Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты

Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады.

Алаш баласы||2 мин оқу
Кеңесші емес, нағыз жұмысшы: Компьютерді өздігінен басқаратын Violoop гаджеті шықты
Сурет: violoop.ai

Күн сайын бірнеше бағдарламаны қатар ашып, сандарды жүйелеп, бітпейтін электронды хаттарға жауап жазудан мезі болдыңыз ба? Гонконгтық Bvio Tech компаниясы бұл мәселенің шешімін тапқандай. Олар жақында Kickstarter алаңында Violoop атты жаңа құрылғыны көпшілікке таныстырды. Өндірушілер ақылды көмекші ғана емес, нағыз «қосылатын жасанды интеллект» деп атап отыр.

Сырттай қарасаңыз, гаджет баяғының кішкентай ретро-мониторына ұқсайды әрі компьютерге HDMI және USB-C сымдары арқылы жалғанады. Басты артықшылығы - жеке қуат көзі бар, яғни ноутбуктың қуатын сорып, жұмысын ауырлатпайды. Ал оның шағын экранынан жасанды интеллектің дәл сол сәтте не істеп жатқанын көріп отыруға болады. Құрылғы Windows, macOS және Linux жүйелерімен еш кедергісіз жұмыс істей береді.

Біз негізі ChatGPT сияқты нейрожелілерге сұрақ қойып, нұсқаулық алуға әбден үйреніп қалдық. Бірақ олар қанша ақылды болса да, негізгі шаруаны бәрібір өзіміз істейміз ғой. Ал Violoop-тың жөні мүлде бөлек. Оған нақты тапсырма берсеңіз болды, қалғанын өзі тындырады. Үнемі қосулы тұрады әрі қалай жұмыс істейтініңізді сырттай бақылап отырады. Хат жазу мәнеріңізді, құжат толтыру ретін жаттап алады. Тіпті кейде оған артық сөздің де қажеті жоқ, жұмыстың мән-жайын өзі-ақ түсініп тұрады. Қысқасы үлкен компьютерді сырттан басқаратын, қайталана беретін іш пыстырарлық жұмыстарды мойнына алатын дербес «ми».

Әрине, техника болған соң қателесуі мүмкін екені заңдылық. Осыны ескерген әзірлеушілер гаджетке арнайы растау түймесін орнатқан. Сіз түймені басып, рұқсат бермейінше, ол ешқандай істі өз бетімен бастамайды. Бақылауды әрдайым өз қолыңызда ұстауға мүмкіндік береді. Ал жеке деректердің қауіпсіздігіне келсек, жасаушылар экрандағы ақпарат пен файлдар бұлттық қоймаға кетпейтініне сендіріп отыр. Барлық дерек құрылғының өз ішінде өңделеді. Тек өте ауқымды нейрожелілерді қолданған кезде ғана мәтіннің қысқаша мазмұны желіге жіберілуі мүмкін.

Көмекшінің тағы бір ұтымды тұсы - қолдану үшін ай сайын ақша төлеп, ешқандай сервиске жазылудың қажеті жоқ. Құрылғының 128 гигабайттық тұрақты жады бар, сол толықтай жетіп жатыр. Қазір Kickstarter платформасында алғашқы тапсырыс берушілер үшін оның бағасы 399 доллар болып тұр. Кейін жаппай сатылымға шыққанда құны 699 долларға дейін өспек. Егер краудфандинг науқаны жоспардағыдай сәтті өтсе, алғашқы лек биыл қараша айында иелерінің қолына тиеді.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 3 қазан 2026, 15:57

Ұқсас мақалалар

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Код жазудың жаңа дәуірі: Жасанды интеллекттің «тілін тапқан» мамандар жарты миллион теңге ұтып алды

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған додада корпоративтік және жеке есеп қатар жүрді. Сонымен, жасанды интеллекттің құлағында ойнаған нағыз «алгобатырлар» кім болды?

|Технология
NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

NVIDIA, Kraken және 25 мың қонақ: AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні қалай өтті?

Форумның екінші күні жасанды интеллект экономикасы, технология мен капитал үшін жаһандық бәсекелестіктен бастап, мемлекетті цифрлық трансформациялау мен адами капиталды дамытуға дейінгі ең өзекті тақырыптарды қамтыды.

|Технология
AI & Digital Bridge Awards 2026: Қазақстанның технологиялық болашағын жасайтын үздіктер анықталды

AI & Digital Bridge Awards 2026: Қазақстанның технологиялық болашағын жасайтын үздіктер анықталды

Биылғы AI & Digital Bridge Awards 2026 байқауына қатысушыларды алдымен нейрожелілер іріктеп, үздік бестікті жасақтаған. Ал жеңімпаздарды қазылар алқасы онлайн-дауыс беру арқылы таңдады.

|Технология
AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы: Алатау қаласының жаңа статусы, студенттерге арналған мүмкіндік пен жаһандық серіктестік

AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы: Алатау қаласының жаңа статусы, студенттерге арналған мүмкіндік пен жаһандық серіктестік

Жасанды интеллекттен ислам қаржысына дейін: Халықаралық инвесторлар мен алпауыт компаниялар Қазақстанда қандай жобаларды қолға алмақ?

|Технология
Astana Hub пен MOST Holding Орталық Еуразияның инвестициялық экожүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды

Astana Hub пен MOST Holding Орталық Еуразияның инвестициялық экожүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумында Astana Hub пен MOST Holding халықаралық Central Eurasian Capital Bridge бағдарламасын бірлесе жүзеге асыру және дамыту туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

|Технология
Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды  

Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды  

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті ұйымдастырған «ЖИ дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылым» атты панельдік сессия өтті.

|Технология
LiveInternetZERO.kz