Нидерландта мал соймай-ақ ет өсіретін әлемдегі алғашқы ферма ашылды

Схиплөйдендегі (Schipluiden) сүт фермасы тарихи қадамға барды: мұнда жануарларды соймай-ақ, олардың жасушаларынан биореакторда ет өсіретін әлемдегі тұңғыш пилоттық ферма іске қосылды.

Алаш баласы|2026 ж. 15 маусым|2 мин оқу
Нидерландта мал соймай-ақ ет өсіретін әлемдегі алғашқы ферма ашылды
Сурет: https://nltimes.nl/2026/06/07/schipluiden-opens-worlds-first-farm-growing-meat-cells-without-animal-slaughter

Схиплөйдендегі (Schipluiden) сүт фермасы тарихи қадамға барды: мұнда жануарларды соймай-ақ, олардың жасушаларынан биореакторда ет өсіретін әлемдегі тұңғыш пилоттық ферма іске қосылды. Бұл туралы Оңтүстік Голландия провинциясының өкілдігі мәлімдеді.

Жаңа жүйе толықтай биореакторларға негізделген. Бұл – температурасы, оттегі мен қоректік заттары қатаң бақыланатын арнайы құрылғылар. Оның ішіне жануар тінінің кішкентай ғана үлгісі салынып, сол жерде ет жасушалары өсіріледі. Әзірге бұл нысан жаппай саудаға емес, тек технологияны сынақтан өткізуге арналған. Өйткені Еуропалық Одақта жасушадан өсірілген етті коммерциялық мақсатта сатуға әлі ресми рұқсат берілмеген. Оңтүстік Голландия провинциясы бұл жобаға, соның ішінде тәжірибе алмасу мен ақпараттық орталық құруға 500 мың еуро инвестиция құйды. Сондай-ақ, қосымша еуропалық қорларды тарту үшін EIT Food ұйымымен бірлесе жұмыс істеуде.

Бұл инновациялық жоба Корне ван Леувенге тиесілі отбасылық сүт фермасының базасында жүзеге асып жатыр. Қызығы сол, кезінде Корненің әкесі Нидерландта бірінші болып сиыр сауатын робот орнатқан екен. Ал қазіргі фермер дәстүрлі мал шаруашылығынан бас тартпай, жасушалық ет өндірісін қосымша кәсіп ретінде қолға алып отыр. Жобаның тарихи тамыры тереңде жатыр. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-ақ мал соймай ет өндіру идеясын ұсынған нидерландтық ғалым Виллем ван Эленнің еңбектеріне негізделген. Ғалым кезінде бұған патент алғанымен, өндіріс құнының тым жоғары болуына байланысты идеясын тірісінде жүзеге асыра алмады. Бүгінде бұл істі оның қызы Ира ван Элен басқарып, алға апаруда.

Қазір фермада көлемі 20 литрден 200 литрге дейінгі биореакторлар сыналуда. Басты мақсат – ферма ауқымында бұл технологияның қаншалықты тиімді екенін, өзіндік құны мен өнімділігін анықтау. Жоба 2028 жылға қарай толық қуатында жұмыс істейтін пилоттық фермаға айналады деп күтілуде. Сонымен қатар, осы жылы фермада арнайы орталық ашылады. Онда фермерлер, студенттер мен қарапайым келушілер жасушадан ет өсіру процесін өз көзімен көре алады. Бұл орын ғалымдар, саясаткерлер мен тамақ өнеркәсібі өкілдерінің бас қосатын алаңына айналмақ.

Ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығы бойынша провинциялық депутат Аад Страатхоф бастаманың маңызына тоқталып, Схиплөйденде ауыл шаруашылығы мен технологияның бір-бірін толықтыратын осындай жобаларының көп болғанын қалайтынын жеткізді. Оның айтуынша, мұндағы жетістік – фермерлердің, ғалымдардың, бизнес пен үкіметтің бірлескен жұмысының нәтижесі. Ал экономика және инновация бойынша депутат Мейндерт Столк бұл жобаның Нидерландтың ауыл шаруашылығындағы тарихи инновациялық рухын жалғастыратынын атап өтті. Оның пікірінше, кәсіпкерлер, ғылым мен үкімет жаңа идеяларға бірге инвестиция құйғанда ғана нақты даму болады.

Дереккөз

Бөлісу
TelegramWhatsAppFacebook

Пікірлер

Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді қалдырыңыз!

Соңғы жаңартылуы: 08.07.2026

Ұқсас мақалалар

Астаналық оқушының Нью-Йорктегі жеңісі: Әлемнің ең дарынды жастарымен бір қатарда

Астаналық оқушының Нью-Йорктегі жеңісі: Әлемнің ең дарынды жастарымен бір қатарда

Әлемнің дарынды жастарымен бәсекеге түсіп, маусымдық аллергияға қарсы зерттеуін әлемдік ғылыми журналда жариялаған елордалық мектеп оқушысының қазақстандық ғылым үшін жаңа мүмкіндіктер есігін ашқан жарқын қадамы.

|Жалпы
Ит пен мысыққа да «жеке куәлік» керек: 22 тамыздан бастап қандай өзгеріс күшіне енеді?

Ит пен мысыққа да «жеке куәлік» керек: 22 тамыздан бастап қандай өзгеріс күшіне енеді?

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, жиырма екінші тамыздан бастап ит пен мысықты тіркеу үшін оларға микрочип орнату міндетті саналады. Чиптегі бірегей нөмір жануардың негізгі тіркеу құжатына айналады.

|Жалпы
Адам жасушасындай тетік: Жарты шақырымнан темірді сезетін құпия технология

Адам жасушасындай тетік: Жарты шақырымнан темірді сезетін құпия технология

Адамның тері жасушасындай ғана болатын титтей құрылғы алып сүңгуір қайықтардың үрейін ұшырары сөзсіз. Қытай ғалымдары ойлап тапқан жаңа технология жарты шақырым қашықтықтан кез келген темірді сезіп қояды. Әлемдік державаларды елең еткізген ғажайып жаңалықтың сыры неде? Кәдімгі жел тербеген шөптен шабыт алған физиктер қандай құпияны ашты?

|Жалпы
Студенттер күннен қуат алатын медициналық көлік ойлап тапты

Студенттер күннен қуат алатын медициналық көлік ойлап тапты

Тоңазытқышы бар, бензинсіз жүреді: 1 миллиард адамның мәселесін шешетін автокөлік жақында іске қосылады

|Жалпы
Жасанды интеллект жазған әндер плейлисттен алынады

Жасанды интеллект жазған әндер плейлисттен алынады

Spotify нейрожелі жасаған «артистерді» бұғаттап, арнайы таңба қоя бастайды

|Жалпы
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысын ресми түрде жариялады. Биыл 127 мың талапкердің ішінен 75 мыңнан астамы еліміздің үздік жоғары оқу орындарында тегін білім алу бақытына ие болды.

|Жалпы
LiveInternetZERO.kz