Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды

Биыл жалпы көлемі 100 мың долларды құрайтын жүлде қорына Орталық Еуразия елдерінен 50 стартап таласты. Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды.

Алаш баласы||3 мин оқу
Astana Hub Battle жеңімпаздары анықталды
Сурет: astanahub.com

Астанада өткен AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумында Astana Hub Battle 2026 байқауының финалы өтті - деп хабарлады astanahub.com.

«Astana Hub Battle – форумның жұрт ең асыға күтетін шараларының бірі. Ол жыл сайын түрлі елдерден технологиялық кәсіпкерлердің басын қосады. 2026 жылы байқауға қатысу үшін АҚШ, БАӘ, Түркия, Швейцария, Малайзия және өзге де елдерден 292 өтінім түсті. Бүгінде стартаптардың жасанды интеллект, медицина, білім беру, финтех және басқа да бағыттарда бәсекеге қабілетті шешімдер жасап жатқанын көріп отырмыз. Мұндай жобалар білім экономикасын қалыптастырады, жаңа жұмыс орындарын ашады және инновациялық идеяларды сұранысқа ие өнімге айналдыруға көмектеседі», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.

Astana Hub Battle 2026 байқауының жалпы жүлде қоры 100 мың долларды құрады. Бұдан бөлек, байқау серіктестері қатысушыларға қосымша технологиялық ресурстар ұсынды. Атап айтқанда, Kazakhtelecom компаниясы 25 мың доллар көлеміндегі GPU-ресурстарын, ал Yandex Kazakhstan жобаларды одан әрі дамытып, ауқымын кеңейту үшін 10 млн теңгелік бұлттық ресурстарды табыстады.

Финалдық кезеңнің қазылар алқасы құрамына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Higgsfield AI бас директоры Алекс Машрабов, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин, SpaceX инвесторы әрі Sofreh Capital негізін қалаушы Шервин Пишевар және MA7 Ventures венчурлық экожүйесінің негізін қалаушы Мұрат Абдрахманов кірді.

Байқаудың жартылай финалына 50 жоба өтіп, соның ішінен 14 жоба финалға іріктеліп алынды. Олар: CYBERPACK.AI, Aman, MYupgrade, Hi Doctor, Astana Dynamics, BEST Vision, Spacelab, Welcome Video AI, NCSpeech, Pulsar AI, AuaSense, M3TRIQ, Behype және Resti.

Astana Hub Battle 2026 байқауының қорытындысы бойынша төрт стартап жеңімпаз атанып, олардың әрқайсысына 25 мың доллардан сыйақы табысталды. Атап айтқанда, CYBERPACK.AI — «Impact Maker», NCSpeech — «Market Shaper», Astana Dynamics — «Growth Engine», ал Aman жобасы «Investor’s Choice» номинациясында жеңіске жетті.

Бұдан бөлек, Aman жобасы MA7 Ventures тарапынан 200 мың доллар көлемінде қосымша грантқа ие болды. Сонымен қатар, байқау серіктестері жекелеген командаларға технологиялық ресурстар ұсынды: Pulsar AI стартапы Yandex Kazakhstan компаниясынан 10 млн теңгенің бұлттық ресурстарын алса, M3TRIQ командасына Kazakhtelecom тарапынан 25 мың долларлық GPU-ресурстары табысталды.

«Командамыз үшін бұл жеңіс — шынымен де маңызды мәселені шешетін өнім жасап шығарғанымыздың айқын дәлелі. Astana Hub Battle алаңы жобамызды қалың көпшілікке таныстыруға, сарапшылардан кері байланыс алуға және оны одан әрі дамытудың жаңа мүмкіндіктерін байқауға жол ашты. Алдағы мақсатымыз — өнімнің ауқымын кеңейтіп, оны қолдану аясын арттыру», — деп атап өтті Impact Maker номинациясының жеңімпазы — CYBERPACK.AI негізін қалаушы Сабыржан Мұстафин.

