Балқаштың жаңа қожайыны: Үміт жолбарыстың жабайы табиғаттағы алғашқы 10 күні қалай өтті?

Мойынбауындағы GPS құрылғысы мен фототұзақтар таңғажайып құбылысты тіркеді: Қазақстан табиғатына оралған Үміт жолбарыстың жаңа ортадағы алғашқы күндері ғалымдар күткеннен де асып түсіп, желі қолданушыларының басты назарын неліктен аударып отыр?

Алаш баласы||2 мин оқу
Балқаштың жаңа қожайыны: Үміт жолбарыстың жабайы табиғаттағы алғашқы 10 күні қалай өтті?
Сурет: Үміт атты жолбарыс. Фото: Экология министрлігі

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жіберілген Үміт есімді жолбарыс жабайы табиғатқа сәтті бейімделіп келеді. Мамандар жыртқыштың алғашқы он күндік өмірін қорытындылап, оның өз бетінше аң аулауға толық қауқары бар екенін қуанышпен хабарлады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, биологтар Үміттің әр қадамын мойынбауындағы GPS құрылғысы мен фототұзақтар арқылы жіті бақылап отыр. Жүйеден алынған координаттар бойынша мамандар далалық зерттеулер жүргізіп, аңның жүрген жерлерін зерделеуде. Жаңа ортаға тап болған жыртқыш алғашқы күндері-ақ өзінің мықтылығын дәлелдеген. Мониторинг барысында оның алдымен қасқырды олжалап, бірнеше күн бойы сонымен қоректенгені белгілі болды. Көп ұзамай жолбарыстың тырнағына жабайы қабан да ілікті. Мамандар жағдайды түз тағысының жаңа ортаға толық сіңісіп, дербес тіршілік ете бастағанының айқын көрінісі деп бағалап отыр.

Қызығы сол, Үміт тек ғалымдардың ғана емес, қалың бұқараның да назарын өзіне аударып, әлеуметтік желінің нағыз жұлдызына айналды. Оқырмандар жасанды интеллекттің көмегімен жыртқыштың өмірі туралы түрлі креативті видеолар жасауды қолға алған. Әсіресе, «Qreative_qazaq» авторының Үміттің Балқаштағы хикаяларына арналған шағын сериалы желіде кең тарады.

Жолбарыс пен жабайы қабан арасындағы шынайы оқиғаларға негізделген бұл күлкілі әрі тартымды хикаялар миллиондаған қаралым жинап, көрерменнің ықыласына бөленуде. Қазірдің өзінде желі қолданушылары пікір жазып, Үміттің жаңа «приключенияларын» асыға күтіп жүр. Ал жауапты мамандар жолақ аңның күнделікті қозғалысы мен табиғатқа бейімделу процесін қадағалауды әрі қарай да жалғастыра бермек.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 6 қазан 2026, 10:34

Ұқсас мақалалар

«38. Соңғы нүкте»: 14 орманшының өмірін жалмаған өрт экранда

«38. Соңғы нүкте»: 14 орманшының өмірін жалмаған өрт экранда

3 қыркүйектен бастап қазақстандық көрерменге «38. Соңғы нүкте» көркем фильмі ұсынылады. Астанада картинаның жабық көрсетілімі өтіп, туындыны алғашқылардың бірі болып кино саласының өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, актерлер, түсірілім тобы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тамашалады.

|Табиғат
456 ядролық жарылыс, 1,5 миллион тағдыр: Семей полигонының жазылмаған жарасы

456 ядролық жарылыс, 1,5 миллион тағдыр: Семей полигонының жазылмаған жарасы

2026 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толды. Қырық жыл бойы жүргізілген 456 ядролық сынақ қазақ даласына ғана емес, миллиондаған адамның өміріне өшпес із қалдырды. Архивтік құжаттар мен кинохроника сол қасіретті кезеңнің адам тағдырына қалай әсер еткенін бүгінгі ұрпаққа үнсіз жеткізіп тұр.

|Табиғат
TikTok-тағы кездейсоқ видео ғалымдарға жер астында тіршілік ететін сирек жыланбалықты табуға көмектесті

TikTok-тағы кездейсоқ видео ғалымдарға жер астында тіршілік ететін сирек жыланбалықты табуға көмектесті

Үндістанның Бихар штатында ғалымдар Үнді-Ганг жазығының жер асты суларында тіршілік ететін Gangaichthys indonepalicus атты жаңа балық түрі мен жаңа туысын анықтады. Бұл — Ганг алабынан тіркелген алғашқы жерасты балығы.

|Табиғат
OnlyFans-тағы OnlyMarms: Грантсыз қалған зерттеушілердің тосын қадамы

OnlyFans-тағы OnlyMarms: Грантсыз қалған зерттеушілердің тосын қадамы

OnlyFans-та тек 18+ контент жарияланады деп ойласаңыз, қателесесіз! Ақшасы таусылып, далада қалған ғалымдар бұл желіге кімді шығарып жатыр?

|Табиғат
Адам күлкісінің құпиясы ашылды: Біздің күлкіміз маймылдардан қалған ба?

Адам күлкісінің құпиясы ашылды: Біздің күлкіміз маймылдардан қалған ба?

Біз неге қарқылдап күлеміз? Жауабы 15 миллион жыл бұрынғы маймылдарда жатыр.

|Табиғат
«Миллион көп ақша емес»: тундра баласының бір сөзі бүтін дәуірдің шындығын ашты

«Миллион көп ақша емес»: тундра баласының бір сөзі бүтін дәуірдің шындығын ашты

Тундраға сырттай қараған адам ең алдымен суықты көреді. Қырық градус аяз, қардан алынған су, ағаш сырық пен бұғы терісінен тігілген чум, байланысы әлсіз, жолы алыс, өмірі ауыр кеңістік. Қала адамы үшін бұл — өркениеттен шет қалған мекен сияқты көрінуі мүмкін.

|Табиғат
LiveInternetZERO.kz