YouTube-тің ауқымды жаңаруы: Бір Wi-Fi желісіне қосылу міндеті енді жоқ

Енді бір Wi-Fi қажет емес! YouTube-ті теледидардан көрудің ережесі толық өзгерді

Алаш баласы||1 мин оқу
YouTube-тің ауқымды жаңаруы: Бір Wi-Fi желісіне қосылу міндеті енді жоқ
Сурет: ЖИ

Қазіргі кезде YouTube-ті қарау үшін міндетті түрде компьютердің алдында отыру шарт емес. Смартфондағы қосымшадан бөлек, бұл платформа смарт-теледидарлардың да ажырамас бөлігіне айналды.

Бейнероликтерді тікелей теледидардан немесе телефон арқылы трансляциялап көру қазір өте танымал. Алайда осы уақытқа дейін телефоннан теледидарға қосылу біраз қолайсыздық тудыратын. Пайдаланушылар жиі қатып қалу мәселесіне шағымданса, кейде телефондағы қосымшаны байқаусызда жауып қалғанда теледидардағы видео да тоқтап қалатын.

Енді YouTube үдерісті әлдеқайда жеңілдететін жаңа функцияларды іске қосты. Ең басты жаңалық — бұдан былай теледидар мен телефон бір Wi-Fi желісіне қосылуы міндетті емес. 9to5Google басылымы атап өткендей, 1 қыркүйекте YouTube-тің қолдау форумында бұл өзгерістер ресми түрде расталды.

Желіге тәуелділік жойылғандықтан, теледидар мен телефонда бір аккаунт ашық тұрса болғаны, жүйе мінсіз жұмыс істейді. Оған қоса, енді теледидардан видео көріп отырып, телефоннан YouTube-ті еркін ақтара аласыз, яғни үлкен экрандағы трансляцияны үзбейді. Тіпті, бір уақытта екі түрлі видео көруге де мүмкіндік бар. Одан бөлек, бұрынғы батырманың орнына енді жаңартылған «Басқа құрылғыда ойнату» опциясы пайда болды.

YouTube командасы мұны «ауқымды жаңару» деп атады. Өйткені енді телефон арқылы жазылған пікірлер мен басылған лүпілдер бірден теледидар экранында көрінеді.

Айта кетейік, платформадағы жалғыз өзгеріс емес. Тамыз айының соңында ұзақ видеолардың қаралым санау жүйесі де жаңарды. Енді қаралым есептелуі үшін видеоны бастан-аяқ толық көру міндетті емес.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 2 қазан 2026, 17:51

Ұқсас мақалалар

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Көліктің нөмірін жасырсаңыз да, бетперде кисеңіз де бәрібір құтылмайсыз! Алматы облысында 9 мыңнан астам камераны бір орталыққа бағындырған «Sergek» жүйесі енді адам ойына келмейтін әдістермен жұмыс істей бастады.

|Технология
Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Кессеңіз де, фильтр қоссаңыз да өшпейді: Жасанды интеллект жасаған видеоларды әшкерелейтін көзге көрінбейтін таңба қалай жұмыс істейді?

|Технология
Өзбекстандық жас кәсіпкер АҚШ нарығына арналған жобасына 380 мың доллар тартты

Өзбекстандық жас кәсіпкер АҚШ нарығына арналған жобасына 380 мың доллар тартты

Алғашқы табысқа жетуге небәрі 10 күн қажет болды: SAT емтиханына дайындықты жеңілдеткен 19 жастағы жастың қарапайым идеясы қалайша АҚШ нарығындағы табысты жобаға айналды?

|Технология
Трамп қазақстандық IT-мамандардың грин-карта алу мүмкіндігін кесті

Трамп қазақстандық IT-мамандардың грин-карта алу мүмкіндігін кесті

Студенттерден бастап IT-сеньорларға дейін қыспақта: АҚШ-тың жетекші университеттері мен алып компанияларындағы дүрбелең қазақстандықтардың жолын қалай кесті?

|Технология
Ғалымдар көзді тоқпен түзетудің революциялық әдісін тапты

Ғалымдар көзді тоқпен түзетудің революциялық әдісін тапты

Бүкіл процесс шамамен бір минутты алады және ешқандай кесуді немесе тін талшықтарын жоюды қажет етпейді. «Бұл әдіс кездейсоқ ашылды. Мен тірі тіндерді икемді материал ретінде зерттеп жүріп, бұл үрдісті байқап қалдым», — дейді хирург Брайан Вонг.

|Технология
Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
LiveInternetZERO.kz