«Astana Hub Battle байқауына қатысу өнімімізге жаңа қырынан қарауға, сарапшылармен және әлеуетті серіктестермен пікір алмасуға, сондай-ақ жобаны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін тереңірек ұғынуға жол ашты. Бұл жеңіс бізді бұрынғыдан да жылдам әрекет етіп, технологиямызды жетілдіруге және нарыққа жаңа шешімдер ұсынуға жігерлендіреді», — деп атап өтті Market Shaper номинациясының жеңімпазы — NCSpeech негізін қалаушы Дмитрий Санджиев.

«Біз үшін бұл жеңіс — жобаны дамытудағы маңызды белес. Қазір біз өсуге, жаңа клиенттер тартуға және жаңа нарықтарға шығуға басты назар аударып отырмыз. Astana Hub Battle алаңында алған мүмкіндіктер мен орнатқан байланыстар осы процесті жеделдетіп, компания ауқымын кеңейту жолында келесі қадамды жасауға көмектеседі», — деп атап өтті Growth Engine номинациясының жеңімпазы — Astana Dynamics негізін қалаушы Қанат Тәжіхан.

«Astana Hub Battle байқауы жобамызды инвесторларға таныстыруға, кәсіби тұрғыда кері байланыс алуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Стартап үшін өнімнің әлеуетіне сенетін және оны командамен бірге одан әрі дамытуға дайын серіктестер табу өте маңызды. Біз осы берілген мүмкіндіктерді жобаның одан әрі өсуіне және халықаралық нарықтарға шығуына пайдалануды көздеп отырмыз», — деп атап өтті Investor’s Choice номинациясының жеңімпазы — Aman стартапының негізін қалаушы Аружан Меде.

Astana Hub Battle байқауы MVP немесе PMF сатысындағы дайын өнімі бар стартаптарға бағытталған. 2026 жылы конкурсқа 14 елден, соның ішінде АҚШ, БАӘ, Түркия, Швейцария, Малайзия және өзге де мемлекеттерден барлығы 292 өтінім келіп түсті.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 13 қараша 2026, 20:47

Ұқсас мақалалар

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Сайлау алдындағы дипфейк толқыны: TikTok жаңа құрал іске қосты

Бүгінде экраннан көргеннің бәріне сене беруге болмайды. TikTok саясаткерлер мен мемлекеттік органдарға өз бет-бейнесін рұқсатсыз пайдаланған жасанды интеллект контентін тауып, оған шағым түсіруге мүмкіндік беретін құрал ұсынды.

|Технология
Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Чатқа көшкен жұрт: ChatGPT іздеу жүйесінде алып Google-ді қалай ығыстырып жатыр?

Он жыл бойы Бингтің қолынан келмегенді жасанды интеллект санаулы күнде жасады: Енді біз ақпаратты мүлдем басқаша іздейтін боламыз, себебі...

|Технология
Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Ақшасыз және жұмыссыз дәуір: Илон Маск адамзаттың жаңа болашағын қалай елестетеді?

Он миллиард доллары бар адам бір миллиарды бар адамнан он есе көп тамақ іше алмайды: Илон Маск болашақта байлық пен ақшаның мүлде құнсызданатынын және адамзаттың роботтардан жақсы істей алатын бірде-бір кәсібі қалмайтынын болжады.

|Технология
Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіздің интернетіңіз қалай жұмыс істейді?

Сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырған сәтте, деректеріңіздің бір бөлігі мұхит түбімен, қараңғы әрі суық тереңдікте, жарық жылдамдығымен жүгіріп жатқан болуы мүмкін.

|Технология
Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Төбелес, кептеліс, іздеудегі көлік: Sergek-тің жаңа жүйесі полицияға ақпаратты санаулы секундта жеткізеді

Көліктің нөмірін жасырсаңыз да, бетперде кисеңіз де бәрібір құтылмайсыз! Алматы облысында 9 мыңнан астам камераны бір орталыққа бағындырған «Sergek» жүйесі енді адам ойына келмейтін әдістермен жұмыс істей бастады.

|Технология
Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Google фейктерді анықтайтын жаңа құралын таныстырды

Кессеңіз де, фильтр қоссаңыз да өшпейді: Жасанды интеллект жасаған видеоларды әшкерелейтін көзге көрінбейтін таңба қалай жұмыс істейді?

|Технология
LiveInternetZERO.kz