Өлімді жеңетін күн туды ма? Қытайлық ғалым адам өмірін ғасырларға ұзартудың жолын айтты

Адамның басын басқа денеге салу арқылы жүздеген жыл өмір сүруге болатыны ғылыми дәлелденді. Белгілі профессор Сяопин Рэн жұлын мен миды жалғаудың жаңа әдістерін тауып, жаңа технологияның өлімді шегеруге қалай көмектесетінін түсіндірді.

Алаш баласы||2 мин оқу
Өлімді жеңетін күн туды ма? Қытайлық ғалым адам өмірін ғасырларға ұзартудың жолын айтты
Сурет: ЖИ

Адам баласы қартаймай, жүздеген жылдар бойы өмір сүре алатын күн туа ма? Қытайлық танымал хирург, профессор Сяопин Рэн сенімді түрде «иә» деп жауап береді. Ғалымның пікірінше, адамзатты өлімнен арашалап, ғасырлар бойы жасатудың жалғыз әрі басты шарты — бас трансплантациясы, яғни адамның басын басқа, жас тәнге ауыстырып қондыру.

Ол өз ойын Ресейдің «РИА Новости» ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында ашық айтты. Егер адамның басын жас, сау тәнге көшіріп қондыруды толық меңгерсек, ғылыми тұрғыдан алғанда, адамның ғасырлар бойы өмір сүруіне жол ашылады дейді ол. Бізде қазірдің өзінде мұның мүмкін екенін дәлелдейтін ғылыми негіздер бар деп есептейтін профессордың сөзіне сенсек, мұндай оталар адамдарға да жасала бастауы ғажап емес, өйткені жануарларға жасалған тәжірибелер сәтті өткен. Қытай медицина университетінің екінші емханасында ортопедия бөлімінің директоры қызметін атқаратын Сяопин Рэн аталған тақырып қазіргі ғылым үшін аса өзекті және оны тереңірек зерттеу қажет екенін алға тартады.

Басты ауыстырып қондыру идеясы 2015 жылы итальяндық хирург Серджио Канаверо «HEAVEN/AHBR» атты өршіл жобасын жариялағанда қызу талқыға түскен еді. Ол ерікті адамның басын донорлық тәнге жалғап, жұлын мен миды «GEMINI» деп аталатын арнайы әдіспен біріктіруді ұсынды. Басында ғылыми орта идеяға күмәнмен қарағанымен, 2016 жылдың соңында Канаверо мен Сяопин Рэн бастаған топ бастары ауыстырылған тышқандар мен маймылдарды жұртшылыққа көрсетіп, сенсация жасады. Кейінірек ғалымдар Қытайдағы клиникалардың бірінде 18 сағатқа созылған күрделі ота барысында қайтыс болған адамның басын басқа мәйіттің тәніне сәтті қондырғандарын хабарлады.

Бірегей оталарда ғалымдар нанотехнологияның соңғы жетістіктерін пайдаланды. Оның ішінде көміртектен жасалған өте жіңішке нано-пышақ, жүйке талшықтарын бір-біріне «желімдеуге» көмектесетін полиэтиленгликоль органикалық заты, сондай-ақ нейрондар арасындағы байланысты қалпына келтіретін жұлынды стимуляциялаудың ерекше әдісі бар. Профессордың айтуынша, заманауи технологиялар адамзатты мәңгілік өмірге бір табан жақындата түспек, дегенмен этикалық және медициналық сауалдар әлі де көп.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 22 қазан 2026, 19:01

Ұқсас мақалалар

Хирургке бағынған технология: MAKO роботы кімдерге және қалай операция жасайды?

Хирургке бағынған технология: MAKO роботы кімдерге және қалай операция жасайды?

«Ол хирургтің орнына жұмыс істейтін робот емес, дәрігердің қолындағы аса дәл құрал» Тізе мен жамбас артрозымен қиналған науқастарға жаңа өмір сыйлайтын MAKO технологиясының дәстүрлі отадан басты айырмашылығы неде?

|Медицина
ҰҒТОО-ДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

ҰҒТОО-ДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

Анкара профессорлары елордалық дәрігерлерге микрохирургия мен артроскопияның бұрын-соңды болмаған әдістерін көрсетті. TİKA қолдауымен келген түркиялық делегацияның қазақстандық хирургтар, резиденттер және медицина мейіргерлеріне арналған жабық оқытулары қалай өтті?

|Медицина
Робот-ассистенттер және заманауи эндопротездеу: Астанадағы ортопедтердің халықаралық басқосуы мәресіне жетті

Робот-ассистенттер және заманауи эндопротездеу: Астанадағы ортопедтердің халықаралық басқосуы мәресіне жетті

Батпенов орталығының 25 жылдығына орай өткен ауқымды жиын құпиясы: адамды аяққа тік тұрғызатын жаңа медициналық технологиялар қандай?

|Медицина
Астана тұрғындары АИТВ-ға тегін тексеріле алады

Астана тұрғындары АИТВ-ға тегін тексеріле алады

Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК елорда тұрғындарына АИТВ-ға тегін тексерілуге мүмкіндік бар екенін хабарлады

|Медицина
Адам тәрізді роботтар алғаш рет күрделі ота жасады

Адам тәрізді роботтар алғаш рет күрделі ота жасады

Калифорния университетінің ғалымдары медицина әлемінде нағыз төңкеріс жасады. Бұдан былай пышақ ұстаған хирургтің орнын кәдімгі адам пішініндегі андроидтар басуы әбден мүмкін. Тллығырақ төменде...

|Медицина
Лондоннан Астанаға: Қазақстандық ғалым Альцгеймерді ерте анықтаудың жаңа технологияларын әкеледі

Лондоннан Астанаға: Қазақстандық ғалым Альцгеймерді ерте анықтаудың жаңа технологияларын әкеледі

2050 жылға қарай 139 миллион адамды қамтитын қауіп! Қазақстандықтарды Альцгеймерден қорғайтын жаңа әрі арзан диагностика қалай жұмыс істейді?

|Медицина
LiveInternetZERO.kz