71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

1,4 триллион теңгенің көлігін салықсыз кіргізіп байығандар кімдер? 1 қыркүйектен бастап шетелден темір тұлпар әкелудің ережесі күрт қатайды! Екі ай бұрын ескерту алса да, клиенттердің ақшасын жинап алған делдалдар енді неге жаппай байбайлам салып, Үкіметтен рақымшылық сұрап жатыр?

Алаш баласы||2 мин оқу
71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?
Сурет: ЖИ

Автокөлік нарығындағы «көлеңкелі» дәуірдің күні санаулы. Жылдар бойы мемлекет қазынасын орап өтіп, қалтасын қампайтқан «сұр дилерлердің» әрекеті бюджетке де, тұтас экономикаға да орасан соққы болып тиді.

Биылғы 21 шілдеде Үкімет «сұр» автоимпорттың жолын кесетін қатаң шаралар қабылданатынын кесіп айтқан еді. Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы, сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне заңсыз тасымалды тамырымен жұлуды, кешенді тосқауыл қоюды тапсырды. Нәтижесінде, 1 қыркүйектен бастап кедендік бақылаудың бұрандасы барынша қысылды.

Дегенмен, бұл аспаннан түскен жаңа шектеу емес. Заң бойынша, бұған дейін де бір адам шетелден жеке басы үшін жылына тек бір ғана көлік әкеле алатын. Одан асса, кеден оны тікелей «сауда мақсатындағы коммерция» деп таниды. Бірақ қулыққа құрық бойламайтын кейбір делдалдар бұл талапты оңай айналып өтіп келді. Олар сатылымға арналған көліктерді компания атына емес, қызметкерлері мен туған-туыстарының атына рәсімдеп, құжат жүзінде «жеке меншік» етіп көрсеткен. Ал іс жүзінде темір тұлпарлар тікелей тапсырыс беруші клиентке сатылып жатты. Осы айла-шарғының арқасында делдалдар коммерциялық импортқа салынатын қыруар салық пен кедендік төлемнен сытылып шығып, нарықта жасанды арзан баға ұсынып келді.

Бұл қулықтың құны қанша? Қаржы сарапшысы Айбар Олжаевтың есебінше, Қазақстан «сұр импорттың» кесірінен жылына кем дегенде 23 миллиард теңгесінен қағылып отыр. Жоғары аудиторлық палатаның Үкіметке жолдаған құжатындағы сандар тіпті жаға ұстатады: 2021–2023 жылдары жеке пайдалануға әкелінген жеңіл көліктерді жолаушылар кедендік декларациясының орнына тауар декларациясымен рәсімдеудің салдарынан бюджетке 71,2 миллиард теңге шығын келген. Заң бойынша көлік тауар емес, кедендік декларациямен рәсімделуі тиіс. Алайда, дәл осы 2021–2023 жылдары жеке тұлғалардың тауар декларациясымен жасаған импорты 6,5 есеге шарықтап кеткен. Оның 94 пайызы – жалпы құны 1,4 триллион теңгені құрайтын көлік құралдары.

Ал қазір ше? Қақпанға түскен кейбір делдалдар «жолда келе жатқан көліктерді ескі тәртіппен өткізе тұруға» мұрсат сұрап, дабыл қағуда. Алайда, бақылаудың күшейетіні туралы екі ай бұрын ашық ескертілді емес пе? Соған қарамастан, клиенттен ақшасын алып, тапсырыс қабылдаған брокерлер енді өздері қолдан жасаған мәселенің жауапкершілігін мемлекеттің мойнына іле салғысы келеді.

Егер оларға рақымшылық жасалса, заң талабын бұлжытпай орындап, барлық салық пен төлемді соқыр тиынына дейін төлеп отырған адал компаниялардың алдында үлкен теңсіздік туады. Біреулер көлікті ресми, таза жолмен әкеліп жатса, екіншілері көлеңкелі схемамен арзан баға ұсынып, нарықты бұзады. Сондықтан, бақылаудың қатаюын тек ресми дилерлерді қолдау деп таяз түсінуге болмайды – бұл ең алдымен заң үстемдігі мен экономикалық әділдікті орнату.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 18:07

Ұқсас мақалалар

Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстан мен ҚХР жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге келді

|Саясат
Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Тоқаевқа бағыт беретін Кай-Фу Ли бастаған шетелдік төрттік Ұлттық академияның есігінен кіріп, еліміздің стратегиялық салаларын қалай бақылауға алады?

|Саясат
Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Миға қонымсыз мемдер мен зымыран соққылары: Трамптың тролльдер армиясы Покемон мен Нарутоның беделін қалай түсіріп жатыр?

|Саясат
Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Бір жылға созылған тергеудің нәтижесі жаға ұстатады! Желі қолданушылары лаңкестердің адам өлтірген сәттері туралы талай рет дабыл қаққанына қарамастан, Telegram бұл бейнелерді апталап өшірмеген. Тіпті бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Крайстчерч пен Буффалодағы қанды қырғын кадрлары жұрттың көз алдында үш ай бойы тайраңдап тұрған! Бұл ғана емес, мессенджердің ішкі ережелерінде мұндай сұмдыққа нақты тыйым салынбағаны әшкере болды.

|Саясат
Неге Wildberries Қазақстаннан 100 мың шаршы метр орын іздеп жүр?

Неге Wildberries Қазақстаннан 100 мың шаршы метр орын іздеп жүр?

Тауарыңыз қауіпсіз жерде ме? Wildberries маркетплейсі көрші елдегі қарулы шабуылдарға байланысты өз қуатын шұғыл түрде Қазақстанға көшіруге кірісті! Компания еліміздегі бүкіл бос қойманы жалға алуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл жаңалық қазақстандық селлерлер үшін нені білдіреді?

|Саясат
«Бұл – жол беруге болмайтын әрекет». Қазақстан мұнай тиелген танкерлерге жасалған шабуылға қатаң жауап қатты

«Бұл – жол беруге болмайтын әрекет». Қазақстан мұнай тиелген танкерлерге жасалған шабуылға қатаң жауап қатты

Каспий теңізіндегі экологиялық апатқа бір-ақ қадам қалды: Украина дрондары Қазақстанның ең ірі кен орындарының мұнайын тасымалдайтын халықаралық танкерлерді неге тікелей нысанаға алды?

|Саясат
LiveInternetZERO.kz