Екі ауыр операцияның орнына — бір ғана ота: Әлемдік хирург пен қазақ дәрігерлері тікелей эфирде бірегей операция жасады

Скальпель, камера және жүздеген маманның назары: Астанада протез маңындағы инфекцияны емдеудің әлемдік стандарты алғаш рет тікелей эфирдегі ота арқылы көрсетілді

Алаш баласы||1 мин оқу
Екі ауыр операцияның орнына — бір ғана ота: Әлемдік хирург пен қазақ дәрігерлері тікелей эфирде бірегей операция жасады

30 қазанда академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында «HKA 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды. Орталық ұйымдастырған екі күндік жиында Қазақстан, Түркия және Ресейдің білікті травматолог-ортопедтері бас қосып, жамбас пен тізе буындарын күрделі эндопротездеудің өзекті мәселелерін талқыға салды.

Алғашқы күннің ең маңызды сәті — тікелей эфирде өткен (Live Surgery) шеберлік сағаты болды. Буын алмастыру және протез маңындағы инфекцияларды емдеу бойынша әлемге танымал сарапшы, профессор Джавад Парвизи ҰҒТОО хирургтерімен бірлесіп бірегей ота жасады. Дәрігерлер асқынған инфекция кезінде тізе буынындағы протезді бір ғана отамен қайта ауыстырып шықты. Залда жиналған мамандар операция барысын экраннан тікелей бақылап, әлемдік деңгейдегі хирургтің жұмыс тәсілімен іс жүзінде танысты.

Тәжірибелік бөлімнен кейін дәрігерлер ғылыми баяндамалар жасап, тәжірибеде кездесетін ең ауыр клиникалық жағдайларды ортаға салды. Жиында буын алмастырудың жаңа әдістері, қайталама (ревизиялық) оталардың қыр-сыры және операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың алдын алу жолдары жан-жақты сөз болды.

31 қазанда жалғасқан конференцияның екінші күні де мазмұнды өтуде. Шетелдік және отандық сарапшылар күрделі диагноздарды талдап, өзара тәжірибе бөлісуді жалғастырып жатыр.

ҰҒТОО қабырғасында өткен бұл басқосу отандық дәрігерлердің шетелдік әріптестерімен тікелей пікір алмасуына жол ашып, елімізде ауыр ортопедиялық дерттерді емдеу сапасын жаңа деңгейге көтеруге серпін береді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 1 қараша 2026, 02:25

Ұқсас мақалалар

Өлімді жеңетін күн туды ма? Қытайлық ғалым адам өмірін ғасырларға ұзартудың жолын айтты

Өлімді жеңетін күн туды ма? Қытайлық ғалым адам өмірін ғасырларға ұзартудың жолын айтты

Адамның басын басқа денеге салу арқылы жүздеген жыл өмір сүруге болатыны ғылыми дәлелденді. Белгілі профессор Сяопин Рэн жұлын мен миды жалғаудың жаңа әдістерін тауып, жаңа технологияның өлімді шегеруге қалай көмектесетінін түсіндірді.

|Медицина
Хирургке бағынған технология: MAKO роботы кімдерге және қалай операция жасайды?

Хирургке бағынған технология: MAKO роботы кімдерге және қалай операция жасайды?

«Ол хирургтің орнына жұмыс істейтін робот емес, дәрігердің қолындағы аса дәл құрал» Тізе мен жамбас артрозымен қиналған науқастарға жаңа өмір сыйлайтын MAKO технологиясының дәстүрлі отадан басты айырмашылығы неде?

|Медицина
ҰҒТОО-ДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

ҰҒТОО-ДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

Анкара профессорлары елордалық дәрігерлерге микрохирургия мен артроскопияның бұрын-соңды болмаған әдістерін көрсетті. TİKA қолдауымен келген түркиялық делегацияның қазақстандық хирургтар, резиденттер және медицина мейіргерлеріне арналған жабық оқытулары қалай өтті?

|Медицина
Робот-ассистенттер және заманауи эндопротездеу: Астанадағы ортопедтердің халықаралық басқосуы мәресіне жетті

Робот-ассистенттер және заманауи эндопротездеу: Астанадағы ортопедтердің халықаралық басқосуы мәресіне жетті

Батпенов орталығының 25 жылдығына орай өткен ауқымды жиын құпиясы: адамды аяққа тік тұрғызатын жаңа медициналық технологиялар қандай?

|Медицина
Астана тұрғындары АИТВ-ға тегін тексеріле алады

Астана тұрғындары АИТВ-ға тегін тексеріле алады

Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК елорда тұрғындарына АИТВ-ға тегін тексерілуге мүмкіндік бар екенін хабарлады

|Медицина
Адам тәрізді роботтар алғаш рет күрделі ота жасады

Адам тәрізді роботтар алғаш рет күрделі ота жасады

Калифорния университетінің ғалымдары медицина әлемінде нағыз төңкеріс жасады. Бұдан былай пышақ ұстаған хирургтің орнын кәдімгі адам пішініндегі андроидтар басуы әбден мүмкін. Тллығырақ төменде...

|Медицина
LiveInternetZERO.kz