Әлемдік ортопедия элитасы Астанада: ҰҒТОО күрделі буын алмастыру операцияларының жаңа дәуірін бастады

Елордада өткен медициналық форумның сыртында қандай жабық тақырыптар мен күрделі кейстер талқыланды?

Алаш баласы||2 мин оқу
Әлемдік ортопедия элитасы Астанада: ҰҒТОО күрделі буын алмастыру операцияларының жаңа дәуірін бастады

Қазан айının 30–31 күндері Астанада жамбас және тізе буындарын күрделі эндопротездеуге арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл ауқымды жиынды академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы Қазақстан травматолог-ортопедтері қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияның құрметті қонағы ретінде буын эндопротездеу саласындағы әлемдегі топ-эксперттердің бірі, Перипротездік инфекция мәселелері жөніндегі халықаралық консенсус конференциясының (ICM) негізін қалаушы әрі төрағасы — профессор Джавад Парвизи келді. Ол шетелдік әріптестерімен бірге буын патологияларының күрделі түрлерін және отадан кейінгі асқынуларды емдеу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ жиынға Қазақстан, Түркия және Ресейдің маңдайалды травматолог-ортопедтері қатысты. Олардың арасында Түркия эндопротездеу қауымдастығының президенті, профессор Ибрагим Тунчай, Чебоксар қаласындағы Травматология, ортопедия және эндопротездеу федералды орталығының директоры Николай Николаев және Санкт-Петербургтегі Р.Р. Вреден атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы директорының орынбасары Игорь Шубняков бар.

Биылғы конференцияның басты ерекшелігі — форматтың интерактивтілігінде, яғни барлық талқылау нақты клиникалық жағдайларды (кейс) жіті талдау негізінде өрбіді. Қатысушылар жалықтыратын дәстүрлі баяндамаларды тыңдаудың орнына, халықаралық эксперттермен пікірталасқа белсенді қатысып, түйінді сұрақтар қойды және ең күрделі жағдайларда қандай емдеу тактикасын таңдау керектігін бірлесіп шешті.

Бағдарламаның кульминациясы — тікелей эфирде жасалған Live Surgery (көрсетілімдік ота) болды. ННЦТО ортопедтері профессор Джавад Парвизимен тізе бүгіп, перипротездік инфекция салдарынан туындаған күрделі жағдайда тізе буынын бір сәтте ревизиялық эндопротездеу отасын сәтті орындады. Хирургиялық процестің әрбір қадамы тікелей эфирде көрсетіліп, дәрігерлер таңдалған ем жолы мен ота барысын қатар талқылап отырды. Жиналған мамандар нақты уақыт режимінде сұрақтар қойып, шетелдік ұстаздардан тәлім мен тәжірибелік комментарий алды.

Бұл басқосу отандық травматология мен ортопедия үшін әлемдік деңгейдегі мадицина тарландарымен тікелей тәжірибе алмасатын бірегей алаңға айналды. Мұндай кәсіби қарым-қатынас қазақстандық ортопедия мектебінің әлеуетін арттырып, жаңа хирургтялық әдістерді меңгеруге және елімізде көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасын жаңа сатыға көтеруге қуатты серпін береді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 20 қараша 2026, 10:23

Ұқсас мақалалар

Екі ауыр операцияның орнына — бір ғана ота: Әлемдік хирург пен қазақ дәрігерлері тікелей эфирде бірегей операция жасады

Екі ауыр операцияның орнына — бір ғана ота: Әлемдік хирург пен қазақ дәрігерлері тікелей эфирде бірегей операция жасады

Скальпель, камера және жүздеген маманның назары: Астанада протез маңындағы инфекцияны емдеудің әлемдік стандарты алғаш рет тікелей эфирдегі ота арқылы көрсетілді

|Медицина
Өлімді жеңетін күн туды ма? Қытайлық ғалым адам өмірін ғасырларға ұзартудың жолын айтты

Өлімді жеңетін күн туды ма? Қытайлық ғалым адам өмірін ғасырларға ұзартудың жолын айтты

Адамның басын басқа денеге салу арқылы жүздеген жыл өмір сүруге болатыны ғылыми дәлелденді. Белгілі профессор Сяопин Рэн жұлын мен миды жалғаудың жаңа әдістерін тауып, жаңа технологияның өлімді шегеруге қалай көмектесетінін түсіндірді.

|Медицина
Хирургке бағынған технология: MAKO роботы кімдерге және қалай операция жасайды?

Хирургке бағынған технология: MAKO роботы кімдерге және қалай операция жасайды?

«Ол хирургтің орнына жұмыс істейтін робот емес, дәрігердің қолындағы аса дәл құрал» Тізе мен жамбас артрозымен қиналған науқастарға жаңа өмір сыйлайтын MAKO технологиясының дәстүрлі отадан басты айырмашылығы неде?

|Медицина
ҰҒТОО-ДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

ҰҒТОО-ДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ӨТТІ

Анкара профессорлары елордалық дәрігерлерге микрохирургия мен артроскопияның бұрын-соңды болмаған әдістерін көрсетті. TİKA қолдауымен келген түркиялық делегацияның қазақстандық хирургтар, резиденттер және медицина мейіргерлеріне арналған жабық оқытулары қалай өтті?

|Медицина
Робот-ассистенттер және заманауи эндопротездеу: Астанадағы ортопедтердің халықаралық басқосуы мәресіне жетті

Робот-ассистенттер және заманауи эндопротездеу: Астанадағы ортопедтердің халықаралық басқосуы мәресіне жетті

Батпенов орталығының 25 жылдығына орай өткен ауқымды жиын құпиясы: адамды аяққа тік тұрғызатын жаңа медициналық технологиялар қандай?

|Медицина
Астана тұрғындары АИТВ-ға тегін тексеріле алады

Астана тұрғындары АИТВ-ға тегін тексеріле алады

Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК елорда тұрғындарына АИТВ-ға тегін тексерілуге мүмкіндік бар екенін хабарлады

|Медицина
LiveInternetZERO.kz