Жас физиктер Колумбияда әлемді мойындатты: Тарихтағы алғашқы 100% алтын

Көз тимесін! Қазақстандық бес оқушы әлемнің ең қиын физика олимпиадасын бағындырып, ел тарихындағы ең үлкен сенсацияны жасады! (Жеңімпаздар тізімі)

Алаш баласы||2 мин оқу
Жас физиктер Колумбияда әлемді мойындатты: Тарихтағы алғашқы 100% алтын
Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрілігінің телеграм арнасы

Қазақстан ұлттық құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім додасында бұрын-соңды болмаған сенгісіз рекорд орнатты - деп жатыр, ҚР Оқу-ағарту министрлігі

4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) еліміздің намысын қорғаған 5 оқушының бесеуі де алтын медальмен оралды.

Биылғы зияткерлік майданға әлемнің 85 елінен ең мықты деген 381 дарынды оқушы жиналды. Қатысушылар аса күрделі теориялық және эксперименттік есептерді шешіп, ми қайнатарлық тапсырмалармен алысты. Біздің жас физиктер барлық сынақтан сүрінбей өтіп, Қазақстанның олимпиада тарихындағы ең жоғары, абсолютті нәтижеге қол жеткізді.

Әлемді бағындырған данышпандар:

  • Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

  • Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы ХББ NIS-тің 12-сынып оқушысы;

  • Илияс Қазымбек – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы;

  • Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

  • Дамир Құрман – Астана қаласындағы ХББ NIS-тің 11-сынып оқушысы.

Бұлар кездейсоқ емес, 3 жыл бойы тоқтаусыз төгілген тер мен қажырлы еңбектің жемісі. Ұлттық құраманы тарихи жеңіске ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, PhD докторы Гүлия Нұрбақова бастаған мықты мамандар дайындады. Ал Колумбиядағы додада SDU аға оқытушысы Самат Мақсұтов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев балаларға тірек болып, процесті мінсіз үйлестірді.

1967 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл олимпиадаға Қазақстан 1997 жылдан бері қатысады. Былтыр ғана біздің құрама 2 күміс, 3 қола алған болса, биылғы секіріс – нағыз феномен!

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:37

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz