ҰҒТОО-ДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

Анкара профессорлары елордалық дәрігерлерге микрохирургия мен артроскопияның бұрын-соңды болмаған әдістерін көрсетті. TİKA қолдауымен келген түркиялық делегацияның қазақстандық хирургтар, резиденттер және медицина мейіргерлеріне арналған жабық оқытулары қалай өтті?

Алаш баласы||3 мин оқу
ҰҒТОО-ДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

2026 жылғы 8-11 қыркүйекте Астана қаласында «Диагностикадан оңалтуға дейінгі пәнаралық травматология және ортопедия» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Халықаралық іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының 25 жылдығына арналды. Конференцияға Қазақстанның және бірқатар шетел мемлекеттерінің жетекші мамандары қатысты.

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен конференцияға Түркия Республикасынан травматология және ортопедия, физиотерапия және оңалту, сондай-ақ мейіргер ісі салаларындағы 19 жетекші маманнан құралған делегация қатысты.

Түркиялық мамандар конференцияның ғылыми және практикалық бағдарламасына белсенді атсалысып, ғылыми баяндамалар жасады, білім беру іс-шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізді, заманауи хирургиялық әдістер бойынша көрсетілімдік операциялар жасады. Сонымен қатар дәрігерлерге, резиденттерге, физиотерапия және оңалту мамандарына, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне кәсіби оқыту ұйымдастырылды.

2026 жылғы 8 қыркүйекте Түркияның травматология және ортопедия саласындағы медицина мейіргерлерінің кәсіби қауымдастығының президенті әріптестерімен бірге академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына келді.

Сапар барысында түркиялық делегация Орталықтың қызметімен, клиникалық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру жүйесімен және травматология-ортопедиялық бейіндегі пациенттерге көрсетілетін мейіргерлік күтім ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ қазақстандық әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмаса алды.

9 қыркүйекте Орталық базасында түркиялық мамандар медицина мейіргерлеріне арналған практикалық шеберлік сабақтарын өткізді. Оқыту барысында кәсіби құзыреттерді арттыруға, травматология-ортопедиялық бейіндегі пациенттерге мейіргерлік күтім көрсетудің заманауи тәсілдеріне және халықаралық тәжірибе алмасуға басымдық берілді.

Сол күні резиденттер мен физиотерапия және оңалту саласының мамандарына арналған жеке білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды. Шеберлік сабақтарын доцент, доктор Инжи Хазал Аяс және профессор, доктор Филиз Джан (PT, MSc, PhD) өткізді.

Профессор Филиз Джан - Хаджеттепе университетінің физиотерапия және оңалту факультетінің оқытушысы, сондай-ақ Түркияның ортопедиялық физиотерапевтер қауымдастығы мен гериатриялық физиотерапевтер қауымдастығының төрайымы.

Білім беру бағдарламасы аясында тірек-қимыл аппаратының аурулары мен жарақаттары бар пациенттерді физиотерапиялық емдеу және оңалтудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Резиденттер үшін практикалық сабақтар өткізіліп, мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасты.

9 қыркүйектегі бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі - заманауи хирургиялық технологияларға арналған көрсетілімдік операциялар мен практикалық шеберлік сабақтары болды.

Анкара қаласынан келген профессор Улунай Канатлы иықтың ротаторлық манжетасының созылмалы зақымдануы және сүйек ақауларымен қатар жүретін иық буынының тұрақсыздығы кезінде заманауи артроскопиялық хирургиялық әдістерді көрсетті.

Профессор Акиф Мухтар Өзтүрік тиісті көрсетілімдері бар пациенттерге қан тамырымен қамтамасыз етілген асықты жіліктің трансплантатын немесе ортан жіліктің медиальды айдаршығын қолдану әдістерін, сондай-ақ жоғарғы аяқ-қол нервтерін қалпына келтірудің және нерв трансферін орындаудың заманауи тәсілдерін таныстырды.

Доцент Алим Джан Баймурат бел омыртқасының омыртқааралық дискі жарығын хирургиялық емдеудің заманауи әдісін – біржақты бибортальды эндоскопияны (Unilateral Biportal Endoscopy, UBE) қолдану арқылы көрсетілімдік операция жасады.

