Ғалымдар көзді тоқпен түзетудің революциялық әдісін тапты

Бүкіл процесс шамамен бір минутты алады және ешқандай кесуді немесе тін талшықтарын жоюды қажет етпейді. «Бұл әдіс кездейсоқ ашылды. Мен тірі тіндерді икемді материал ретінде зерттеп жүріп, бұл үрдісті байқап қалдым», — дейді хирург Брайан Вонг.

Алаш баласы||2 мин оқу
Ғалымдар көзді тоқпен түзетудің революциялық әдісін тапты
Сурет: ЖИ

Лазерсіз, скальпельсіз және ешқандай ауырсынусыз көру қабілетін бір-ақ минут ішінде түзетуге болатынын елестетіп көрші. Ғалымдар әлсіз электр тогы мен уақытша қышқылдық (pH) ауытқымасы арқылы көздің мүйізгек қабығының пішінін өзгертетін мүлде жаңа әдісті ойлап тапты. Алғашқы сынақтар дәстүрлі отасыз-ақ жақыннан көрмеушілік ақауын қалпына келтіруге болатынын көрсетті. Бұл — осы салада LASIK пайда болғаннан бергі ең үлкен революциялық жаңалық болуы мүмкін.

Электромеханикалық пішінін өзгерту (electromechanical reshaping — EMR) деп аталатын технологияны Occidental колледжі мен Калифорния университетінің (Ирвайн) зерттеушілері Америка химиялық қоғамының күзгі отырысында таныстырды.

Көзілдірік пен линзадан құтылғысы келетіндер үшін басты шешім көбіне LASIK отасы болып келгені белгілі. Өз кезегінде ол лазер көмегімен көздің жұқа қабатын кесіп, пішінін түзетеді. Нәтижесі жақсы болғанымен, бұл өте қымбат әрі көздің табиғи құрылымын зақымдайтын ота. «LASIK — бұл жай ғана дәстүрлі хирургияның заманауи түрі. Мұнда да тін кесіледі, тек скальпельдің орнына лазер қолданылады», — дейді зерттеу жетекшісі, профессор Майкл Хилл.

Ғалымдар тобы тінді кесіп тастамай, көздің ішкі құрамымен жұмыс істеуді ұсынды. Негізінен коллагеннен тұратын мүйізгек қабық зарядталған молекулалар мен ақуыздардың арқасында өз пішінін сақтайды. Ал арнайы платина «байланыс линзасы» арқылы әлсіз тоқ өткізгенде, тіннің қышқылдығы өзгереді:

  • Тоқ берілген сәтте тін икемді материалға айналып, арнайы формаға түседі.

  • Тоқ өшіп, қышқылдық қалыпты жағдайға оралғанда, қабық қайтадан қатайып, жаңа пішінді мықты бекітеді.

Бүкіл процесс шамамен бір минутты алады және ешқандай кесуді қажет етпейді. «Бұл әдіс кездейсоқ ашылды. Мен тірі тіндерді икемді материал ретінде зерттеп жүріп, бұл үрдісті байқап қалдым», — дейді хирург Брайан Вонг.

Сынақ барысында ғалымдар бұл әдісті 12 қоянның көзіне қолданып, оның 10-ының пішінін сәтті өзгерткен. Ешқандай тілік, лазер немесе жарақат тіркелген жоқ. Әрине, бұл әдіс әлі де бастапқы сатыда және алда жануарлар мен адамдарға жасалатын клиникалық зерттеулер күтіп тұр. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, егер жоба сәтті аяқталса, бұл технология әлдеқайда арзан, қауіпсіз және тіпті қайтымды болады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 11 қазан 2026, 18:44

Ұқсас мақалалар

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Кремний алқабы мен Вашингтон: Жасанды интеллект тізгіні кімнің қолына өтеді?

Дональд Трамп жариялаған «Суперинтеллект күштері» жобасы — Вашингтонның жаһандық цифрлық үстемдігін сақтауға бағытталған жаңа доктринасы.

|Технология
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

|Технология
Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Үш стартап Draper Founders Challenge қорытындысы бойынша Кремний алқабына жолдама алды

Жеңімпаз атанған әр команданың бір өкілі Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы Draper University кампусында тұрады.

|Технология
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
LiveInternetZERO.kz