Адам күлкісінің құпиясы ашылды: Біздің күлкіміз маймылдардан қалған ба?

Біз неге қарқылдап күлеміз? Жауабы 15 миллион жыл бұрынғы маймылдарда жатыр.

Алаш баласы||1 мин оқу
Адам күлкісінің құпиясы ашылды: Біздің күлкіміз маймылдардан қалған ба?
Сурет: massaget.kz

Халықаралық ғалымдар тобы адамдар мен адам тәрізді маймылдардың күлкісіндегі бірдей ерекшелік шамамен 15 миллион жыл бойы сақталып қалған деген қорытындыға келді. Report агенттігінің хабарлауынша, зерттеу нәтижелері Communications Biology журналында жарияланған.

Зерттеу барысында ғалымдар төрт орангутан, үш бонобо, екі горилла және төрт шимпанзені қытықтап, олардың реакциясын жазып алған. Талдау көрсеткендей, барлық адам тәрізді маймылдардың күлкісінде изохронды ырғақ бар, яғни дыбыс импульстері шамамен бірдей уақыт аралығында қайталанады.

Ғалымдардың айтуынша, адамның күлкісіне де дәл осындай ырғақты құрылым тән. Аталған ерекшелік осыдан 15 миллион жыл бұрын өмір сүрген адамдар мен қазіргі адам тәрізді маймылдардың ең соңғы ортақ арғы атасында пайда болғанын көрсетеді.

Зерттеу авторлары басқа приматтарға қарағанда, адам баласы жағдайға байланысты күлкінің қарқыны мен сипатын (жай жымиып қоя салудан бастап, қарқылдап күлуге немесе тіпті әдейі қолдан күлуге дейін) өзгерте алатынын атап өтті. Ал маймылдарда мұндай икемділік мүлдем жоқ.

Зерттеушілердің пікірінше, күлкіні басқару және өзгерту қабілетінің дамуы адамның сөйлеу қабілетінің пайда болуына түрткі болған эволюциялық кезеңдердің бірі болуы мүмкін. Себебі екі құбылыс та дауыс сигналдарын нәзік басқаруға негізделген.

Сонымен қатар, мамандар неандертальдықтар сияқты жойылып кеткен адам түрлері қазіргі шимпанзелерге қарағанда түрліше күлгенімен, бұл жағынан қазіргі адамдарға жете алмаған деп санайды. Осылайша, ғалымдар адам күлкісінің шығу тегін маймылдардың ортақ арғы атасымен тікелей байланыстырып отыр.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 29 қыркүйек 2026, 23:27

Ұқсас мақалалар

«38. Соңғы нүкте»: 14 орманшының өмірін жалмаған өрт экранда

«38. Соңғы нүкте»: 14 орманшының өмірін жалмаған өрт экранда

3 қыркүйектен бастап қазақстандық көрерменге «38. Соңғы нүкте» көркем фильмі ұсынылады. Астанада картинаның жабық көрсетілімі өтіп, туындыны алғашқылардың бірі болып кино саласының өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, актерлер, түсірілім тобы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тамашалады.

|Табиғат
456 ядролық жарылыс, 1,5 миллион тағдыр: Семей полигонының жазылмаған жарасы

456 ядролық жарылыс, 1,5 миллион тағдыр: Семей полигонының жазылмаған жарасы

2026 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толды. Қырық жыл бойы жүргізілген 456 ядролық сынақ қазақ даласына ғана емес, миллиондаған адамның өміріне өшпес із қалдырды. Архивтік құжаттар мен кинохроника сол қасіретті кезеңнің адам тағдырына қалай әсер еткенін бүгінгі ұрпаққа үнсіз жеткізіп тұр.

|Табиғат
Балқаштың жаңа қожайыны: Үміт жолбарыстың жабайы табиғаттағы алғашқы 10 күні қалай өтті?

Балқаштың жаңа қожайыны: Үміт жолбарыстың жабайы табиғаттағы алғашқы 10 күні қалай өтті?

Мойынбауындағы GPS құрылғысы мен фототұзақтар таңғажайып құбылысты тіркеді: Қазақстан табиғатына оралған Үміт жолбарыстың жаңа ортадағы алғашқы күндері ғалымдар күткеннен де асып түсіп, желі қолданушыларының басты назарын неліктен аударып отыр?

|Табиғат
TikTok-тағы кездейсоқ видео ғалымдарға жер астында тіршілік ететін сирек жыланбалықты табуға көмектесті

TikTok-тағы кездейсоқ видео ғалымдарға жер астында тіршілік ететін сирек жыланбалықты табуға көмектесті

Үндістанның Бихар штатында ғалымдар Үнді-Ганг жазығының жер асты суларында тіршілік ететін Gangaichthys indonepalicus атты жаңа балық түрі мен жаңа туысын анықтады. Бұл — Ганг алабынан тіркелген алғашқы жерасты балығы.

|Табиғат
OnlyFans-тағы OnlyMarms: Грантсыз қалған зерттеушілердің тосын қадамы

OnlyFans-тағы OnlyMarms: Грантсыз қалған зерттеушілердің тосын қадамы

OnlyFans-та тек 18+ контент жарияланады деп ойласаңыз, қателесесіз! Ақшасы таусылып, далада қалған ғалымдар бұл желіге кімді шығарып жатыр?

|Табиғат
«Миллион көп ақша емес»: тундра баласының бір сөзі бүтін дәуірдің шындығын ашты

«Миллион көп ақша емес»: тундра баласының бір сөзі бүтін дәуірдің шындығын ашты

Тундраға сырттай қараған адам ең алдымен суықты көреді. Қырық градус аяз, қардан алынған су, ағаш сырық пен бұғы терісінен тігілген чум, байланысы әлсіз, жолы алыс, өмірі ауыр кеңістік. Қала адамы үшін бұл — өркениеттен шет қалған мекен сияқты көрінуі мүмкін.

|Табиғат
LiveInternetZERO.kz