Студенттер күннен қуат алатын медициналық көлік ойлап тапты

Тоңазытқышы бар, бензинсіз жүреді: 1 миллиард адамның мәселесін шешетін автокөлік жақында іске қосылады

Алаш баласы||2 мин оқу
Студенттер күннен қуат алатын медициналық көлік ойлап тапты
Сурет: techcult.ru

Эйндховен технологиялық университетінің студенттері күн сәулесінен қуат алатын әлемдегі алғашқы мобильді медициналық бекет — Stella Juva прототипін таныстырды.

Қазіргі таңда жер бетінде бір миллиардқа жуық адам электр желісі тартылмаған, жолы нашар аймақтарда өмір сүреді. Ондай шалғай елді мекендерге вакцина сақтайтын тоңазытқыш сияқты қарапайым медициналық құрылғыларды жеткізіп, іске қосудың өзі үлкен машақат. Ал күннен қуат алатын жаңа көлік аталған мәселені түбегейлі шешуге қауқарлы. Оның ұтқырлығының арқасында ең шалғай ауылдарға дейін дәрі-дәрмек пен қажетті жабдықтар кедергісіз жетеді.

Stella Juva-ның шассиі мен шанағы көміртек талшықты композиттен жасалған. Осылайша көліктің салмағын кәдімгі үлгілердегідей 3500 емес, небәрі 1350 келіге дейін жеңілдету мүмкін болды. Төбесі мен жиналмалы тіреулерінде күн панельдері орналасқан. Жарықты барынша көп сіңіру мақсатында электр түйіспелерінің бәрі панельдің артқы жағына жасырылған. Құрылғының ішіне мыс сымдар тартылып, күміссіз металл жалатылғандықтан, беріктігі айтарлықтай артты. Яғни, тасжол жоқ аймақтардағы дірілден микрожарықшақтар пайда болмайды әрі элементтердің тозу қаупі азаяды.

Негізгі аккумулятордың сыйымдылығы — 50 кВт⋅сағ. Есептеулерге сүйенсек, көлік толық қуатпен сағатына 120 шақырым жылдамдықпен 715 шақырымға дейін жол жүре алады. Күн көзі көрінбейтін дауыл немесе құмды боран кезінде бір-екі күн аялдап тұруға да толық жарайды. Электр жүйесі қос тізбекті етіп жасалған: қуат деңгейі тым азайып кеткен жағдайда көлік тоқтап, қалған энергия тек қана медициналық құрылғыларға беріледі.

Осы айда Stella Juva өркениеттен жырақ, нағыз дала жағдайында сынақтан өту үшін Кенияға аттанады.

Аударма
Мақаланы басқа тілде оқыңыз
Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 22 қыркүйек 2026, 01:27

Ұқсас мақалалар

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Anthropic интернет пен электр қуатынан да үлкен өзгеріс әкелмек

Миллиардтарды жұтқан жасанды интеллект: Табысының ширегін небәрі екі-ақ клиенттен тауып отырған Anthropic неге OpenAI-дың басты жауына айналды?

|Жалпы
23:58. Астана көрмей қалған екі минут

23:58. Астана көрмей қалған екі минут

Жедел қызметкер бөтен есіммен Бейбітшілік және келісім сарайын жарып жібермек болған топтың ортасында түнеді. Ал бұл істе әлі күнге дейін бірде-бір нақты есім жоқ

|Жалпы
Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Профессор білім монополиясынан айырылды. Ендеше университет не үшін керек?

Жасанды интеллект білім берудің құралын емес, экономикасын өзгертіп жатыр. Күрделі сұрақтың жауабы бірнеше секундта табылатын заманда университет бұрын жауап беруге мәжбүр болмаған сұрақтың алдында тұр: сен адамға не үшін керексің?

|Жалпы
Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бір тал гүлге — бір үй: адамды байытқан да, тақырға отырғызған да сауда

Бірі қызғалдаққа бар дәулетін тікті, енді бірі мұз сатып байыды. Сауда тарихындағы осы оқиғалар бүгінгі бизнестің де осал тұсын ашады: жұрттың қызығушылығын тұрақты сұраныс деп қабылдау неге қауіпті?

|Жалпы
Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Елімізде әлемдік деңгейдегі микрохирургия мектебі ашылды

Қытайлық делегация мен танымал профессорлар не үшін келді? Қазақстандағы жаңа медицина мектебінің ашылуынан шолу мен ерекше мәліметтер

|Жалпы
 Сергек Шудың бойына жетті

Сергек Шудың бойына жетті

«Заң және тәртіп»: Шудағы жаңа «Сергек» жүйесі кімдерді және қай көшелерде қатаң бақылайды? (Толық тізім)

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz