Ұлыбритания жасөспірімдерді әлеуметтік желіден қалай аластатпақ?

Ұлыбритания премьер-министрі 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді қолдануға қатаң тыйым салмақ.

Алаш баласы||2 мин оқу
Ұлыбритания жасөспірімдерді әлеуметтік желіден қалай аластатпақ?
Сурет: ng.kz

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге TikTok, Instagram және X сияқты әлеуметтік желілерді қолдануға қатаң тыйым салмақ. Бұл бастама тіпті «Аустралия плюс» деген дардай атауға ие болды. Яғни, жай ғана шектеу емес, нағыз виртуалды қамау. Желіге кірмейтін ойын қосымшаларының өзі бұл «тазартудан» аман қалмайды: енді балақайларға бейтаныс адамдармен чатта сөйлесу функциясы бұғатталады.

Тіпті 18-ге толмағандардың өзіне түн ортасында телефон шұқып, тас қараңғыда шексіз лента айналдыруға тыйым салынбақ. Ең қызығы, кәмелетке толмағандарға енді виртуалды түрде «махаббат» іздеуге де болмайды – романтикалық немесе интимді сипаттағы жасанды интеллект чат-боттарына да бұғат қойылады. Шенеуніктер бұл тұста «ешқандай жартылай шаралар болмайды» деп кесіп айтып отыр.

Естеріңізде болса, 2025 жылдың желтоқсанында Аустралия әлемде бірінші болып 16 жасқа дейінгілерге 10 ірі платформаны бұғаттап тастаған еді. Енді ағылшындар да сол соқпаққа түспек. Стармердің өзі бұл қадамды ата-аналардың сұранысымен түсіндіріп, отбасылардың жағында екенін, ескі жүйеден бас тартып, балаларға «жарқын болашақ» сыйлайтынын алға тартуда. Үкімет сауалнамасына қатысқан ата-аналардың 90 пайызы бұл идеяны қосқолдап қолдапты-мыс. Сондай-ақ, WhatsApp сияқты мессенджерлердегі хаттардың өздігінен өшуі мен геолокация бөлісу функциялары да бұғатталуы мүмкін.

Әрине, бәрі қағаз жүзінде тамаша көрінеді. Бірақ бұған сарапшылар мен технологиялық компаниялардың күмәні басым. Олар мұндай жаппай тыйым балаларды қауіпсіз етпейді, керісінше, ешқандай ата-ана бақылауы жоқ, одан да қауіпті әрі жабайы балама сайттарға итермелейді деп дабыл қағуда. Ал ең басты басқатырғыш – жасты қалай тексермек? Бет-әлпетті сканерлеу ме, әлде банк картасы мен жеке куәлік сұрау ма? Егер платформалар осындай жеке мәліметтерді жаппай жинай бастаса, құпиялылық туралы заңдардың күлі көкке ұшатыны анық.

Ең күлкілісі сол, Аустралиядағы мыңдаған жасөспірім бұл шектеулерді айналып өтудің жолын баяғыда-ақ тауып алған. Ағылшын шенеуніктері қазіргі балалардың VPN дегеннің не екенін білетінін немесе тыйым салынған жемістің әрқашан тәтті болатынын ұмытып кеткендей. Бала қауіпсіздігін алға тартқан үкіметтің бұл шешімі ата-аналарға «бәрі бақылауда» деген жалған сезім сыйлап, іс жүзінде жай ғана орындалмайтын кезекті популистік қадам болып қалуы әбден мүмкін. Толығымен тыйым саламыз деп жүріп, технологиялық алпауыттардың қауіпсіздікті жақсартуға деген құлшынысын мүлдем жойып алмаса болғаны.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 8 шілде 2026, 13:28

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz