Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

Алаш баласы||2 мин оқу
Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Астанада дүркіреп өткен AI & Digital Bridge 2026 форумында IT-мамандардың арасындағы нағыз тартыс — AlgoBatyr 2026 чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл кәдімгі бағдарламашылардың жарысы емес: мұнда қатысушылар кодты қолмен жазып отырмайды, қайта жасанды интеллектке дұрыс бұйрық (промпт) беріп, оның «тілін табудан» жарысты.

Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы мен Astana Hub ұйымдастырған бұл дода мамандардың нейрожелілермен (LLM) жұмыс істеу шеберлігін сынады. Ереже қатал. Шектеулі токен, нақты сұрау. Кім нейрожеліге аз сұрау жіберіп, дәл әрі дұрыс жауап алса — сол жеңімпаз. Мұндай тәсіл әрбір сөзді орнымен қолданып, машинаға нақты нұсқау беруді талап етеді.

Жарыс нағыз жекпе-жек форматында, Double Elimination жүйесімен өтті. Яғни, бір рет сүрінген қатысушыға қатесін түзеуге екінші мүмкіндік берілді, ал екінші рет жеңілген адам ойыннан біржола шығады.

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кімдер?

  • Бірінші орын (500 000 теңге) — Расул Айсаев, Maqsut Nariqbayev University.

  • Екінші орын (300 000 теңге) — Әлішер Бейсембеков, «Damqor» ЖШС.

  • Үшінші орын (200 000 теңге) — Нұрбақыт Сембай, Magnum E-Commerce.

Жеке жүлделерден бөлек, қатысушылар жиынтық нәтижесі ең жоғары командаға табысталатын AlgoBatyr Cup корпоративтік кубогы үшін бақ сынаған болатын. Бұл кубокты Maqsut Nariqbayev University командасы қанжығасына байлады.

«Жасанды интеллект — қазіргінің басты технологиялық тренді болғанымен, адамның іргелі білімі мен алгоритмдік ойлау қабілеті бәрібір басты тірек болып қала береді», — дейді Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының бас хатшысы Данабек Қалиаждаров. Оның айтуынша, маман есепті өзі түсініп, AI ұсынған шешімді тексере білуі қажет. Ал AlgoBatyr жасанды интеллекттің адамды алмастырмайтынын, керісінше оның жұмысын жеделдететін мықты құрал екенін дәлелдеп берді.

Бұл чемпионат компаниялар үшін де үлкен сабақ. Қызметкерлер нейрожеліні күнделікті жұмыста қаншалықты тиімді қолдана алады? Ресурсты қалай үнемдейді? Жарыс заманауи IT-маманға ең алдымен машинаға дұрыс бағыт сілтеп, алынған нәтижені сыни тұрғыдан бағалай білу қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 3 қазан 2026, 16:21

Ұқсас мақалалар

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
AI & Digital Bridge Awards 2026: Қазақстанның технологиялық болашағын жасайтын үздіктер анықталды

AI & Digital Bridge Awards 2026: Қазақстанның технологиялық болашағын жасайтын үздіктер анықталды

Биылғы AI & Digital Bridge Awards 2026 байқауына қатысушыларды алдымен нейрожелілер іріктеп, үздік бестікті жасақтаған. Ал жеңімпаздарды қазылар алқасы онлайн-дауыс беру арқылы таңдады.

|Технология
AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы: Алатау қаласының жаңа статусы, студенттерге арналған мүмкіндік пен жаһандық серіктестік

AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы: Алатау қаласының жаңа статусы, студенттерге арналған мүмкіндік пен жаһандық серіктестік

Жасанды интеллекттен ислам қаржысына дейін: Халықаралық инвесторлар мен алпауыт компаниялар Қазақстанда қандай жобаларды қолға алмақ?

|Технология
Astana Hub пен MOST Holding Орталық Еуразияның инвестициялық экожүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды

Astana Hub пен MOST Holding Орталық Еуразияның инвестициялық экожүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумында Astana Hub пен MOST Holding халықаралық Central Eurasian Capital Bridge бағдарламасын бірлесе жүзеге асыру және дамыту туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

|Технология
Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды  

Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды  

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті ұйымдастырған «ЖИ дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылым» атты панельдік сессия өтті.

|Технология
LiveInternetZERO.kz