Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстан мен ҚХР жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге келді

Алаш баласы||1 мин оқу
Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады
Сурет: GOV.KZ

Қазақстан мен Қытай ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара мойындауға келісті. Шешім ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің Бейжіңге жұмыс сапары аясында қабылданды.

Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунмен кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Polisia.kz порталының хабарлауынша, министрлер ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы ортақ мәмілеге келген.

«Жаңашылдық екі ел азаматтары үшін қағазбастылықты азайтып, құжат ресімдеу машақатын жеңілдетеді. Сондай-ақ туристік және іскерлік мақсаттағы өзара барыс-келіске барынша қолайлы жағдай туғызады», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Үкіметаралық деңгейде «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды. Ведомство өкілдерінің айтуынша, құжат – орталық аумағындағы қауіпсіздіктің құқықтық тетіктерін заңдастыру бағытындағы ұзақ жылғы бірлескен жұмыстың нәтижесі.

«Аталған келісім қос мемлекеттің құзырлы органдары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін бекітеді. Ендігі кезекте құқық бұзушылықтың алдын алу, төнген қауіпке шұғыл ден қою және халықаралық орталықта жүрген азаматтардың қауіпсіздігін толыққанды қорғау әлдеқайда тиімді жүзеге асады», – деп нақтылады министрліктегілер.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 16 қыркүйек 2026, 11:45

Ұқсас мақалалар

Тирана мэрі абақтыдан жасанды интеллект арқылы үндеу тастады

Тирана мэрі абақтыдан жасанды интеллект арқылы үндеу тастады

Өзі тас қапаста отырса да, цифрлық бейнесі бостандықта жүр: Қуғынға ұшыраған шенеунік жасанды интеллект арқылы қарсыластарына осылай жауап берді

|Саясат
Әскери қоршаудан халықаралық сотқа дейін: Америкалық миллиардер Аргентинаны қалай төлеуге мәжбүр етті

Әскери қоршаудан халықаралық сотқа дейін: Америкалық миллиардер Аргентинаны қалай төлеуге мәжбүр етті

Құнсыз қағаздан басталған миллиардтар: Өзгелер шығынды қабылдап қашқанда, Аргентинаны банкрот қылып, 10 есе артық пайда тапқан қаржы алпауыты

|Саясат
Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

"Олар бәрін өте қарапайым жасады. Лейла Храпунова ақшаны қызының есепшотына материалдық көмек ретінде банктік аударымдармен жіберіп отырған. Көмектің көлемі... 3 млн доллар мен 6 млн доллар..." Балабақша, сәулет ескерткіші және Медеудегі резиденция. Экс-әкім Алматының ең қымбат жерлерін қалай отбасылық бизнеске айналдырды?

|Саясат
71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

1,4 триллион теңгенің көлігін салықсыз кіргізіп байығандар кімдер? 1 қыркүйектен бастап шетелден темір тұлпар әкелудің ережесі күрт қатайды! Екі ай бұрын ескерту алса да, клиенттердің ақшасын жинап алған делдалдар енді неге жаппай байбайлам салып, Үкіметтен рақымшылық сұрап жатыр?

|Саясат
Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Тоқаевқа бағыт беретін Кай-Фу Ли бастаған шетелдік төрттік Ұлттық академияның есігінен кіріп, еліміздің стратегиялық салаларын қалай бақылауға алады?

|Саясат
Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Миға қонымсыз мемдер мен зымыран соққылары: Трамптың тролльдер армиясы Покемон мен Нарутоның беделін қалай түсіріп жатыр?

|Саясат
LiveInternetZERO.kz