Құрылтайға сайлау: Қай партия ең көп кандидат ұсынды?

Кеше ғана үнсіз жатқан партиялар барлық күшін салып, ең ұзын тізімдерін Орталық сайлау комиссиясына өткізіп үлгерді. 7 партия және бірден 546 кандидат! Бұл сайлауда бәсеке бұрын-соңды болмаған деңгейде қызайын деп тұр. Қай партия бәйгеге ең көп адам қосты? Кімдер тізімді барынша ұзартуға тырысты? Басты саяси интриганың барлық сандары мен аралық қорытындысы белгілі болды.

Алаш баласы||1 мин оқу
Құрылтайға сайлау: Қай партия ең көп кандидат ұсынды?
Сурет: GOV.KZ

Сонымен, үлкен саяси доданың алғашқы кезеңі мәресіне жетті. Орталық сайлау комиссиясы жаңа Парламент – Құрылтайға кімдердің бара жатқанын түгендеп, аралық қорытындыны жариялады.

Бәсеке қызу болғалы тұр: Құрылтайдағы бар-жоғы 145 мандат үшін бірден 546 кандидат бақ сынайды. Яғни, Парламенттегі бір орынға шамамен 4 адамнан таласады деген сөз.

Кеше кешкі сағат 18:00-ге дейін елімізде тіркелген 7 саяси партия түгелдей үлгеріп, өздерінің тізімдерін ОСК-ға өткізіп тастады. Сонымен, кім қанша үміткермен бәйгеге қосылмақ? Сандарға көз жүгіртейік:

  • «Әділет» партиясы ең үлкен тізіммен көш бастап тұр – 186 кандидат;

  • «Respublica» партиясы – 76 кандидат;

  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 72 кандидат;

  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 69 кандидат;

  • «Ақ жол» демократиялық партиясы – 63 кандидат;

  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 47 кандидат;

  • ЖСДП (Жалпыұлттық социал-демократиялық партия) – 33 кандидат.

Алғашқы қадам жасалды, тізімдер тапсырылды. Ендігі кезекте қоғам назары әр партияның ішкі тізіміне ауатыны анық. Тізімдегі жаңа есімдер, күтпеген тұлғалар мен саяси «ауыр салмақтылардың» кім екені алдағы күндердің басты жаңалығы болмақ. Нағыз қызық енді басталады!

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 4 қазан 2026, 16:20

Ұқсас мақалалар

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

"Олар бәрін өте қарапайым жасады. Лейла Храпунова ақшаны қызының есепшотына материалдық көмек ретінде банктік аударымдармен жіберіп отырған. Көмектің көлемі... 3 млн доллар мен 6 млн доллар..." Балабақша, сәулет ескерткіші және Медеудегі резиденция. Экс-әкім Алматының ең қымбат жерлерін қалай отбасылық бизнеске айналдырды?

|Саясат
71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

1,4 триллион теңгенің көлігін салықсыз кіргізіп байығандар кімдер? 1 қыркүйектен бастап шетелден темір тұлпар әкелудің ережесі күрт қатайды! Екі ай бұрын ескерту алса да, клиенттердің ақшасын жинап алған делдалдар енді неге жаппай байбайлам салып, Үкіметтен рақымшылық сұрап жатыр?

|Саясат
Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстан мен ҚХР жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге келді

|Саясат
Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Тоқаевқа бағыт беретін Кай-Фу Ли бастаған шетелдік төрттік Ұлттық академияның есігінен кіріп, еліміздің стратегиялық салаларын қалай бақылауға алады?

|Саясат
Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Миға қонымсыз мемдер мен зымыран соққылары: Трамптың тролльдер армиясы Покемон мен Нарутоның беделін қалай түсіріп жатыр?

|Саясат
Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Бір жылға созылған тергеудің нәтижесі жаға ұстатады! Желі қолданушылары лаңкестердің адам өлтірген сәттері туралы талай рет дабыл қаққанына қарамастан, Telegram бұл бейнелерді апталап өшірмеген. Тіпті бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Крайстчерч пен Буффалодағы қанды қырғын кадрлары жұрттың көз алдында үш ай бойы тайраңдап тұрған! Бұл ғана емес, мессенджердің ішкі ережелерінде мұндай сұмдыққа нақты тыйым салынбағаны әшкере болды.

|Саясат
LiveInternetZERO.kz