Адам тәрізді роботтар алғаш рет күрделі ота жасады

Калифорния университетінің ғалымдары медицина әлемінде нағыз төңкеріс жасады. Бұдан былай пышақ ұстаған хирургтің орнын кәдімгі адам пішініндегі андроидтар басуы әбден мүмкін. Тллығырақ төменде...

Алаш баласы||2 мин оқу
Адам тәрізді роботтар алғаш рет күрделі ота жасады
Сурет: medicalxpress.com

Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары мен дәрігерлері әлемде алғаш рет адам тәрізді роботтардың көмегімен жануарларға екі бірдей күрделі ота жасады. Бұл бұрыннан белгілі, орнынан қозғалмайтын дәу аппараттар емес, кәдімгі адам пішініндегі әмбебап андроидтар. Бірінші ота кезінде құрылғыны хирург қашықтан басқарса, екіншісінде дәрігер тек бақылаушы қызметін атқарды. Осылайша, медицина әлемінде жаңа дәуірдің есігі айқара ашылды.

Қазіргі таңда ауруханаларда қолданылып жүрген робот-хирургтердің салмағы бір тоннаға дейін жетеді. Олар өте күрделі, әрі арнайы бағдарламалармен ғана жұмыс істейді. Мұндай алып құрылғыларды ірі клиникаларда жоспарлы ота жасау үшін ғана қолдануға болады. Ал оларды төтенше жағдай болған аймақтарға немесе дала госпитальдарына апару мүмкін емес.

Жаңадан құрастырылған Surgie деп аталатын андроидтардың бойы бір жарым метр, ал салмағы небәрі жиырма жеті келі. Адамға ұқсас пішіні мен қолдарындағы арнайы қондырмаларының арқасында олар кәдімгі хирургиялық құралдарды емін-еркін қолдана алады. Бұл олардың дәрігерлермен бірге кез келген жерде, тіпті шатырлы дала ауруханаларында да қатар жұмыс істеуіне жол ашады. Оларды адамның жанында тұрып та, қашықтан байланыс арқылы да басқару өте ыңғайлы.

Дегенмен, бұл жаңалықтың әзірге кемшіліктері де жоқ емес. Ең басты мәселе — байланыс сапасына тікелей тәуелділік. Ота кезінде күтпеген жағдай туындаса, сигналдың сәл де болсын кешігуі өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Екінші қиындық — әрбір медициналық құрал үшін роботты жеке баптау немесе қондырмасын ауыстыру қажет. Инженерлер бұл процесті жетілдіріп, лапароскопиялық ота уақытын бірнеше сағаттан отыз минутқа дейін қысқартқанымен, қауіп-қатер әлі де бар.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 5 қазан 2026, 13:03

Ұқсас мақалалар

Хирургке бағынған технология: MAKO роботы кімдерге және қалай операция жасайды?

Хирургке бағынған технология: MAKO роботы кімдерге және қалай операция жасайды?

«Ол хирургтің орнына жұмыс істейтін робот емес, дәрігердің қолындағы аса дәл құрал» Тізе мен жамбас артрозымен қиналған науқастарға жаңа өмір сыйлайтын MAKO технологиясының дәстүрлі отадан басты айырмашылығы неде?

|Медицина
ҰҒТОО-ДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

ҰҒТОО-ДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

Анкара профессорлары елордалық дәрігерлерге микрохирургия мен артроскопияның бұрын-соңды болмаған әдістерін көрсетті. TİKA қолдауымен келген түркиялық делегацияның қазақстандық хирургтар, резиденттер және медицина мейіргерлеріне арналған жабық оқытулары қалай өтті?

|Медицина
Робот-ассистенттер және заманауи эндопротездеу: Астанадағы ортопедтердің халықаралық басқосуы мәресіне жетті

Робот-ассистенттер және заманауи эндопротездеу: Астанадағы ортопедтердің халықаралық басқосуы мәресіне жетті

Батпенов орталығының 25 жылдығына орай өткен ауқымды жиын құпиясы: адамды аяққа тік тұрғызатын жаңа медициналық технологиялар қандай?

|Медицина
Астана тұрғындары АИТВ-ға тегін тексеріле алады

Астана тұрғындары АИТВ-ға тегін тексеріле алады

Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК елорда тұрғындарына АИТВ-ға тегін тексерілуге мүмкіндік бар екенін хабарлады

|Медицина
Лондоннан Астанаға: Қазақстандық ғалым Альцгеймерді ерте анықтаудың жаңа технологияларын әкеледі

Лондоннан Астанаға: Қазақстандық ғалым Альцгеймерді ерте анықтаудың жаңа технологияларын әкеледі

2050 жылға қарай 139 миллион адамды қамтитын қауіп! Қазақстандықтарды Альцгеймерден қорғайтын жаңа әрі арзан диагностика қалай жұмыс істейді?

|Медицина
ДДСҰ хантавирустың өршуі 2 шілдеде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді

ДДСҰ хантавирустың өршуі 2 шілдеде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хантавирустың соңғы өршуі 2 шілдеде ресми түрде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Euronews хабарлады.

|Медицина
LiveInternetZERO.kz