«Телефоныңды бере тұршы»: Қазақстанда жұртты тақырға отырғызатын жаңа алаяқтық өршіп тұр

Көзді ашып-жұмғанша миллионсыз қаласыз: Қазақстанда халықты тонаудың жаңа түрі шықты!

Алаш баласы||2 мин оқу
«Телефоныңды бере тұршы»: Қазақстанда жұртты тақырға отырғызатын жаңа алаяқтық өршіп тұр
Сурет: ЖИ

Көшеде алдыңыздан бір бейтаныс шыға келіп: «Кешіріңіз, телефоныңыздан "звондап" алайыншы», – дейді. Немесе саябақта жүргенде: «Мен бастаушы мобилограф едім, портфолиома керек болып тұр, сізді тегін видеоға түсіріп берейінші?» – деп қиылады. Қазақы кеңдікке салып, «мейлің» деп келісе кетсеңіз – қақпанға түстім дей беріңіз. Ұлттық банк халықты тақырға отырғызатын жаңа алаяқтық схемалары туралы шұғыл ескерту жасады.

«Бір звондап алайыншы...» яки бір қоңыраудың құны

Бұл қулық адамның ақкөңілдігі мен көмектесуге деген ниетін өз мүддесіне жаратуға құрылған. Жәбірленуші ештеңеден күдіктенбей құрылғысын ұстата салады. Ал қаскөйге көзді ашып-жұмғанша сіздің шотыңыздағы ақшаны жымқыру немесе телефонға арнайы бағдарлама орнатып үлгеру үшін санаулы секундтар ғана жеткілікті.

Егер смартфон олардың қолына тисе, мынадай бағдарламалардың бірін білдіртпей жазып жіберуі әбден мүмкін:

HopToDesk,

RustDesk,

RuDesktop,

AnyDesk

TeamViewer.

Бұдан соң телефоныңыз толығымен солардың бақылауына өтеді. Келген SMS-кодтарды емін-еркін оқиды, банк қосымшаларына кіреді, тіпті сіздің атыңыздан несие рәсімдеп тастауы да ғажап емес.

«Күлімдеңіз, түсіріп жатырмын!»

Екінші айла тіпті күдік тудырмайды. Өзін «жаңадан бастаған фотографпын» деп таныстырған жап-жас жігіттер мен қыздар сізді тегін суретке түсіргісі келетінін айтады. Кім әдемі әрі тегін суреттен бас тартсын?

Алайда бұл жердегі басты мақсат – сіздің бейнеңізді (биометриялық деректеріңізді) ұрлау. Ұлттық банктің мәліметінше, алаяқтар бұл кадрларды жасанды интеллект арқылы «дипфейк» (сіздің бет-бейнеңізді, дауысыңызды айнытпай салатын жалған бейне) жасауға пайдаланады. Ертең сол видео арқылы туыстарыңыз бен достарыңыздан «аварияға ұшырадым, тез қарызға ақша аудара тұршы» деп сұрап жатса, таңғалмаңыз.

Сан соғып қалмас үшін не істеу керек?

Ұлттық банк мамандары қарапайым сақтық шараларын естен шығармауды сұрайды:

  1. Телефон – жеке мүлік, оны ешкімге ұстатпаңыз. Егер біреуге расымен шұғыл көмек керек болса, нөмірді өзіңіз теріп, дауыс зорайтқышты (спикерді) қосып сөйлестіріңіз. Құрылғыны өз қолыңыздан шығармаңыз.

  2. Құпия сөздерді тісіңізден шығармаңыз. SMS арқылы келген кодтар мен банк картасының мәліметтері тек сізге ғана тиесілі. Оны сұраған адам – нағыз алаяқ.

  3. Ұлттық банк ешкімге хабарласпайды. Есіңізде болсын, бас банк қызметкерлері қарапайым азаматтарға видео немесе аудио қоңырау шалмайды, шоттарға қызмет көрсетпейді. «Ұлттық банктен хабарласып тұрмыз» дегеннің бәрі – барып тұрған өтірік.

Ал егер алаяқтардың құрығына түсіп қалғаныңызды кеш түсінсеңіз, уақыт созбай, дереу полицияға арыз жазыңыз.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 15 қыркүйек 2026, 05:24

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz