«Бұл – жол беруге болмайтын әрекет». Қазақстан мұнай тиелген танкерлерге жасалған шабуылға қатаң жауап қатты

Каспий теңізіндегі экологиялық апатқа бір-ақ қадам қалды: Украина дрондары Қазақстанның ең ірі кен орындарының мұнайын тасымалдайтын халықаралық танкерлерді неге тікелей нысанаға алды?

Алаш баласы||2 мин оқу
«Бұл – жол беруге болмайтын әрекет». Қазақстан мұнай тиелген танкерлерге жасалған шабуылға қатаң жауап қатты
Сурет: Stan.kz

Қазақ мұнайы геосаяси қақтығыстың өтінде қалды. 19 шілде күні еліміздің экономикалық күретамыры саналатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (дрон) шабуыл жасалды. Ең сорақысы – соққы дәл Қазақстанның ірі кен орындарынан өндірілген қара алтынды кемелерге тиеп жатқан сәтте жасалған.

КҚК таратқан ресми мәліметке сүйенсек, дрон соққысы бірінші және үшінші қашықтан тиеу айлақтарында (ҚТҚ) жұмыс қызып тұрған шақта орын алған. Шабуылдың нысанасына екі бірдей ірі танкер ілікті. Оның бірі – бортына алпауыт «Теңізшевройл» (Chevron) компаниясының мұнайын тиеген «ASIA» танкері болса, екіншісі – Kashagan B.V. мен «ҚазМұнайГаз» тобына кіретін «Матен» компаниясының мұнайын тасымалдауға дайындалып тұрған «NISSOS IOS» кемесі. Бортында халықаралық экипаж мүшелері бар қос кеме де азаматтық, коммерциялық мақсаттағы нысандар екені айтпаса да түсінікті.

Дрон соққысынан кейін «ASIA» танкерінде өрт тұтанған. Абырой болғанда, консорциумның апаттық қызметі мен экипаждың жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын дер кезінде ауыздықталды. Ресми органдардың хабарлауынша, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Кемелер зақымданғанымен, су бетінде қалу қабілетін сақтап қалған. Ең бастысы – экологиялық апаттың алды алынып, теңіз акваториясына бір тамшы да мұнай төгілген жоқ. Алайда, қауіпсіздік мақсатында мұнай тиеу жұмыстары толықтай уақытша тоқтатылып, келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Айта кетерлігі, бұл – КҚК теңіз терминалына жасалып отырған осымен бесінші шабуыл.

Оқиға тек логистикалық немесе техникалық іркіліс емес. Бұл – тікелей Қазақстанның ұлттық экономикасы мен халықаралық міндеттемелеріне жасалған қауіп. Осы тұста Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі үнсіз қалмай, бірден кесімді әрі қатаң мәлімдеме таратуы – саяси тұрғыдан өте маңызды қадам болды.

Министрлік бұл шабуылдың артында Украина тұрғанын ашық айтып, азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылымға жасалған соққыны «жол беруге болмайтын әрекет» деп кесіп айтты.

Сараптап қарасақ, Қазақстанның позициясы өте айқын әрі прагматикалық логикаға құрылған. КҚК – тек Ресейдің транзиттік дәлізі емес, әлемдік нарыққа шығатын қазақстан мұнайының 80 пайызын тасымалдайтын халықаралық мегажоба. Оның жұмысын тежеу немесе нысанаға алу – жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.

Министрлік өз мәлімдемесінде: "Халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына кез келген күш қолдану жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке қатер төндіреді, энергетикалық ресурстардың үздіксіз халықаралық сауда тетіктерін бұзады және жобаға қатысушылардың экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіреді", – деп, халықаралық қауымдастыққа нақты сигнал берді.

Екі ел арасындағы әскери қақтығыс ендігі жерде халықаралық экономикалық дәліздерді де шарпып жатыр. Қазақстан үшін өз мұнайын экспорттау – ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың басты кепілі. Сондықтан, бейбіт кемелер мен азаматтық терминалдарды әскери нысанаға айналдыру – ешқандай соғыс логикасымен ақталмайтын, әлемдік нарыққа жасалған саботаж. Алдағы уақытта терминалдың қашан іске қосылатыны және бұл оқиғаның әлемдік мұнай бағасына қалай әсер ететіні сарапшылардың басты назарында болмақ.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 06:05

Ұқсас мақалалар

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

Алматының асыл қазынасы Швейцария банктеріне қалай ақты?

"Олар бәрін өте қарапайым жасады. Лейла Храпунова ақшаны қызының есепшотына материалдық көмек ретінде банктік аударымдармен жіберіп отырған. Көмектің көлемі... 3 млн доллар мен 6 млн доллар..." Балабақша, сәулет ескерткіші және Медеудегі резиденция. Экс-әкім Алматының ең қымбат жерлерін қалай отбасылық бизнеске айналдырды?

|Саясат
71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

71 миллиард теңгелік салықтан жалтару схемасы қалай қирады?

1,4 триллион теңгенің көлігін салықсыз кіргізіп байығандар кімдер? 1 қыркүйектен бастап шетелден темір тұлпар әкелудің ережесі күрт қатайды! Екі ай бұрын ескерту алса да, клиенттердің ақшасын жинап алған делдалдар енді неге жаппай байбайлам салып, Үкіметтен рақымшылық сұрап жатыр?

|Саясат
Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі Қытайда да жарамды болады

Қазақстан мен ҚХР жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісімге келді

|Саясат
Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Әлемге әйгілі шетелдік төрт академиктің Қазақстанға келуі нені аңғартады?

Тоқаевқа бағыт беретін Кай-Фу Ли бастаған шетелдік төрттік Ұлттық академияның есігінен кіріп, еліміздің стратегиялық салаларын қалай бақылауға алады?

|Саясат
Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Трамп пен Покемон: Жапония үкіметі АҚШ-тың саяси контентіне қарсылық білдірді

Миға қонымсыз мемдер мен зымыран соққылары: Трамптың тролльдер армиясы Покемон мен Нарутоның беделін қалай түсіріп жатыр?

|Саясат
Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Аустралия Дуровқа соғыс жариялады: Енді Telegram жаппай бұғаттала ма?

Бір жылға созылған тергеудің нәтижесі жаға ұстатады! Желі қолданушылары лаңкестердің адам өлтірген сәттері туралы талай рет дабыл қаққанына қарамастан, Telegram бұл бейнелерді апталап өшірмеген. Тіпті бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Крайстчерч пен Буффалодағы қанды қырғын кадрлары жұрттың көз алдында үш ай бойы тайраңдап тұрған! Бұл ғана емес, мессенджердің ішкі ережелерінде мұндай сұмдыққа нақты тыйым салынбағаны әшкере болды.

|Саясат
LiveInternetZERO.kz