Әскери қоршаудан халықаралық сотқа дейін: Америкалық миллиардер Аргентинаны қалай төлеуге мәжбүр етті

Құнсыз қағаздан басталған миллиардтар: Өзгелер шығынды қабылдап қашқанда, Аргентинаны банкрот қылып, 10 есе артық пайда тапқан қаржы алпауыты

Алаш баласы||2 мин оқу
Әскери қоршаудан халықаралық сотқа дейін: Америкалық миллиардер Аргентинаны қалай төлеуге мәжбүр етті
Сурет: ЖИ

2001 жылы Аргентина тарихтағы ең ірі дефолт жариялап, 100 миллиард доллар қарызын төлей алмайтынын мәлімдеді. Дүрбелеңге түскен дүниежүзілік несие берушілер реструктуризация шарттарына келісіп, әр доллардың орнына 30 центтен алуға мәжбүр болды. Алайда, кредиторлар арасында мүлдем басқа жолды таңдаған бір адам бар еді. Ол – америкалық Elliot Management хедж-қорының негізін қалаушы Пол Сингер.

Өзгелер шығынмен келісіп, құжаттарға қол қойып жатқанда, Сингер жұрт қоқысқа балаған аргентиналық облигацияларды әр долларына 20 центтен сатып ала бастайды. Ол мұнымен тоқтап қалмай, қарызды соңғы тиынына дейін өтеуді талап етіп, сотқа шағым түсіреді. Аргентина үкіметі әрине бас тартады. Осылайша инвестор 15 жылға созылған күту позициясына көшеді.

Аргентина сот шешімдерін елемеген соң, ол шетелден қарыз есебіне бұғаттауға болатын аргентиналық мүлікті іздеуге кіріседі. Іздегені 2012 жылы табылады. Оқу-жаттығу сапарымен Гана портына кірген аргентиналық «Либертад» фрегаты тұтқынға алынады. Жергілікті соттың шешімімен кемеге тыйым салынады. Белгілі болғандай, Elliot Management хедж-қоры фрегатты айлар бойы аңдып, сот шешімін орындайтын елдің портына кіруін күткен.

Фрегаттың жанына Гананың әскери кемесі келіп тоқтайды, борттағы 220 адам қамауда қалады. Оларға портқа шығуға қатаң тыйым салынады. Үш аптадан соң жағдай шегіне жетіп, теңізшілерді гуманитарлық себептермен эвакуациялай бастайды. Қоршау туралы естіген мыңдаған аргентиналықтар бүкіл ел көлемінде ақша жинап, қарызды өз күштерімен өтеуге талпынады. Бірақ үкімет «бопсалаушыларға ақша төлеуге болмайды» деп, аталған бастамаға ресми түрде тыйым салады.

Ақырында Халықаралық сот кемені тұтқындауды заңсыз деп танып, фрегат босатылады. Дегенмен Сингер берілмеді. Ол шетелдегі аргентиналық шоттарды бұғаттап, өзге де активтерге тыйым салу арқылы қысым көрсетуін жалғастырады.

Соңында 2016 жылы Аргентина беріліп, 4 миллиард 650 миллион доллар төлеуге мәжбүр болады. Осындай табандылықтың арқасында Сингер салған инвестициясынан 10 есе көп, яғни шамамен 2 миллиард 400 миллион доллар таза пайда табады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 13 қазан 2026, 22:10

Ұқсас мақалалар

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

"Олар бәрін өте қарапайым жасады. Лейла Храпунова ақшаны қызының есепшотына материалдық көмек ретінде банктік аударымдармен жіберіп отырған. Көмектің көлемі... 3 млн доллар мен 6 млн доллар..." Балабақша, сәулет ескерткіші және Медеудегі резиденция. Экс-әкім Алматының ең қымбат жерлерін қалай отбасылық бизнеске айналдырды?

|Саясат
71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

1,4 триллион теңгенің көлігін салықсыз кіргізіп байығандар кімдер? 1 қыркүйектен бастап шетелден темір тұлпар әкелудің ережесі күрт қатайды! Екі ай бұрын ескерту алса да, клиенттердің ақшасын жинап алған делдалдар енді неге жаппай байбайлам салып, Үкіметтен рақымшылық сұрап жатыр?

|Саясат
Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстан мен ҚХР жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге келді

|Саясат
Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Тоқаевқа бағыт беретін Кай-Фу Ли бастаған шетелдік төрттік Ұлттық академияның есігінен кіріп, еліміздің стратегиялық салаларын қалай бақылауға алады?

|Саясат
Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Миға қонымсыз мемдер мен зымыран соққылары: Трамптың тролльдер армиясы Покемон мен Нарутоның беделін қалай түсіріп жатыр?

|Саясат
Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Бір жылға созылған тергеудің нәтижесі жаға ұстатады! Желі қолданушылары лаңкестердің адам өлтірген сәттері туралы талай рет дабыл қаққанына қарамастан, Telegram бұл бейнелерді апталап өшірмеген. Тіпті бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Крайстчерч пен Буффалодағы қанды қырғын кадрлары жұрттың көз алдында үш ай бойы тайраңдап тұрған! Бұл ғана емес, мессенджердің ішкі ережелерінде мұндай сұмдыққа нақты тыйым салынбағаны әшкере болды.

|Саясат
LiveInternetZERO.kz