Ақ үйдің әлеуметтік желілердегі тобы соңғы бір жыл бойы жастардың тілін табуға барынша тырысып келеді. Олар күні-түні ғаламторда отыратын геймерлердің көңілінен шығу үшін жапондық авторлық құқыққа тиесілі туындыларды пайдаланып, өздерінің мағынасыз саясатын қолдау мақсатында түрлі мемдер жасауда.

Мәселен, 2025 жылдың қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік департаменті Иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) адамдарды тұтқындап жатқан кадрларының үстінен түпнұсқа Pokémon әні ойналатын видео жариялады. Ал осы жылдың наурыз айында Ақ үйдің X (бұрынғы Twitter) желісіндегі аккаунты Ирандағы зымыран соққылары мен Wii Sports кадрлары араласқан бейнеролик салды. Кейінірек олар «Американы қайтадан ұлы етейік» (MAGA) деген кезекті жазбасын жариялау үшін жанкүйерлер жасаған Pokémon Pokopia мәтін генераторын пайдаланған.

The Pokémon Company өз контентінің бұлайша пайдаланылуына қатысты пікір білдіріп, бұл іске еш қатысы жоқ екенін және Трамп әкімшілігі олардың туындысын қолдануға рұқсат сұрамағанын кесіп айтты. Ал қазір Жапония үкіметі Трамп пен оның әлеуметтік желідегі «тролльдер армиясына» бұл әрекеттерінің жапондық туындыларға қаншалықты зиян келтіріп жатқанын түсіндіру мақсатында сахна сыртында белсенді келіссөздер жүргізіп жатқан сыңайлы.

Дегенмен, Nintendo деңгейіндегі ресурстары мен беделі бар ірі компаниялар бұған қарсы заңды тұрғыда қатаң шара қолдануға батылдық танытпаса, өкінішке орай, бұл «мем жасау» үрдісі жалғаса беретін түрі бар.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:40

Ұқсас мақалалар

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

"Олар бәрін өте қарапайым жасады. Лейла Храпунова ақшаны қызының есепшотына материалдық көмек ретінде банктік аударымдармен жіберіп отырған. Көмектің көлемі... 3 млн доллар мен 6 млн доллар..." Балабақша, сәулет ескерткіші және Медеудегі резиденция. Экс-әкім Алматының ең қымбат жерлерін қалай отбасылық бизнеске айналдырды?

|Саясат
71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

1,4 триллион теңгенің көлігін салықсыз кіргізіп байығандар кімдер? 1 қыркүйектен бастап шетелден темір тұлпар әкелудің ережесі күрт қатайды! Екі ай бұрын ескерту алса да, клиенттердің ақшасын жинап алған делдалдар енді неге жаппай байбайлам салып, Үкіметтен рақымшылық сұрап жатыр?

|Саясат
Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстан мен ҚХР жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге келді

|Саясат
Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Тоқаевқа бағыт беретін Кай-Фу Ли бастаған шетелдік төрттік Ұлттық академияның есігінен кіріп, еліміздің стратегиялық салаларын қалай бақылауға алады?

|Саясат
Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Бір жылға созылған тергеудің нәтижесі жаға ұстатады! Желі қолданушылары лаңкестердің адам өлтірген сәттері туралы талай рет дабыл қаққанына қарамастан, Telegram бұл бейнелерді апталап өшірмеген. Тіпті бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Крайстчерч пен Буффалодағы қанды қырғын кадрлары жұрттың көз алдында үш ай бойы тайраңдап тұрған! Бұл ғана емес, мессенджердің ішкі ережелерінде мұндай сұмдыққа нақты тыйым салынбағаны әшкере болды.

|Саясат
Неге Wildberries Қазақстаннан 100 мың шаршы метр орын іздеп жүр?

Неге Wildberries Қазақстаннан 100 мың шаршы метр орын іздеп жүр?

Тауарыңыз қауіпсіз жерде ме? Wildberries маркетплейсі көрші елдегі қарулы шабуылдарға байланысты өз қуатын шұғыл түрде Қазақстанға көшіруге кірісті! Компания еліміздегі бүкіл бос қойманы жалға алуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл жаңалық қазақстандық селлерлер үшін нені білдіреді?

|Саясат
LiveInternetZERO.kz