Қазақстан табиғаты Голливудты тамсандырды: Джеки Чан Маңғыстаудың әлеуетін жоғары бағалады

Джеки Чанның өзі Маңғыстаудың табиғатына таңдай қағып, «бұл болашақ фильмнің ең мықты әрі көрнекті кадрларына айналады» деп баға беріп үлгеріпті. Бұл – еліміздің туризмі мен киноиндустриясы үшін нағыз джекпот! Sәlem Entertainment компаниясы қолға алған бұл жоба Қазақстанды бүкіл әлемге мүлдем жаңа қырынан танытқалы тұр.

Алаш баласы||1 мин оқу
Қазақстан табиғаты Голливудты тамсандырды: Джеки Чан Маңғыстаудың әлеуетін жоғары бағалады
Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің фейсбук парақшасы

13 шілдеде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірге арнайы келген әлемге әйгілі актер, режиссер әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чанмен кездесті. Голливуд жұлдызы Қазақстанға халықаралық «Доспехи Бога 4: Ультиматум» (Armour of God: Ultimatum) көркем фильмінің түсіріліміне қатысу үшін табан тіреген.

Ауқымды халықаралық киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстаудың, оның ішінде әлемге әйгілі Бозжыра шатқалының таңдалуы кездейсоқ емес. Бұл әлемдік киноиндустрияның Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттарына деген қызығушылығының артып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Кездесу барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұндай ауқымды халықаралық жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттырып, инвестиция тартуға және Маңғыстауды әлемдік деңгейде танытуға зор серпін беретінін атап өтті. Өз кезегінде Джеки Чан қазақ елінің қонақжайлығына алғыс білдіріп, Маңғыстаудың табиғи ландшафттары ерекше кинематографиялық әлеуетке ие екенін және болашақ фильмнің ең көрнекті көріністерінің біріне айналатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, «Доспехи Бога 4: Ультиматум» жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда, ал фильмнің өндірісімен отандық «Sәlem Entertainment» компаниясы айналысады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 31 шілде 2026, 06:10

Ұқсас мақалалар

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

"Олар бәрін өте қарапайым жасады. Лейла Храпунова ақшаны қызының есепшотына материалдық көмек ретінде банктік аударымдармен жіберіп отырған. Көмектің көлемі... 3 млн доллар мен 6 млн доллар..." Балабақша, сәулет ескерткіші және Медеудегі резиденция. Экс-әкім Алматының ең қымбат жерлерін қалай отбасылық бизнеске айналдырды?

|Саясат
71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

1,4 триллион теңгенің көлігін салықсыз кіргізіп байығандар кімдер? 1 қыркүйектен бастап шетелден темір тұлпар әкелудің ережесі күрт қатайды! Екі ай бұрын ескерту алса да, клиенттердің ақшасын жинап алған делдалдар енді неге жаппай байбайлам салып, Үкіметтен рақымшылық сұрап жатыр?

|Саясат
Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстан мен ҚХР жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге келді

|Саясат
Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Тоқаевқа бағыт беретін Кай-Фу Ли бастаған шетелдік төрттік Ұлттық академияның есігінен кіріп, еліміздің стратегиялық салаларын қалай бақылауға алады?

|Саясат
Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Миға қонымсыз мемдер мен зымыран соққылары: Трамптың тролльдер армиясы Покемон мен Нарутоның беделін қалай түсіріп жатыр?

|Саясат
Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Бір жылға созылған тергеудің нәтижесі жаға ұстатады! Желі қолданушылары лаңкестердің адам өлтірген сәттері туралы талай рет дабыл қаққанына қарамастан, Telegram бұл бейнелерді апталап өшірмеген. Тіпті бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Крайстчерч пен Буффалодағы қанды қырғын кадрлары жұрттың көз алдында үш ай бойы тайраңдап тұрған! Бұл ғана емес, мессенджердің ішкі ережелерінде мұндай сұмдыққа нақты тыйым салынбағаны әшкере болды.

|Саясат
LiveInternetZERO.kz