2026 жылғы 10-11 қыркүйекте TİKA қолдауымен келген Түркия мамандары халықаралық конференцияның негізгі ғылыми бағдарламасына да белсенді қатысты. Олар травматология мен ортопедияның өзекті бағыттары бойынша баяндамалар мен дәрістер ұсынды.

Ғылыми сессиялар барысында реконструктивті ортопедия, артроскопия, иық, тізе және тобық буындарының хирургиясы, микрохирургия, аз инвазивті хирургиялық технологиялар, физиотерапия мен оңалтудың заманауи тәсілдері, мамандарды даярлау және халықаралық кәсіби ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Осылайша, TİKA қолдауының арқасында Қазақстанда өткен маңызды халықаралық ғылыми іс-шараға Түркия Республикасынан 19 жетекші маманның қатысуы қамтамасыз етіліп, білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған ауқымды кәсіби бағдарлама жүзеге асырылды.

Көрсетілімдік хирургиялық операциялар, практикалық шеберлік сабақтары, ғылыми баяндамалар мен білім беру іс-шаралары травматолог-дәрігерлерді, ортопедтерді, физиотерапия және оңалту мамандарын, резиденттерді және медицина мейіргерлерін қамтыды.

Өткізілген іс-шаралар заманауи медициналық білім мен практикалық тәжірибе алмасуға, қазақстандық медицина мамандарының кәсіби құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы денсаулық сақтау, медициналық білім беру және ғылым салаларындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосты.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 24 қыркүйек 2026, 16:30

Ұқсас мақалалар

Робот-ассистенттер және заманауи эндопротездеу: Астанадағы ортопедтердің халықаралық басқосуы мәресіне жетті

Робот-ассистенттер және заманауи эндопротездеу: Астанадағы ортопедтердің халықаралық басқосуы мәресіне жетті

Батпенов орталығының 25 жылдығына орай өткен ауқымды жиын құпиясы: адамды аяққа тік тұрғызатын жаңа медициналық технологиялар қандай?

|Медицина
Астана тұрғындары АИТВ-ға тегін тексеріле алады

Астана тұрғындары АИТВ-ға тегін тексеріле алады

Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК елорда тұрғындарына АИТВ-ға тегін тексерілуге мүмкіндік бар екенін хабарлады

|Медицина
Адам тәрізді роботтар алғаш рет күрделі ота жасады

Адам тәрізді роботтар алғаш рет күрделі ота жасады

Калифорния университетінің ғалымдары медицина әлемінде нағыз төңкеріс жасады. Бұдан былай пышақ ұстаған хирургтің орнын кәдімгі адам пішініндегі андроидтар басуы әбден мүмкін. Тллығырақ төменде...

|Медицина
Лондоннан Астанаға: Қазақстандық ғалым Альцгеймерді ерте анықтаудың жаңа технологияларын әкеледі

Лондоннан Астанаға: Қазақстандық ғалым Альцгеймерді ерте анықтаудың жаңа технологияларын әкеледі

2050 жылға қарай 139 миллион адамды қамтитын қауіп! Қазақстандықтарды Альцгеймерден қорғайтын жаңа әрі арзан диагностика қалай жұмыс істейді?

|Медицина
ДДСҰ хантавирустың өршуі 2 шілдеде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді

ДДСҰ хантавирустың өршуі 2 шілдеде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хантавирустың соңғы өршуі 2 шілдеде ресми түрде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Euronews хабарлады.

|Медицина
Жасанды интеллект әзірлеген әлемдегі алғашқы вакцина қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллект әзірлеген әлемдегі алғашқы вакцина қалай жұмыс істейді?

Кембридж университетінің ғалымдары жасанды интеллекттің (AI) көмегімен жасалған түбегейлі жаңа вакцинаны әзірледі. Бұл вакцинаның негізгі құрамдас бөлігі толығымен жасанды интеллект арқылы жобаланған және алғаш рет адамдарға сыналып көрілді.

|Медицина
LiveInternetZERO.kz